М.О.Әуезов әңгімелері
Презентация қосу
М.О.Әуезов әңгімелері
«М.Әуезов - шығармалары - ұлттық шеңберден көтеріліп,
әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор
болып қосылған ұлы сурерткер. Сондықтан бүгінгі та ңда
оның шығармашылығы туралы ту ған жекелеген байсалды
еңбектерге қарамастан, оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-
жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің обьектісі
болуы қажет. Қазақ әсемдік ойы тарихында ерекше құбылыс
М. Әуезов туындылары идеалық-көркемдік, образды қ,
жанрлық ретпен де, ізденіс өрістері, қаламгерлік эволюция
тұрғысынан да ақтара қарап, саралауды талап етеді»
Р.Нұрғали
М.О. Әуезовтің алғашқы әңгімелері
«Қорғансызд
ың күні»
«Көксере
к»
«Жетім»
«Барымт
а»
«Қаралы
сұлудан
»
Бұ л шығармалардан
көрінетін ортақтық адамның
адамгершілігі, асқақтығы
және оған қарама-қарсы
керісінше құлдыраушылыққа
ұрынып, қатыгездік әрекеттер
істеуіндегі ортақтық арқылы
туатын трагедиялық
ситуациялар легі де белгілі бір
дәрежеде автордың жалпы ой-
танымының, өміріне деген
көзқарасының бір қырын
көрсетеді.
М.О. Әуезов әңгімелеріндегі ең басты
идеялық ортақтық адам жанының ізгілігі мен
жоғары саналы адамгершілік мәселесінің
көтерілуінде. Бір жазушының әр түрлі
шығармаларындағы осындай ортақтық
авторлық «меннің» рухани ерекшелігінде.
М.О.Әуезовтің дара эстетикалық танымын
көрсететін, өзіндік ой пікірін білдіртетін
кейіпкерлер мен қаһармандар көптеп
кездеседі. Сондай- ақ, бұл бейнелер тек
адам образы емес, аң бейнесінде де келіп
өзіндік бітім-болмысын айқындайды.
«Көксерек» әңгімесіндегі қасқыр көзімен
көрінетін суреттер арқылы автор өзінің
табиғатқа деген көзқарасын, адам мен
табиғат арасындағы қарым-қатынасқа
байланысты эстетикалық ойларын білдіреді.
Көркем әңгімедегі Көксерек өз оқырманының алдында
дара бітім- болмысымен,өзіндік ерекше сипатымен
қалыптасқан бейне, қаһарман. Себебі, автор әңгімедегі
негізгі кейіпкер ретінде оқиғаның барлығын Көксерек
маңайына жинайды.Сондықтан әңгімедегі бас кейіпкер
Көксерек түз тағысы болса да, өзіндік ерекше психологиясы
бар кейіпкер ретінде есте қалады. Мысалы, «Бірақ Көксерек
әлі күне ешбір уақытта «қаңқ» етіп, ауырсынған дыбысын
шығарған емес.Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп,
үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса,
дыбыссыз ғана езуін ыржитады» «езуін ыржитады» деген
шағын деталь-бейне арқылы автор болашақ көкжалдың
қайсарлығы мен жүрегінің қайратын танытады. Оның
мінезіндегі қасқырға тән озбырлық пен шыдамдылық,
ашқарақтық, қатыгездік сипаттардың ашылуы адамдар
әрекетімен байланыста алынған.
«Көксерек»
әңгімесінің қазақ
әдебиетіндегі
жауһар туындыға
айналуының өзі
осынау идеялық –
эстетикалық талғам
мен шеберліктің
астасуынан келіп
шығады.
«Қорғансыздың күні»
әңгімесіндегі Ғазиза
бейнесінің оқырман жүрегімен
мәңгіге орын алуы да жазушы
шеберлігімен астаса өрілген
эстетикалық қуатында. Ғазиза
бейнесі аса сұлу да, керемет
өжет те емес. Бірақ ол өзінің
қарапайым бейнесімен
ерекшеленеді. «Ол – сыпайы,
нәзік болып өскен Ғазиза:
жіңішке сұңғақ бойлы, аз ғана
секпілі бар, дөңгелек ақсұр
жүзді Ғазиза.
Көрген көзге алғашқы жерден -ақ сүйкімділігін
сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ ұяң, жұмсақ қарайтын
қара көзінде және ылғи шытынған, кірбеңдеген
қабағында қалың уайымның салған ізі бар. Пішіні –
мұңды, жүдеу. Жас басына орнаған қайғы, жүрегін
жеген дерт сыртына шығып тұр», деп автор кейіпкер
портретімен қоса психологиялық жай күйінен хабар
береді. «Уыз жас» «ұяң, жұмсақ қарайтын қара к өз»
деген сөз тіркестері арқылы мінезінің ж ұмса қты ғын,
әрі мінезіндегі жасқаншықты көрсетеді. Авторды ң осы
үзіндісінің өзінен-ақ, өзінің кейіпкеріне деген жүрек
жылылығын байқаймыз.
М.О. Әуезов қаламынан шыққан
әңгімелерде мұндай кейіпкерлер
де өз бітім – болмысымен,
өзіндік дара келбетімен көрінеді.
«Оқыған азаматтағы» Қадиша
мен Жұмағұл және олардың әке-
шешелерінің қара басының
қамы, өз тіршіліктері үшін ғана
жетім кемпір мен жас бала
Жамиланы құрбанға шалып,
мақсаттарына жетуі жиіркенішті
түрде берілген. Олардың бір-
бірімен сөйлесу кезіндегі бет
мимикасының құбылуы,
көздеріндегі арамдықтан
жылтылдаған оттары – барлығы
кейіпкер психологиясынан хабар
берді.
«Қаралы сұлу» әңгімесіндегі негізгі ой
адамзат қоғамындағы әйел тағдырын арқау
етеді. Әңгіменің екі нұсқасының
аяқталуындағы ерекшеліктердің өзі де
өмірде кездесетін адамдық биік асқақтық
пен пенделік – табиғи болмыстың тартысы
негізінде туған. М.О. Әуезов шеберлігі
сонда екі түрлі аяқталған әңгімедегі екі
кейіпкердің де қай жағынан болса да
ақталуға құқығы бар.
М.О. Әуезовтың
шығармашылық
тұлғасының асқақ бітім
- болмысы оның дара
эстетикалық санасымен
және дүние
қайшылықтары мен
өмірдегі тартыс-
қақтығыстарға деген
өзіндік таным деңгейінің
биіктігімен өлшенеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz