Депозиттерді сақтандыру жүйесі




Презентация қосу
ДЕПОЗИТТЕРД
І
САҚТАНДЫРУ
ЖҮЙЕСІ
Орындаған: Советова Жұлдыз
Халықтың банктердегі жинақтарының
өсуі олардың сауығуын, несиеге
толық қабілеттілігін және өтімділігін
танытатын маңызды факторлардың
бірі болып табылады. Бұлар өз
кезегінде олардың дербестігіне,
тұрақтылығына және сенімділігіне
кепілдік береді. Мұнда халықтың
жинақтарын кешенді әрі жүйелі
түрде қорғау мәселесі заңдық,
әкімшілік және реттеуші құралдарды
қамтитын объективті қажеттілікке
айналды.
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі
банк салымшыларының мүддесін қорғауды
көздейтін ҚР Ұлттық банк басқармасының
қаулысына сәйкес акционерлік қоғам
түрінде құрылған Жеке тұлғалардың
салымдарын кепілдендіру (сақтандыру)
қоры (ЖТСКК) орталық органы болып
табылатын жеке тұлғалардың салымдарын
сақтандыратын жүйе жұмыс істей бастады.
Бұл жүйеге төменде келтірілген бағыттар
бойынша нақты талаптарға сәйкес келетін
коммерциялық банктер кіреді. 
Олар мынадай бағыттар:
o халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі
бағдарламаға енуі;
o банктің өзіндік капитал мөлшерінің белгіленген
норма-
тивтерге сәйкестігі;
o пруденциялық нормативтердің қорға өтініш беретін
мерзімге дейінгі 3 тізбекті (қатар келетін) айдың ішінде
сақтауы. Бұл арада kl және к2 коэффициент мәндері
көрсетілген кезең ішінде кем дегенде 0,06-ны және
0,12-ні құрауы керек;
o Ұлттық банктің осы мәселе бойынша ұсынысының
болуы (ұсыныс құпия құжат болып табылады әрі қорға
тікелей бағытталады);
o банктің соңғы жылдардағы жылдық қаржылық есеп
беру тізбесін Ұлттық банк бекітетін халықаралық
аудиторлық ұйымдардың бірі растауы керек.
Банктің жеке тұлғаларының салымдарын
кепілдендіру (сақтандыру) қорына (ЖТСКК) кіру
туралы өтініш берілгеннен кейін Қор банк берген
құжаттарды ескере отырып, Ұлттық банктің
ұсыныстары негізінде оны жүйеге енгізудің
мүмкіндіктеріне талдау жүргізеді. Қор
басқармасының шешімі өтініш берілген күннен
бастап 1 ай мерзім ішінде қабылдануы тиіс.
Егер осы мәселе бойынша қор басқармасы
дұрыс шешімді қабылдаған күннен бастап 15
күнтізбелік күннің ішінде банк қорға алғашқы
міндетті күнтізбелік жарнаны жеке тұлғалардын
теңгедегі, АҚШ долларындағы және еуродағы
мерзімді салымдардың сомасынан 0,375%
мөлшерінде соңғы тоқсаннан кейін келетін
айдың бірінші күнінде аударатын болса, онда ол
жүйенің мүшесі болады.
Депозиттерді сақтандырудың объектілері болып
табылмайтындарға мыналар кіреді:
o ұсынушының салымы;
o банктің сенімді басқармасына берілген ақшасы;
o заңды тұлғаға тән білімі жоқ, егер осы қызметпен
бай-
ланысты ашылған болса, осындай кәсіпкерлікпен
айналысатын тұлғалардың салымдары;
o осы банктің немесе үшінші тұлғаның алдындағы
міндеттеме бойынша кепілді-салымы;
o 5%-дан көп дауыс құқығы бар банк акциясына ие
осы
банк қызметкерлерінің немесе акционерлерінің
салымдары;
o кепілдік беруді қарастырмайтын келісімшарт
бойынша басқадай салымдар.

Ұқсас жұмыстар
Депозиттік типтер
Банктің пассивтік операциялары
Ағымдық жинақ салымдары
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы
Ағымдағы шоттар
Медициналық сақтандыру
Медициналық сақтандыру тарихы
Логистикадағы тәуекелдер
Сақтандыру жайлы
АҚШ денсаулық сақтау жүйесі
Пәндер