Кит тәрізділер отряды. Ішкі және сыртқы құрылысы




Презентация қосу
КИТ ТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ.
НЕГІЗГІ ӨКІЛДЕРІ.
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
ҚҰРЫЛЫСЫ.
Мұртты (тіссіз) киттер (лат. Mysticeti) —кит 
тәрізділер отрядының айрықша бір отряд 
тармағы. Тісі болмайды, тұмсығының үстіңгі 
жағында ұзындығы 50-ден 450 сантиметрге 
дейін, саны 360-тан 800-ге дейін болатын «кит 
мұрты» деп аталатын мүйізденіп кеткен 
тақташықтары болады; тіссіз киттің ең 
ірілерінің ұзындығы—33 м, салмағы—160 
тоннаға дейін барады. Еті мен майы жеуге, тоң 
майы техникада қолдануға жарайды. Мұның 
15 түрі бар, олар: гренланд киті, оңтүстік 
кит, ергежейлі кит, сұр кит, бүкір кит, көк 
кит, финвал, сейвал, кіші жолақ, Брайд киті. 
Бұлардың көпшілігі мұхиттарда тіршілік етеді.
Кит тәрізділердің барлық тіршілігі суда өтеді.
Бір себептен судан шығып қалса, өздігінен
қайтадан суға түсе алмайды. Бұлардың денесі
ұзын, басы үлкен болады. Мойын бөлімін
денесінен айыруға болмайды. Алдыңғы
аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары
мүлде болмайды. Жамбас белдеуінен омыртқа
жотасына бекімеген, бос жататын екі
рудиментті сүйек сақталған. Денесінде түгі
болмайды, тек қана басында бірен-саран түгі
болады. Терісінде тер және май бездері
болмайды. Бір пар сүт безі болады. Емшегінің
ұшы шап маңында болатын қалтта сияқты
қуыска ашылады. Емшегінің ұшының мұндай
қалталардың түбінде болуы, балаларын
емізгенде сүттің сумен араласып кетпеуін
қамтамасыз етеді.
Тері астындағы май қабаты өте жақсы
жетілген, ірі түрлерінде бұл қабатының
қалыңдығы 50 см-ге жетеді. Май денесін
салқындап кетуден сақтайды және меншікті
салмағын кемітеді. Ірі түрлерінід меншікті
салмағы судың меншікті салмағыші жуық,
яғни 1,025%: деуге болады. Өкпесі өте үлкен
болады.. Дельфиндер тыныс алғанда өкпесіне
1-2 литр, ал алып көк киттердің өкпесіне—
14000 литр ауа сияды. Кейбір түрлерінің
танау тесігімен жалғасып жататын ауа қуысы
болады. Суға сүңгігенде осы қуыстағы ауа
тыныс алуына жұмсалады. Көптеген түрлері
су астында 15-45 минут тыныс алмай
шыдайды, Киттердің су астында 1 сағаттан
артық бола алатыны туралы мәліметтер бар.
Киттердің есіту органдары жақсы
жетілген. Киттер кейбір дыбыстарды
10-20 км жерден естиді. Нашар көреді.
Иіс сезу органының рудименті ғана
сақталған.

Тісті киттер
Тісті киттер (лат. Odontoceti) – киттәрізділердің отряд тармағы. 
Тісті киттер барлық мұхиттар мен ашық теңіздерде тараған. Кейбір 
түрлері өзендерді де (Ганг, Амазонка, т.б.) мекендейді. Дене т ұр қы 
1,2 – 21 м, салмағы 30 кг-нан 8 т-ға дейін. Аталы қтары 
аналықтарына қарағанда ірі. Мұртты киттерден ерекшелігі – 
бассүйегі ассиметриялы (астыңғы жағы ми сауытынан қыс қа және 
алдынан қозғалмай бекіген). Жағында 240-қа жуы қ біртекті 
(гомодонтты), бірқырлы (монофиадонтты) тістер орналас қан. Тілі 
өте қозғалмалы, ол қорегін жұтқыншаққа қарай итереді. Таңдайы 
жоқ. Безді қарыны көп камералы, көпшілігінде соқыр ішегі 
болмайды. Танау тесігі біреу, ол төбесіне  қарай ашылады. Танау 
тесігінің айналасында ерекше жұп ауа қапшықтары орналас қан, 
олар кит сүңгігенде тыныс жолын жауып қалады. Тісті киттерді ң 
есту қабілеті өте жоғары. Белгі беру үшін күрделі дыбыстарды 
пайдаланады, яғни эхолакация аппараты жақсы дамыған. Негізгі 
қорегі – балықтар, басаяқты моллюскалар, шаянтәрізділер.  Қорегін 
іздеп 300 м тереңдікке дейін сүңги алады, жақсы ж үзеді.
Орындаған : Берикболова
Диляра

Ұқсас жұмыстар
Кит тәрізділер отряды, негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрлысы
Кит тәрізділер отряды
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі,сыртқы құрылысы
Құстар класы
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрылысы туралы ақпарат
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері
Кальмар еті
Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама
Шеміршекті балықтар
Құрттар бөлімі
Пәндер