Компьютерлік желілер. Әлеуметтік желілер


Slide 1

Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер.

Тақырыбы:

Орындаған Төлен С. Т.

Тобы: ТЖ-505

Slide 2

Компьютерлік желілер

Жергілікті

Ауқымды

Slide 3

Жергілікті желілер - бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Жергілікті желілерде компьютер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке де жетеді.

Slide 4

Ауқымды желі - олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық жергілікті желідегідей жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

Slide 5

Компьютерлерді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез келген бір телефонға жалғау жеткілікті.

Дүние жүзінде көптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгісі Internet есептеледі

Slide 6

Интернет (англ. Іnternet - жүйелер арасы) - дүние жүзіндегі ондаған мың жүйелерді біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметі - тілек білдірушіні кез-келген ақпаратпен үнемі қамтамасыз ету. Интернет шексіз ақпараттық ресурстар пайдалы мағлұмат, оқу, ойын ұсынады білетін адамдармен араласуға мүмкіндік туғызады, қашықтықтағы қызмет көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық ресурстарды ұсынады. Интернет дүние жүзіндегі адамдарды бір-бірімен араласуы үшін жаңа, ешқайда баламасы жоқ тәсілдермен қамтамасыз етеді.

Slide 7

Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP комуникациясының біркелкі протоколын пайдаланады.

Slide 8

TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) - қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару протоколы; бұл протокол жіберілген ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруі үшін жауапты;

ІP протокол (Іnternet Protocol) - жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы. Ол паектті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.

Slide 9

Интернет жүйесінің негізгі сервиздері.

World Wіde Web (WWW, “Әлемдік өрмекші торы”) - гипертекстік, дәлірек айтқанда, Интернет ресурстарын іздеудің гипермедиалық ақпараттық жүйесі және оған кіру.

Slide 10

Электрондық пошта (Electronіc maіl, англ. maіl - пошта, қысқ. E-maіl, “и-мэйл” деп оқылады) . Электронды пошта желілері мен Интернет ішіндегі мәтіндік хабарламаларды жеткізу үшін арналған. Қәзіргі кездегі электрондық пошталардың мәтінінің ішіне графикалық және дыбыстық файлдарды, сондай - ақ екілік файл - программаларында қосып жіберуге болады. Электронды поштаны қолданатын әрбір абонентке өзіндік дербес пошталық адрес беріледі. Оның форматы келесі түрде болады: <пайдаланушы аты> @ < пошталық сервер аты>.

Slide 11

E-Maіl арқылы түсетін хабарламалар, компьютерде арнайы “пошталық” алушыға бөлінген дискілік аймақ жадысында сақталады (оның “пошталық жәшігі”), оны ол арнайы клиент - программасының көмегімен оқы алады.

Slide 12

Әлеуметтік желілер

Slide 13

Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 жылдан бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates. com(Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жылдары Facebook, MySpace жобалары шықты.

Slide 14

Әлеуметтік желілер туралы қызықты фактілер және олардың адам өміріндегі орны

Slide 15

-Әр 20 минут сайын facebook-те бір миллион сілтеме таралады;

-Әр минут сайын facebook-те 100 мың адам дос болып қабылданады;

-Барлық қолданушылардың 50 пайызы аптасына -сағат уақытын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді;

-Орта есеппен алғанда әрбір қолданушы өз аккаунтына күніне 2 рет кіреді;

-Google-дегі іздеу саны күніне 1 миллиардтан асады.

Slide 16

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желі
Компьютерлік және әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер туралы
Компьютерлік желілер және Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер туралы ақпарат
Компьютерлік желілер классификациясы
Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі
Компьютерлік желі туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz