Жанр поэтикасы


Slide 1

Орындаған: МФИ-403 топ магистранты

Ибраева Н. Б.

Тексерген: ф. ғ. к., Ақтанова А. С.

Жанр поэтикасы

(зерттеулерге шолу)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Жоспары: 1. Жанрдың анықтамасы 2. Жанрдың қалыптасуы мен даму тарихы 3. Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралы 4. Жанр формалары 5. М. М. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы 6. Шығарманың жанры мен құрылымы 7. М. С. Каганның жанрлық классификациясы 8. Тест сұрақтары

Slide 3

Жанрдың анықтамасы

Жанр (французша genre, латынша generіs - түр, тек) - өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т. б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т. б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр - әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т. б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос,, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі) . Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М. Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

Slide 4

Жанр түрлері

Эпос - әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі - сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл - эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу эпос жанрында негізгі үш арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді.

Лирика - адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов) . Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл - лирика. Лирика - алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. Мұнда субъектілік басым. Өлеңнің лирикалық кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирикалық жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода (мадақ өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті.

Драма - мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік - адамның өзегі, алтын арқауы. Атом бөлшектенгенде орасан зор энергия пайда болатыны мәлім. Характер ядро іспетті. Драманың ойдағыдай шығуы сол ядроның қуатын қалай “босата” алғанына, яғни кейіпкердің мінезін қалай аша білгендігіне байланысты. Оның тәсілі сан алуан. Характер қақтығыста, тартысқа көрінбек. Қшінде бүккен сырлары, әлеум. -саяси көзқарасы, өзге де адамгершілік, құлықтылық, ар-инабаттылық қасиеттері жан алып, жан берген күрес, шайқастарда ашыла түспек.

Slide 5

Жанрдың қалыптасуы мен даму тарихы

Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII - XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.

Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде, А. Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды.

Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл - бұл әдеби тәсіл.

Slide 6

Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралы

Р. Уэллек пен О. Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр - бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.

Slide 7

Жанр формалары

Лирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері мен көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін - лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады: эллегия, сонет, ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме, пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі. Бұл формалардың әр түрі әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы жазушылардың шығармаларында әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді.

Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр - шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады. Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі) - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды.

Slide 8

М. М. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы

М. М. Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М. М. Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция даралығымен ерекшеленеді. Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені атап айтуға борлады: 1. Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы; 2. Шығарманың жанры мен құрылымы; 3. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар, олардың генезисі мен дәстүрі. Осы проблемалардың барлығы жанр типологиясына байланысты.

Slide 9

Шығарманың жанры мен құрылымы

Ғалымның әдеби жанрға деген қызығушылығының артуын түсінуге болады. Өйткені бұл «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын формасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы. Бахтиннің негізгі еңбегі жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды. Ғалым жанрдың қандай да бір поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі. Бахтиннің зерттеулері ғалымдар арасында жанр туралыі семиотикалық көзқарастың қалыптасуына себепші болды. Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған. Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі поэтика болып табылады.

Slide 10

М. С. Каганның жанрлық классификациясы


Ұқсас жұмыстар
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШАҒЫН ЖАНРЛАР ПОЭТИКАСЫ
Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым
ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ, ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Әдебиет тегі
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанралры
М. Әуезов Абай жолы романы туралы ақпарат
Атың шықпаса, жер өрте мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат
Жауынгерлік жанр
Бейнелеу өнерінің жанрлары. 5-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz