Дарынды балалармен тәрбие жұмысы



Тексерген:Тұрғанбаева Б. Ш
Орындаған :Қасымова А. Н
Топ:П-311
Дарынды балалармен тәрбие жұмысы

Мақсаты:
-Дарынды, ынталы, қабілетті оқушылардың арасында шығармашылық қабілеттерін арттыру, ғылым жолына бағыт-бағдар беру.

Дарындылық
Адам психикасының өмір бойы жуйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.

Дарынды бала-
Өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала.

Дарындылық туралы екі көзқарас бар
Балалардың барлығы да дарынды болады
Дарынды балалар сирек кездеседі

Дарындылық туралы екі көзқарас бар:
Балалардың барлығы да дарынды болады
Дарынды балалар сирек кездеседі
Жасырын түрде кездесетін дарындылық
Айқын дарындылық
Дарындылықтың көріну деңейіне байланысты

Белгілі психолог Н. С. Лейтис қабілетті баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:
-ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы;
-ақыл-ой, логикалық ойлауының шапшаңдығы, кез келген жағдайды талдап салыстыра білуі;
-барлық күш-қуатын жұмсап тынымсыз еңбек етуі.

Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
.
Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
.
.
.
Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды балаларды анықтауда кешенді қадам жасау ұтымдырақ болатыны сөзсіз. Бұл тұста кез келген ұстаз төмендегідей кең ауқымды түрлі әдістерді қолдана алады:
балаларды бақылаудың түрлі баламалары (шынайы және зертханалық жағдайда, мектептен тыс іс-әрекет барысында) ;
баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпаратты жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгімеге, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары және тағы басқа) ;
баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиелеушілер тарапынан экспертті бағалау;
арнайы бағдарламалар бойынша “байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға қатысу;
ұйымдық шығармалық іс-шараларды жүргізуде балаларды басты рөлдерге қатыстыру;
балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер және тағы басқа) ;
түрлі танымдық әр пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстары;
белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психиодиагностикалық зерттеулер жүргізу

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет - балалардың қабілеттері мен талантарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.

Оқу іс-әрекетінде дарынды балалар:
1. Оқу барысында өз-өзін қинамай-ақ жетістіктерге жетіп, білімге ие болады.
2. Өз бетінше іс-әрекетке бейім.
3. Қоршаған шындықты сыни көзқараспен талдай алады.
4. Өмір, өлім, дін, дүние туралы философиялық проблемалар оларды толғандырып, жауап іздейді, пікір айтады.
5. Үнемі ісін сапалы етіп, жақсы орындауға тырысады. Осыдан келіп мүмкіндігінен жоғары талап қойып, егер сәтсіздікке тап болған жағдайда қатты қиналады.
6. Қиын мәселе толғантқан кезде ешбір басқа нәрсеге назар аудармай, алаңдамай бар зейінін шоғырландыра алады.
7. Өзінің жинаған білім, дағдысын басына іс түскен жағдайда қолдана алады.
8. Оқу, сабақ, ізденіс, зерттеуге құрылған жағдайда ол үшін өте қызықты да пайдалы.

В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады», -деп тұжырымдады.

Қорыта келе, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық» - бұл интегралды тұлғалық білім, интеллектуалдық жоғары сатысымен, шығармашылық потенциалымен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін анықтайды. Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге мүмкіндік туғызады.

Назарларынызға рахмет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz