Ірі қара малдарының гигиенасы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым
министірлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университеті
Ветеринарлық медицина кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы:Ірі қара малының гигиенасы

Орындаған: Қозыханов М.Ә.
ВМ 305
Тексерген: Садуакасов М.С.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ірі қара малдарының гигиенасы:
1) Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен т әсілдері
2) Ірі қара малдарына арналған қораларды ң негізгі
технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері
3) Ірі қара малдарына арналған қораларды ң
микроклиматы
Қорытынды.
Ірі қара малдарының гигиенасы
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған
өндірістерді жобалап-салу және пайдалану
кездерінде ең басты ветеринариялық-
санитариялық проблема малдарды әртүрлі
аурулардан сақтау және олардан алынатын
өнімдердің сапасының жоғары болуын
қамтамасыз ету болып саналады. Әр малдардың
түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға
арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды
таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне,
ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу
жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Ірі қара малдарының қораларын жобалап-
салу және пайдалану кездерінде оларға
ветеринариялық-санитариялық бақылау
жүргізу технологиялық жобалау нормаларына
(НТП) және ветеринариялық-санитариялық
ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Ірі қара малдарырынан алынатын өнімердің бағытына
байланысты оларға арналған шаруашылықтар

Тұқымдық – мал тұқымын жақсартып, олардан
тұқымды жас төлдер алуға арналған;
Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алу ға
бағытталған шаруашылықтар;
Мал басын толықтандырып отыруға арналған
жас төлдерді өсіріп және бордақылау
бағытындағы шаруашылықтар;
Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас
бұзауларды бағып, күту мен айналысатын
шаруашылықтар.
 
Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен
тәсілдері

Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін
арттырып, олардан алынатын өнімдердің
мөлшері мен сапасын жоғарлатуға
бағытталған әртүрлі азықтандыру, суару,
орналастыру, байлау, жаю т.б. технологиялық
тәсілдердің жинағы – малдарды ұстау
жүйелері деп аталады.
Қолда тұрғызып-жайып ұстау. Бұл
жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған
шаруашылықтарда кең таралған, себебі
ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда
бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық
ерекшкліктеріне сәйкес келеді де, мал организміні ң
табиғи төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып,
малдың өнімділік қасиеттері жоғарлайды. М ұндай
жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы
шектелмей, денедегі зат алмасу процестерінің
жоғарлауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп,
белокқа, витаминдерге және миниралды заттарға бай
азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады.
Қолдан тұрғызып ұстау.
Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе
жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-
топтап шағын жерлерде ұстағанда және аз уақыт
ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту
мақсатында пайдаланады. Жаз айларында
сиырларды жаюға шығармай тұрғызып ұстап,
дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында
азықтандырады.Шағын жерлерге малдарды
топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың
қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық
қасиеттеріне теріс әсерін тигізбеу үшін, мұндай
жүйемен күтіп-бағуға өте жоғарғы
ветеринариялық-санитариялық талаптар қойылады.
Жайып ұстау жүйесі
Малдар жылдың барлық мезгілдерінде де
жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты
экстенсивті жолмен дамыту кезінде – көбінесе
табиғи және жайлау шабындықты жерлерді
пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени
жасанды жайылымдарды қолданады.Жайып ұстау
жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы
қолайлы, ауа райы жылы шаруашылықтарда
пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап
күрделі құрылыстар қаралмай, тек жауын
шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау
мақсатында жергілікті арзан материалдардан жеңіл-
күрке, жылыландырылмаған типті қоралар
қаралады.
Ірі қара малдарына арналған
қоралардың негізгі технологиялық
бөлшектерінің көрсеткіштері
Ірі қара малдарына арналған қоралар мен
олардың ішкі технологиялық процесстердің
жабдықталуы тек мал басы мен олардың
физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты
емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты
болады.
Ірі қара малынтұрғызып байлап ұстау кезінде
салынатын қоралар үнемді және барлық
қаралатын технологиялық процесстерді ж үргізуге
қойылатын талаптарға сай болуын қада ғалайды.
Бетонды едендер – берік, төзімді болғанымен қатты,
жатуға жайсыз, суық болады да, оларды азық-көң
жолдарына, кейбір азық дайындау, сүт өңдеу
бөлмелеріне, зертханаларда т.б. жерлерге төселеді. Егер
малдар жататын орындарында бетонды едендер болса,
оның үстіне торкөзді ағаш еденшелер немесе қалың
төсеніштерсалып қояды.
Аглопортит – сазды және көмірді өндіру кездерінде
қалған қалдықтарды күйдіру арқылы алынатын
жасанды, іші қуыс жеңіл материалдар. Ол өзінің
жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық
қасиеттері бойынша керамзит-бетонды едендерден кем
түспейді.
Асфальтты едендер – серіппелі-жұмсақ, тайғанақ
емес, су өткізбейді, жылу өткізгіштігі шамалы,
тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай
өңдеуге жатымды. Мұндай едендер сиыр
қораларда, ұрықтандыру пунктерінде
ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты,
қайыршақты едендердің үстіне төсеп өңдеуге
пайдаланады. Асфальтты едендердің кемшілігі
сыртқы әсерлерге әсіресе мал нәжістеріне өте
төзімсіз келеді де, мал тұрақтарында, жүретін
жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған
кездерде ішке түсіп, шұңқырлар шығып, оларға
су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.
Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып
ұстағанда қолданатын тәсіліне байланысты жер орайы,
ауа райы, температуралық жағдайы және өндіріс бағыты
ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:
1)Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке
тәріздес қора;
2)Төбе және үш жағынан қабырғалар қаралған-
жартылай ашық қоралар;
3)Малдардың еркін серуен алаңына кіріп-
шығуына арналған қақпа кәсектері ғана
қаралған-жылыланбаған қоралар;
4)Малдардың мезгілді шығуына арналған –
жылыланған қоралар.
Ірі қара малдарына арналған
қоралардың микроклиматы

