Бизнес-жоспар. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету


Slide 1

Бизнес-жоспар

Автомобиль көлігімен жүк

тасымалдау қызметтерін көрсету

Жумагалиев А. ОП-413

Slide 2

Кіріспе

Қазіргі кезде жүк тасымалдау тауар тасымалдау үшін қажет болып табылады, автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік қызметтер ерекше сұранысқа ие болуда. Бұл өз жүгін республиканың қай қаласына болсын, ТМД, Еуропа елдеріне және т. б. жедел және сапалы тасымалдаудың барынша тартымды түрлерінің бірі болып табылады.

ТМД мен ЕО арасында жүк тасымалдаудың жетпіс пайызы автомобиль көлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені автомобильмен тасымалдау кезінде оны тасымалдаудың барлық ерекшеліктері ескеріле отырып қандай да болсын көлемдегі жүк тасу мүмкіндігі бар, соның ішінде температуралық режим сақталады, сонымен бірге стандартты емес және қауіпті жүктерді тасымалдауға тек автомобиль ғана қолайлы.

Автомобильмен тасымалдаудың бірқатар артықшылықтары бар, бұл:

- тапсырыс беруші жүкті әрқашанда тікелей жүкті жөнелтушіден оны алушыға дейін қайта тиеп-түсірусіз жеткізе алады;

- жүктің сақталу деңгейі жоғары, оған алаңдамауға болады;

- көлемі аз жүктерді де тасымалдауға болады;

- жүк теміржолға да, өзен және теңіз порттарына да тәуелсіз тасымалдана береді.

Көлік-экспедитор компанияларының дәстүрлі нарығы жоғары, ол серпінді түрде өсуде және көптеген мүмкіндіктерді ұсынуда. Оған деген бәсекелестік күшейе түсуде, осы деңгейде ұстап тұру үшін қазақстандық операторларға ресурстарды барынша шоғырландыру қажет болады. Біздің нарықта аутсорсинг логистикасы енді ғана пайда болуда. Кейіннен ол тез өсетін болады, бірақ қарқынның қашан өрістейтінін айту қиын.

Алайда, нарыққа қатысушылардың барлығының да әлеуеттері бар. Бұл жерде ең маңыздысы - компанияның түрі мен құрылымы емес, оның ұсынатын қызметі болып табылады.

Slide 3

Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Автомобиль тасымалдары - бұл жүктер мен жолаушыларды рельссіз жолдармен жерде жүретін көлікпен тасымалдау.

Автомобиль тасымалын мақсатты қолданудың негізгі салалары - жүкті магистральді көлік түрлеріне тасымалдау және жеткізу, өнеркәсіп және ауылшаруашылық жүктерін қысқа қашықтыққа тасымалдау, қала ішіндегі тасымалдар, жүктерді сату мен құрылыс салу үшін жеткізу.

Алысқа тасымалдау үшін автомобиль тасымалы тез бұзылатын, ерекше, бағалы, тез жеткізілуі қажет, басқа жүк таситын көлік түрлерімен тасымалдауға қолайсыз жүктерді тасымалдауға қолданылады. Автомобиль тасымалының құндылығы - ыңғайлылығы мен икемділігі, кемшілігі - барынша жоғары тасымалдау құны.

Автотасымалдау жүктерді жеткізудің барынша кең тараған түрі болып табылады. Басқа да жүк тасымалдау түрлері сияқты жүк тасымалының бұл түрінің өз «плюстары» мен «минустары» бар.

Басымдығына жүктерді теміржолмен тасыған кездегі (бұл әсіресе алыс қашықтыққа тасыған кезде білінеді) аралық операциялардың болмауы есебінен аса жоғары ұтқырлық пен жылдамдықты жатқызуға болады.

Сондай-ақ жүктерді тасымалдау ырғақтылығы болып табылады (яғни, жүкті көптеп жинақтау қажет болмайды), жүкті барынша сақтауды қажет ету, жүктерді оның жіберушіден алушыға дейін қайта тиеп-түсірмей жеткізу мүмкіндігі, жүкті жіберушілер алушылардың орналасқан жерінің теңіз және өзен айлақтарынан, сондай-ақ ірі қалалардан, теміржолдардан тәуелсіздігі. Бұл қысқа қашықтыққа жүк тасымалдаудың ең тиімді түрі.

Кемшіліктерінің арасында барынша көп жүк партияларын тасыған кезде алыс қашықтыққа тасымалдауға шек қойылуын, жол бойы желілеріне тәуелділікті, көлемі шағын жүктерді тасымалдаудың шектелуін бөліп көрсетуге болады. Алыс қашықтыққа жүк тасымалдаған кезде көліктің бұл түрі аса қымбат болып табылады. Сонымен бірге қысқы кезеңде тасымалдау географиясы азаяды.

Slide 4

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық жағдайын жақсарту үшін кіріс алу болып табылады.

Кәсіпорынның осы уақыттағы міндеті кейіннен ағымдағы қызметте пайдалану үшін орындықты тягач сатып алу болып табылады.

Жоспарланып отырған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар болып табылады, атап айтқанда:

- ірі тауар өндірушілер,

- автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды қажетсінетін сауда компаниялары;

- жеке тұлғалар.

Жобаны іске асыру шеңберінде будка-рефрижераторлары бар Мерседес 1834 орындықты тягачын сатып алу жоспарлануда.

Slide 5

Шығыстар

2015

Негізгі капиталға инвестициялар

54 000$

Айналым капиталы

0

Барлығы

54 000$

Қаржыландыру көзі

Сома

Кезең

Үлесі

Өз қаражаты

10 800$

02-03. 15

20%

Қарыз қаражаты

43 200$

02-03. 15

80%

Барлығы

68 080

100%

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Slide 6

Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

тенге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Проценттер мен негізгі қарызды төлеу

ежемесячно

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

3

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

3

Өтеу түрі

равными долями

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.

Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге

146 240

Активтердің рентабельділігі

24%

13% дисконтталған ставка кезіндегі инвестициялық капиталдың таза дисконтталған кірісі 23 722 мың теңгені құрады.

Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR)

29%

Таза ағымдағы құны (NPV), тыс. тг.

23 722

Жобаның өзін ақтауы (жай), лет

3, 6

Жобаның өзін ақтауы (дисконтталған), лет

4, 4

Slide 7

Өндірістер бағдарламасы

Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш

2 015

2 016

2 017

2 018

1 автоның бір айдағы жүрісі., тн.

7 123

1 автоның бір айдағы жүк тасымалы., тн/км.

213 700

1 автоның сыйымдылығы, тн.

30

Автоның саны, ед.

4

Автоның жүктемелік %

70%

75%

75%

75%

Барлық автоның жүрген жолы, мың км.

20

21

21

21

Сатулар, мың теңге

47 441

47 441

47 441

47 441

Жоспарланған сату бағдарламасы, мың теңге

Кірістер баптары

2015

2016

2017

2018

Барлығы

Мәні

3 953

3 953

3 953

3 953

Жүктемелік %

75%

75%

75%

75%

Автотасымалдау қызметтері

5 271

3 953

3 953

3 953

3 953

Slide 8

Автотасымалдау маршруттарының кестесі

Маршруттар

Қашықтығы, км.

1 рейстің ұзақтығы, күн

.

1 айдағы рейстер саны

Жүк, тн.

Жүрген жолы, км.

Тасым алдау, тн/км.

Алматы - Астана

1 200

5

6

30

7 200

216 000

Қарағанды - Астана

215

1

30

30

6 450

193 500

Алматы - Көкшетау

1 544

6

5

30

7 720

231 600

Орташа 1 автоға

7 123

213 700

Тасымалдау есебі 1 айға жүргізіледі.

Slide 9

Жабдық және инвентарь (техника)

Кәсіпорын Мерседес 1834 маркалы 2 орындықты тягачын сатып алуды жоспарлауда.

Бағасы: 54 000$


Ұқсас жұмыстар
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету
Тасымалдау маршруты
КӨЛІК КЕШЕНІ
Автокөлік қызметтері және олардың мәні
Жолаушылар тасымалы
Малды тасымалдауға арналған көлік түрлері
Көлік және қойма кешендері және жіктелуін сипаттау және талдау
Транспорт
Темір жол көлігі
Астық қоймалардың сыйымдылығын есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz