Анықтама сөздік. Музыкалық білім беруде педагогиканың психологиямен және философиямен байланыс



Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
Университеті
Педагогика факултеті
Анықтама сөздік
Орындаған:Сағидолда . А
Тексерген: Педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті қауымдастырылған профессор Султанова Н. К

1. Әдіснама-ғылыми зерттеудің жетекші принциптері ғылыми талдау жасаудың қанағаттандырушы құралдары қызметін атқаратын теориялылық білімдер жүйесін анықтайтын ғылым саласы. 2. Әдіснамалық талдау-Зерттеудің және педагогикалық болмысты жаңартудың маңызды құралы. музыкалық-педагогикалық білім беру әдіснамасы-болашақ мамандардымузыкант педагогтың зерттеушілік іс-әрекетінің негіздерімен таныстыратын пән музыканы оқыту әдіснамасы-Болашақ музыка пән мұғалімінің музыкалық білім беру әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зеттеуге теориялық білімдерін практика жүзінде қолдануға арналған пән.

3. Музыканы оқыту әдіснамасы-Болашақ музыка пән мұғалімінің музыкалық білім беру әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зеттеуге теориялық білімдерін практика жүзінде қолдануға арналған пән -музыкалық білім беру педагогиканың әдіснамасы- музыкалық-педагогикалық, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттің құрылу принциптерін, формалары, амал-жолодары туралы білімдер, сол білімдерді алуға және олардың тиімділігін ғылыми негіздеме беруге бағытталған іс-әрекеттер жүйесі.

4. Талдау- элементтерді заттар мен құбылыстарды бір-бірімен ажыратып
қарастыру негізінде зерттеу.
5. Синтез- оған қарама-қарсы процесс,
яғыни, зерттелетін обьектінің элементтері
мен сапа-қасиеттерін
біртұтастықта, жүйеде зерделеу.

6. Диссертация-монаграфия сияқты ғылыми жұмыс, біріқ қолжазба ретінде баспадан шықпаған. Кандидаттық диссертацияны қорғаған соң, ғылым кандидаты атағы беріледі. дәл осылай докторлық диссертацияны қорғайды

7. Әңгіме-сұхбат- зерттеушінің тексеретін адаммен алдын-ала дайындаған
бағдарламасы зертеу бойынша еркін диалог түрінде жүргізілетін әдіс.
8. Интервью- зерттелетін мәселе бойынша зерттеуші тақырып ұсынып, оған
Деген пікір-көзқарасты, қандай баға беретінің білу үшін қолданатын әдіс.
9. Анкета- арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтармен олардың мүмкін
деген жауаптарының логикалық құрылымы.

10. Объект-ол музыкалық білім берудің өзі және педагогикалық іс әрекеті болып табылады. Объект -ол оқушы студент субъект емес, ол тәрбиелік үрдіс: теория мен әдістемесі, мазмұны мен принциптері, оқушы мен мұғалім әрекетінің әдісі мен пәні.

11. Модельдеу әдісі-Заттар мен құбылыстардың, мүмкін жағдайдың теория жүзінде моделінің жасалуы.
12. Дедукция-Білімнің жекеге қарай қозғалуы, салдардың алғы шаттардан шығарылуы.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Реферат
Тақырыбы:Музыкалық білім беруде педагогиканың психологиямен және философиямен байланыс.
Орындаған:Сағидолда . А
Тексерген: Педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті қауымдастырылған профессор Султанова Н.
Семей-2015ж

Музыкалық білім беру педагогикасының өзге ғылымдармен байланысы
Музыкалық білім беру педагогикасы - зерттеу аясы кең ғылым саласы. Зерттеу пәнінің кеңдігі өрісті болғандықтан оның мәнін тек өзге ғылымдармен байланысы негізінде ғана түсіндіруге болады.
Философия ғылымы жеке тұлға мен қоғам проблемесын қарастырады. Оның міндеті - әлеуметтік дамудың өте-мөте жалпы заңдылықтарын анықтау. Философиялық ғылымдар (диалектикалық және тарихи материализм, ғылымтану, әлеуметтану, этика, эстетика және т. б. ) музыкалық тәлім-тәрбиенің мәні мен мақсаттарын анықтауға, оның адамның тұрмысы мен ой-санасына ықпал-әсерін дұрыс есепке алуға көмектеседі, тәрбие бағытын дұрыс жобалауға септігін тигізеді. Ғылым мен қоғамда болып жатқан уақиғалар жөніндегі мағлұматтармен қаруландырады.
Жаңа музыкалық-педагогикалық білімді екшеп алу философияның өзі зерттейтін ғылымтанудың жалпы заңдарына бағынады. Музыкалық-педагогикалық тәжірибенің таразылануы және жаңа педагогикалық тұжырымдамалардың жасалуы философияның теориялық негізіне жүгінеді. Философияның кездейсоқтық пен қажеттік, жалпы мен жеке, ерекше заңдар мен заңдылықтар, өзара байланыс пен өзара тәуелділік, даму және оның қозғаушы күштері сияқты категориялары қайсыбір музыкалық-педагогикалық ой- пікірлердің өзегін құрайды.

Педагогика сияқты музыкалық білім беру педагогикасы да өзінің барлық даму кезеңдерінде философиялық заңдылықтарға негізделеді және өз проблемаларын шешуге, жинақталған практикалық тәжірибесін сараптауда, сонымен қатар оларға баға беруге философияға сүйенеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz