Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы: Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары

Дайындаған: Тұрлыбеков Қ. М.

Тексерген: Джаманова Г. И.

Slide 2

Жоспар:

Ағаш материалдарын кесіп өңдеу

Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары

Ағаш аралайтын жақтаулар

Ағаш материалдарды тілетін екіқабатты жақтау

Ағаш бұйымдары мен құрылыс жұмыстарын жасауға арналған жабдықтар

Ағаш өңдейтін білдектер

Дайын өнімдер

Қорытынды.

Slide 3

Ағаш материалдарын кесіп өңдеу (ор. обработка резанием древесных материалов) - ағаш бұйымына сызба бойынша берілген пішінді, өлшемдерді және беттеріне қажетті сапаны қамтамасыздандыру үшін ) қаңқаны кесіп алатын өңдеу үрдісі. Ағашты белгіленген кесіп өңдеу үрдісінің сапасын көрсететін қасиеттерінің жинағы келесі көрсеткіштерден тұрады:

Slide 4

1) ағаштың тұқымы;

2) өңделетін материалдың түрі (дөңгелек бөрене, қырлы жуан бөрене, тақтай, дайындама) ;

3) кесіп өңдеу технологиялық тәсілі (жақтаумен, таспамен, дөңгелек аралармен аралау; цилиндрлік, конустық, шетжақты, ойықты жоңғылармен жоңғылау; бұрғылау; жону; аршу, т. б. ) ;

4) кесу түрі;

5) бас қозғалысқа қарағанда салыстырмалы беріс қозғалысының бағыты (қарама-қарсы, жолай) ;

6) кескіш құралдың материалы мен құрылымының ерекшелігі (жүзінің қоспаланған болаттан жасалуы, тез кескіш болаттан жасалуы, қатты қорытпаның тілімімен жабдықталуы, араның тістерінің ажырасуына, жұқартылуына немесе тілімдерінің жан-жаққа ілінуіне, пышақтың жаңқаны сындырғышы, тіреуіші, қысқыш сызғышы бар-жоғы т. б. ) ;

7) ағаш кескіш білдектің құрылымдық ерекшелігі (иілткішпен немесе конвейерлі, үздіксіз немесе периодты берісті, кесетін бір немесе бірнеше құралдар қойылулы т. б. ) .

Slide 5

Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары - бөренелерді сұрыптап қажетті қималы араланған материалдар мен дайындамалар жасау үшін әртүрлі механикалық кесіп өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылғылар.

Slide 6

Ағаш аралайтын жақтаулар (ор. лесопильная рама) - бөренені бойлап аралайтын машина.

РГ-63

РК-1А

Slide 7

Ағаш материалдарды тілетін екіқабатты жақтау (ор. двух этажная лесопильная рама) - механизацияланған ағаш аралайтын ағындарда ұзындықтары 3 . . . 7 м келетін бөренелер мен сырықтарды бойлай тілуге арналған құрылғы. Тілінетін бөренелердің диаметрлері мен сырықтардың қалыңдықтарының ең үлкен өлшемдері 240 . . . 700 мм.

Slide 8

Ағаш бұйымдары мен құрылыс жұмыстарын жасауға арналған жабдықтар (ор. оборудование для производства столярно строительных изделий) - араланған материалдарды дайындамаларға пішіндер тізбектер, өлшеп-кесетін және шетжақтайтын білдектер, кесектерді ұзындығы бойынша тұтастыратын тізбектер.

Griggio C45

Griggio G 2405

Slide 9

Ағаш өңдейтін білдектер (ор. деревообрабатывающие станки) - табиғи ағаш материалдарынан қажетті пішінді және өлшемді бұйымдарды кесіп өңдеу арқылы жасайтын машина. Атқаратын жұмыстарына қарай ағаш өңдейтін білдектер келесі түрлерге бөлінеді: ағаш кесетіп, қию арқылы өңдейтін, құрастырушы, желімді жағу және таза өндеу т. б

Әртүрлі маркалы, сан қилы қызмет атқаратын білдектер

Slide 10

Дайын өнімдер.

Slide 11

Еден тақтайы, вагонка, плинтус, наличниктер, рейклар, сүргіленген тақтайлар.

Slide 12

Қорытынды.

Ағаш өнімдерін тұрмыста кеңінен қолдану әрине кесу және өңдеу жұмысынысыз жүзеге аспас еді. Сондықтан заман талабына сай технологиялық жағынан жетілген құрал-жабдықтарды пайдалану мен дұрыс таңдау маңызды мәселе.

Ағаш кесетін құралдар ағашты механикалық кесіп өңдеуге арналған құралдар. Олардың түрлері: аралар (қол ара, механизацияланған, машиналық арнайыланндырылған) ; беттерді өңдеуге арналған құралдар (балталар, қашаулар, сүргілер, электрсүргілер, электржоңғыштар, ағаш өңдейтін білдектердің құрама бөлшектері пышақтар мен жоңғылар) ; ағаш бұйымдарда тесіктер жасайтын құралдар (қашаулар, бұрғылар, электрбұрғылағыштар) ; ойықтарды қашайтын шынжырлы құрылғылар т. б. ) .

Ағаш құрылымдары- толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т. б. ) . Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т. б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т. б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ағаш өңдеу жабдықтары
Сүрек қасиеттерiнiң өзгергiштiгi, модификациясы мен өзара байланыстылығы
Ағаш өңдеу жабдықтары және ағаштан жасалатын материалдар, тұрмыстық заттар
Металды қалыпқа құю
Иленген тері бұйымдарының ассортименттері
Кесілген орман материалдары
Ағаш сүрегін экспорттау жұмыстарын жүргізу
Ара ұялары мен омарталарды орналастыру
Ағаш сүрегін экспорттау жұмыстарын ұйымдастыру
Сүргілеу станоктары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz