Геодезиялық құралдардың техникалық сипаттамасы




Презентация қосу
Геодезиялық
құралдардың техникалық
сипаттамасы
Юсупова Дильда
Теодолит
Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді
тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка
жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін
геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне:
қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік)
және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады.
Сондықтан теодолитпен горизонтальды,
вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға
болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі
нәрсенің горизонталь координаталары, яғни
азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен
емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы.
Негізгі түрлері: оптикалық және электронды. Соңғысын
алғашқыда көптеп шығарған, сапалы, оңай болғанмен
бағасы жоғары болғандықтан тез қолданыс аясы азайды.
Қазір оптикалық теодолиттер кең тараған.
Теодолиттер құрастырылуына қарай верньерлік және
оптикалық болып бөлінеді, олар өз кезегінде қайталанатын
және қайталанбайтын болып жіктеледі.
Дәлдігіне қарай жоғары дәлдікті (Т1), дәл (Т2, Т5) және
техникалық (Т15, Т30, Т–60). Мұндай классификация Ресейді
қабылданған және Беларуссияда көп қолданылады.
Көрсеткіш оптикалық теодолит Т2
диаграммасын көрсетеді: 1 -
штативті; 2 - трегер; 3 - бұранданы
көтеру; 4 - орын ауыстыру көлденең
шеңбер өңдеуге; 5 - оптикалық
отвес; 6 - былғары алидаде тік
шеңбер деңгейге қоюға; 7 - айна
жарықтандыру; 8 - терезе
жарықтандыру деңгейі; 9 - деңгейлі
бақылау жүйесі; 10 - тұтқа; 11 -
телескоп; 12 - көріністердің; 13 -
оптикалық микрометре дескриптор;
14 - қосқыш шеңберді саналады; 15
- адаптері-жетек құрылғысы құбыр.
Нивелир
Нивелир - екі нүкте биіктіктерінін
айырмашылығын анықтауға
арналған геодезиялық аспап; көлденең
нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік
орнатылған рейка көмегімен
қолданылады.
Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді
цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы
нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында
нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты
түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер,
негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте
дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл
нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына
арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05
— оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир,
биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден
арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға
арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі
мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын
орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған,
дәл аспаптар.
Схема теңестіру түрі
H-3; 1 - 2 тұрғын үй -
ұшуға, 3,8 - деңгейі 4
- шақыратын
бұрандалы 5 -
көктемгі пластина 6 -
тегістеу бұранда, 7 –
тұру 9 -
асқақтатқаны
бұрандалы 10 -
қолдау платформа 11
- бұрандалы
стеллаждар, 12 -
Окуляр 13 - телескоп.
Тахеометр
Электронды тахеометрлер Арақашықтықты шағылыспайтын дальномер арқылы
 дәл есептеу. Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты,
горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған
топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық
тахеометрдің құрылымындакодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық
өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық
шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі
автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және
вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода
көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін.
Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған
электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала
өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру
планын сызады. Электрондық тахеометрдің көмегімен биікайырымды анықтау,
көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде
атқарылуы, сондай- ақ жарықтың ауада таралу жылдамдығы үшін түзету
автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометржинағына шағылдырғыштар,
штативтер, қоректендіру көздері, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және
күтіп-баптау жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы
болады. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы
ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.
Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу
аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады.
Олар арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде
орындауға мүмкіндік туды. Бұндай өлшеу аспаптары өлшеу
нәтижелерін тіркеу және сақтау, әрі қарай ЭЕМ-ы арқылы өңдеуге
мүмкіндік беретін есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен
жабдықталған. Дыбыс арқылы топографиялық-геодезиялық
ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу еңбек өнімділігін арттырады
және есеп алушының қателерін азайтады. Топографиялың түсіріс
және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде
далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі
электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Электрондық
тахеометр құрылысы кодты теодолиттің негізінде жасалған. Ол
бұрыш өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және
біріктіріп орналастырылған ЭЕМ-нан тұрады. Бұрыш өлшеуіш
бөлігімен горизонталь және вертикаль бұрыштар өлшеніп, сәулелі
арақашықтық өлшеуіш арқылы ұзындық анықталады, ал ЭЕМ әр түрлі
геодезиялық есептерді шығаруды, аспаптың жұмысын басқаруды,
өлшеу нәтижелерін бақылауды және оларды сақтауды қамтамасыз
етеді. 

Ұқсас жұмыстар
Геодезиялық құралдардың техникалық сипаттамасы. Теодолит
Геодезиялық құралдар
Аспаптар теодолит
Лазерлік сканерлеу
Ресей тахеометрлері
GPS технологиясын топографиялық түсірімдерде қолдану. GPS қабылдағыштары және олардың сипаттамалары
Жай тахеометрлердің бұрыштық өлшеу дәлдігі
Электронды тахеометр
Ғимараттың жобасын дайындау
Теодолиттердің жане нивелирдің жіктелуі туралы ақпарат
Пәндер