Ірі қара малдарына арналған қалыпты
микроклимат олардың жақсы, өнімі және
ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты
болады. Сондықтан әрбір малдардың түрі,
жынысы, жасы және физиологиялық
ерекшеліктеріне сай келтіріп микроклимат
мөлшері белгіленеді. Ондай мал организміне
сай микроклиматы қорада әртүрлі жолдармен
қалыпқа келтіреді
Микоклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең
басты анықтағыш фактор болып ауаның
төменгі және жоғарғы температурасы
саналады. Ауа температурасы 1-6 градусқа
дейін төмендесе жас малдардың, әсіресе
бұзаулардың өсуі 15-20 пайызға, сиырдың
сүт өнімі – 15-30 пайыз кеміп, ал азықтың
шығыны – 15-50 пайызға артады.
Мал қораларының микроклиматы ондағы
қоршаған ортаның ауасының физикалық,
химиялық және биологиялық көрсеткіштері
мен сипатталады.
Қорытынды
Қорытындылай келе ірі қара малдарының
гигиенасы шаруашылыққа өте қажет. Мал
организімінің сау болу және өнімінің
сапасын арттыруда гигиенаның маңызы зор.
Еліміздің басты шаруашылығы ауыл
шаруашылығы оның ішінде мал
шаруашылығы даму үстінде. Сондықтан
халықты сапалы ет, сүт өнімдерімен
қамтамасыз ету үшін малдардың сау болғаны
жөн. Ол үшін гигиеналық талаптарды
орындаған маңызды.
Пайдаланған әдебиет

М.С.Садуақасов
«Ауыл
шаруашылық малдары мен
құстардың гигиенасы» 2 кітап
Интернет

Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы туралы ақпарат
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы Қойлар мен ешкілердің гигиенасы
ҚАРА МАЛДАРЫН ҰСТАУ ТӘСІЛДЕРІ
Бағалы терілі аңдар гигиенасы
ҚОЯН ГИГИЕНАСЫ
Шошқа малдарының гигенасы
Түрлі жануар организміне ұстау әдісінің әсер етуін эксперимент жүзінде зерттеу
ҚОЛДА ТҰРҒЫЗЫП - ЖАЙЫП ҰСТАУ
Жануарлар пироплазмидоздары
Пәндер