Қазақ күй өнері: анықтамасы, тарихи дамуы, стильдері және Құрманғазы мен Тәттімбеттің шығармашылығы


Slide 1

Тақырыбы:

Күй өнері

Slide 2

Күй дегеніміз не?

Күй- музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

Slide 3 Slide 4

Күй тарихы:

Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға қүрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық-лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.

Slide 5 Slide 6

Екі стильді мектеп:

Біріншісі - екпінді қарқынды, музыкалық бейнет жағынан бағдарламалы симфониялық сипатта шығарылатын күйлер (Жантөренің "Шалқымасы", Құрманғазының "Кішкентайы", "Сарыарқасы", Динаның "Бүлбұлы", т. б. ),

Екіншісі - терең филос, ой-сырға толы, шертпе күйлер (Тәттімбеттің "Сарыжайлауы", "Көкейкесті" мен "Сылқылдат", Тоқаның "Қосбасары", Сцгірдің "Тоғыз тарауық т. б. ) . Күйдің идеялық-қөркемдік диапазоны кең.

Slide 7

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) - қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны - Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Slide 8

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 ж., қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туып, 1862 ж. қайтыс боған) - күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет . . .


Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин және қазақ күй өнері: Құрманғазы мен Дина Нұрпеисова
Күй феномені: қазақ домбыра дәстүрі мен тарихи дамуы
Дәстүрлі күйшілік өнер және Құрманғазы шығармашылығы
Құрманғазы Сағырбайұлы: өмірбаяны мен шығармашылығы
Қазақ ұлттық аспаптары мен күй өнері: түрлері, орындау ерекшеліктері және көрнекті күйшілер
Құрманғазы Сағырбайұлы: өмірі, шығармашылығы және мәдени мұрасы
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889): өмірі, шығармашылығы және ұлттық музыкадағы мұрасы
Қазақ философиясының тарихи дамуы мен кезеңдері
Қазақ философиясының тарихи дамуы мен ерекшеліктері
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуы мен тарихи дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz