Қызба және оның сатылары


Slide 1

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атвындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Орындаған:Мырзабекова Н. Т

Тексерген:Нуркенова М. К

Slide 2

Қызба

Slide 3

Жоспар:

І. Кіріспе:

Қызба

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Қызбаның сатылары

2. 2. Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы

2. 3. Геморрагиялық қызба аурулары

2. 4. Қызба кезінде ағзалар мен жүйелердің өзгерістері

ІІІ. Қорытынды:

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Slide 4

Қызба

Қызба, қалтырау, лихорадка - дененің кейбір ауруларға қарсы қорғаныш реакциясы. Мұндайда температура көтеріледі, ол организмнің қорғаныштық қуатын арттырады. Қызыну жұқпалы және жұқпайтын аурулармен ауырғанда (улану, аллергия, т. б. ) пирогендердің микробтар және олардың улары, жат белоктар, олардың ішінде сыворотка (сарысу) мен вакциналар; кейбір химиялық заттар әрекеттеріне жауап ретінде пайда болады. Қызбаның аса күшеюі әр түрлі органдар мен жүйелер қызметінің бұзылуына әкеліп соғады, жүйке жүйесі (бас ауыру, бас айналу, есеңгіреу), жүрек-қантамыр және тыныс жүйелері қызметі (жүрек соғуы мен тыныс алу жиілейді), зат алмасу бұзылады, кіші дәрет дұрыс жүрмейді.

Slide 5

Қызбаның сатылары

Slide 6

Температураның көтерілу сатысы. Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (крупнозды пневмония, грипп, безгек, бөртпе сүзек т. б. ), кейдке біртіндеп, бірнеше күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т. б. ) көтерілуімен басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады. Шеткі қан тамыр тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төмендейді. Бұлшық еттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндірілуі күшейеді. Жиырылған қылтамырдарда қан айналымы баяулауына байланысты тері бозарып, суыйды

Температураның көтерілу сатысы

Slide 7

Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге көтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт тұрақтанып тұрады. Бұл кезде жылудаң сыртқа шығарылуы да жоғарлайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. Бұл сатыда қызбаның келесі түрлерін ажыратады:

1. шамалы (субфебрильдік) қызба -дене қызымының 38С-ға дейін көтерілуі

2. орташа қызба -38-39С

3. қатты қызба -39-40С

4. асқын (гиперпиреттік) қызба -41С-тен астам көтерілуі.

Температураныңжоғарғы деңгейде тұрақтану сатысы

Slide 8

Қызбаның бұл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу өндірілуден басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде жиналған жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі арқылы сыртқа шығарылады. Температураның түсуі екі жолмен болуы ықтимал:1. біртіндеп, лизистік (бірнеше тәулік ішінде) түсуі; 2. күрт (кризистік) түсуі.

Температураның төмендеу сатысы

Slide 9

Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы

Қызба мен гипертермия кездеріндегі темрератураның көтерілуі жолдары мен себептері әртүрлі. Гипертермияның негізгі себебі сыртқы орта температурасының жоғары көтерілуінен болады. Ол ыстық өндірістерде істейтін жұмысшыларда, ыстық климаты бар аймақтардың тұрғындарында т. б. жағдайларда байқалады. Бұл кезде сыртқы ортада температура көтерілуіне организмнің компенсациялық механизмдері белгілі уақытқа дейін қарсы тұрады. Терінің қан тамырлары кеңиді, тыныс алу және жүрек соғысы жиілейді. Артынан бұл компенсациялық механизмдер жеткіліксіз болып, дене қызымы еөтеріледі, гипертермия дамиды.

Қызба кезінде термореттеу механизмдерінің дене қызымын көтеруге бағытталған., ал гипертермия кезінде термореттеу механизмдері оған қарсы тұрады. Дене температурасының көтерілуі кезінде пирогендердің қатысымен болпды, ал гипертермия кезінде олардың маңызы болмайды. Кейде гипертермияны зат алмасуларын арттыратын дәрі-дәрмектердің көмегімен алуға болады.

Slide 10 Slide 11

Геморрагиялық қызба аурулары

Бұл көптеген жедел жұқпалы аурулар тобы, осыларды біріктіретіні вирусты этиологиялығы, табиғи ошақтығы, айқын капиллярдың эндотелиінің зақымдалуы, геморрагиялық синдромының дамуы.

Қазіргі уақытта ең кемінде 13 нозологиялық түрлері белгілі.

Slide 12 Slide 13

Әр малдың дене қызуы әр-түрлі болады

Slide 14

Қызба кезінде ағзалар мен жүйелердің өзгерістері

Қызба белгілі бір дерттер кездерінде болатындықтан ағзалар мен жүйелердегі өзгерістер сол аурудың патогенезіне және ет ысуына байланысты болуы мүмкін. Қызба кезінде ең айқын өзгерістер қан айналым жүйесінде байқалады. Дене қызымының 10С-қа көтерілуі, тамыр соғуының минөтіне 8-10-ға жиілеуімен сипатталады. Жүрек соғуы жиілеудің нәтижесінде қанның соғыстық және минөттік көлемі үлкейеді. Ет ысуының бірінші сатысында артериялық қан қысымы көтеріледі, терінің қан тамырлары жиырылады, ішкі ағзалардың тамырлары, керісінше, кеңиді. Үшінші сатысында дене температурасы күрт төмендеуінен артериялардың тонусы қатты азайып, қан тамырлары қызметінің тез дамитын жеткіліксіщдігі байқалуы мүмкін.

Slide 15

Қызба этиологиясы

Slide 16

Инфекциялық

Мал организміне бактериялар мен вирустар енуінен басталады


Ұқсас жұмыстар
Қызба
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Инфекциялық қызба
Қызбаның сатылары
Жылу алмасуды реттеу
Жылу алмасу және Қызба
Жылу алмасу.Қызба
Жылу реттеу патологиясы
Қызба (лихорадка – латынша febris)
БАЛАНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz