Мектепке дейінгі кезеңде тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білуі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Уразбекова Балжан

Тексерген: Кулмышева Н. А.

Семей, 2015 жыл.

Мектепке дейінгі кезеңде тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білуі.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы.

Slide 2

Мектеп жасына дейінгі балаларда тілдің дамуы

Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық дамуына негізделетін тілдердің үштұғырлығын оқытудың өз ерекшеліктері бар. Психологтардың пайымдауы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы, есте сақтауы, зейіні еріксіз болады. Балалар өз қабылдау үдерісін басқара алмайды, кез-келген затты өздігінен талдай алмайды. Балалардың есте сақтауы тек қана фотографиялық сипатта болады, сонымен бірге мектеп жасына дейінгі бала барлық қабылдағанын кейін қолдануды ойланбайды.

Slide 3

Бала зейінінің ерекшелігі - назарын сырттағы көзге түсер заттармен аударатыны. Қабылданатын заттарға қызығушылық сақталып отырғанға дейін зейіні жинақталған болып тұрады. Негіз қалаушы сөйлеу дағдылары мен іскерліктері мектеп жасына дейінгі балаларға әлі тән емес, бұл мидың оң жақ жарты шеңберінің сол жарты шеңберіне қарағанда артығырақ дамығанына байланысты. Бұл мектеп жасына дейінгі балалар қиын логикалық тізбектерін құруды, біртипті фразаларда сөздерді алмастыра алуды, фразаны лексикалық бірліктер ретінде қабылдай алмайтынына әкеліп соғады. Сондықтан, оқыту осы ерекшеліктерді ескере отырып құрылуы және бастауыш мектептегі оқытудан айырмашылығы болуы қажет.

Slide 4

Тілдерді меңгеру үшін ең қолайлы кезең ретінде 4-5 жас аралық екендігін мамандар атап көрсетуде. Психологтар (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. А. Леонтьев, Б. Уайт, Дж. Брунер, В. Пенфильд, Р. Робертс, Т. Элиот) бала төрт жасынан бастап ересек адамға қарағанда шет тілдерін оңай меңгере алатынын пайымдайды.

Slide 5

Осы жаста тілдік материалды есте сақтауы берік болады, фонематикалық естудің жоғары деңгейі белгіленеді. Шет тілді меңгеруде үзіліс болса да, меңгерілген дағдылар ұзақ уақытқа дейін сақталатын болады. Мектепке дейінгі жастағы меңгерілген сөйлеу жылдам қалпына келетіндігі белгілі.

Slide 6

Мектеп жасына дейінгі балалардың басқа тілді меңгеруі (қазақ, орыс, ағылшын негізгі ана тілге байланысты) өз ерекшеліктері бар, олар осы жас аралығындағы балалардың психофизиолоиялық ерекшеліктерінде негізделеді. Психологтардың пайымдауынша мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың қабылдауы, есте сақтауы мен зейіні еріксіз сипатта болады. Балалар өз қабылдау үдерісін басқара алмайды, кез келген затты өздігінен талдай алмайды. Балалардың есте сақтауы ерекше фотографиялық қасиетке тән, бірақ, сонымен қатар, қабылданатынның барлығын кейін қолдануды олар ойланбайды.

Slide 7

Сөздік қорын дамыту бойынша жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:

- белсенді және пассивті сөздік қорын байыту;

- сөздікті бекіту мен нақтылау;

- сөздікті белсендіру;

- әдеби тілден тыс сөздікті жою.

Slide 8

Сөздік жұмысының мазмұнын күрделілендіру келесі бағыттардан тұрады:

- заттар мен құбылыстар тұтастай қабылдаумен бірге сөздікті меңгеру;

- заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, бөлшектерін, олардың қатынастарын білдіретін сөздерді түсіну арқылы сөздіктің өсуі. Бұл үдеріс қабылдауға, талдау мен салыстыру сияқты ойлау операцияларға қабілеттілікті қажет етеді;

- қарапайым түсініктерді білдіретін сөздерді лексикаға кіргізу. Заттар мен құбылыстарды маңызды белгілері бойынша жалпылау іскерлігін қалыптастыру.

Slide 9

Балалар сөйлеу кезінде төмендегідей біліктер мен дағдыларды білуі тиіс:

- айналадағы адамдармен қарым-қатынас орнату үшін қажетті, балалардың әлеуметтік-адамгершілік түсініктерін білдіретін сөздер мен сөйлемдерді;

- заттардың және олар жасалған материалдардың атауларын (ағаштан, қағаздан, пластмассадан) ;

- тірі жандардың және олардың тіршілік орталарының атауларын, кейбір еңбек үдерістерін (жануарлардың қоректенуі, көкөністерді өсіру, кірді жуу, дастарханға ыдыстарды даярлау және т. б. ) ;

- заттарды, тірі жандарды, табиғи құбылыс бөліктерін, олардың қасиеттерін және сипаттарын; түстердің реңдерін, дәмдік сапасын, объекттердің және құбылыстардың сапа дәрежесін белгілейтін сөздерді;

- түрлерді жалпылауды білдіретін сөздерді меңгеріп, қолданулары тиіс.

Slide 10

Сөйлеудің лексикалық жағы

Жиі қолданылатын сөздік қорға бір уақытта 4-5 жаңа сөз кіреді. Енгізілген сөздердің арасында бір-бірімен байланысы бар бірнеше сөздер болуы шарт.

Балаларға ана тілінің құрамына кірмейтін сөздерді жаттауға беру дұрыс емес. Балаларға ұсынылатын жаңа лексика баланың санасында жатталып, сіңіп қалуы тиіс. Ортаңғы топта шет тілдеріндегі сөздік қорлары 100-150 лексикалық бірлікті құрауы тиіс, оның ішінде 1-ден бастап 5-ке дейін санау, бір-бірімен сөйлесу кезіндегі жалпы қолданатын сөздер, тұрмыстық заттарды және киім-кешекті сипаттайтын сөздер бар.

Slide 11

4-5 жастағы балалардың сөйлеуін дамыту

4-5 жастағы мектеп жасына дейінгі бала өзін қоршаған табиғатқа: жануарларға, өсімдіктерге, ауа-райының құбылыстарына деген белсенді түрде қызыға бастайды. Бұл жас кезеңінде «Неге?», «Не үшін?», «Қайдан?» деген сұрақтар пайда болады.

5 жастағы балалар үшін табиғат жайлы білу қажет болса, сондай-ақ қоршаған орта туралы білулері қажет.

Балалардың танымдық және сөйлеу мүмкіндіктері едәуір өседі. Мектеп жасына дейінгі ортаңғы топтағы балалардың білімге деген құштарлықтары жоғары, әлеуметтік және табиғи болмысты меңгеруде белсенділік танытады.

Slide 12

Осы кезеңде балалардың сөздік қоры 2200 сөзге дейін жетеді. Балалардың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау барысында танытатын дербестігіжене ынталылығын тәрбиелеу - 4 жастағы балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша негізгі бағыт болып табылады. Балалар байланыстырып сөйлеу дағдыларын меңгереді, сөздік қорлары кеңейеді, сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра бастайды.

Slide 13

Байланыстырып сөйлеуді дамыту

Балалар диалогтік және полилогтік сөйлеу білігін меңгеріп, айналадағы адамдармен қарым-қатынасты жеңіл жасайды.

Сұрақ қояды, қойылған сұрақтарға жауап береді, құрбыларының жауаптарын тыңдайды, ортақ сұхбатта ынталылық танытады, әңгімелесушінің сөзіне кедергі келтірмей сөзін тыңдап содан кейін сөйлейді, әңгімелесу барысында тәрбиешінің көмегіне жүгініп қойылған сұрақтың мәтініне байланысты түрлі типтегі сөйлемдерді қолданады.

Балалар ересектерге және құрбыларына сыпайы сөйлеу мәнерін, ризашылықпен сөйлеуді, ренішін және наразылығын білдіруге үйренеді. Өзінің және құрбылыраның сөйлеу барысында жіберген қателерін жөндейді.

Монолог құру біліктерін меңгереді: заттарды сипаттап 5-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды, өзінің көрген-білгенін айтып әңгімелеп береді, әдеби туындыларды мазмұндайды.

Slide 14

5-6 жастағы балалардың сөйлеу дағдысына сипаттама

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін еркін меңгереді. Тілдің белсенді сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен тәжірибесімен (алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда), олардың зияткерлік қабілеттерінің дамуымен: көп бейнелі байланысын құру іскерлігімен, бар білімдерін жеңіл қолдану, жалпылап, қорытынды жасай білуімен байланысты.

Slide 15

Балалар өзара қарым-қатынастың талдау, адамдардың адамгершілік қырындағы қылықтарын, дәлелді бағалай білудегі мәселелерін меңгере бастайды. Балалар диалогтік және полилогиялық сөйлеу іскерліктерін меңгереді: қоршаған ортамен қуана тілдік қарым-қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесулерге қатысып, сыпайы түрде сөйлесудің қабылданған нормаларын: әңгімелесушіні мұқият тыңдау, сұрақты дұрыс қою, сұратарға жауап беру, балалардың жауабын тыңдау, ұжымдық әңгімелесулерге қатысу, ортақ әңгімені қолдау, әңгімелесушіні бұзбай кезекпен сөйлеуді қолдана алады.

Slide 16

Сөздікті дамыту

Балалар тұрмыстық сөздікті, табиғат пен тұрмыстық заттардың атауларын, олардың қасиеттері мен сапаларын, құрылымын, материалы мен оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс және нақты қолдануды белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның пішіні, өлшемі мен басқа да белгілерін білдіретін сөздерді меңгеруді жалғастыру.

Ересектер тобында (5-6 жас) балалар материалдардың неден жасалынғаны, олардың қасиеттері туралы көбірек білулері тиіс. Кейбір заттар мен бұйымдардың дайындалу үдерісін білу (пісіру, жасау, тігу, үтіктеу және т. б. ) . Алты жаста балалардың сөздігі заттардың материалы, қасиеті мен күйін жалпылайтын сөздермен толықтырылады.

Slide 17

Тілдің грамматикалық дұрыстығы

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тілдің барлық негізгі грамматикалық түрлерімен қолданулары тиіс. Балалар құрбыларының тіліндегі грамматикалық қателерді анықтауға және оларды жөндеуге; грамматикалық формаларды дербес қолдануға үйренеді.

Slide 18

Тілдің дыбыстық мәдениеті

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар дыбыстарды дұрыс айтуға және сөздерге дыбыстық талдау жасау іскерліктеріне үйретіледі. Олар ана тілінің барлық дыбыстарын анық, дұрыс айта білулері тиіс. Күнделікті сөйлесу барысында дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттығады.

Өлеңдерді оқып, әдеби шығармаларды мазмұндау барысында балалар түрлі дауыс ырғағының құралдарымен қолдана білуі тиіс: сарын, сөйлеу ырғағы, қисынды екпін. Бұл құралмен балалар өзіне туған емес (қазақ және ағылшын) тіліндеріндегі өлеңдерді оқу және әдеби шығармаларды мазмұндау барысында да қолданулары тиіс.

Slide 19

Монологты сөйлеуді үйрену

(5-6 сөйлемнен құралған) заттар туралы әңгімелер, және тәжірибе оқиғаларын құрастыру; әдеби шығармалардан түсінігін айту, суреттер бойынша мәтін құрастыру. Ойыншықтар, суреттер бойынша баяндамалық әңгімелер шығару, жұмбақтар мен салыстырмалы жұмбақтар құрастыру.

Slide 20

Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы

Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т. б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф. Фребель, М. Монтессори, О. Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е. И. Тихеева, А. В. Запорожец, А. П. Усова, Н. П. Сакулина т. б. ) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.

Slide 21

Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.

Slide 22

Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Кеңестік психологтармен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, бастапқы оқу (әсіресе 1 сыныпта) барысында балаларда туындайтын қиындықтар қабылдау дәлдігінің жеткіліксіздігіне байланысты. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, сәулетші, жазушы, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жежетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.

Slide 23

«Сенсорлық мәдениет» ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М. Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді, ол баланың дамуы түбегейлі жануарлар баласының дамуынан айырмашылығы барын ескермеді. Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі.

Slide 24

Сенсорлық үлгілерді меңгеру - ұзақ және қиын процесс. Бұл қандай да бір затты дұрыс атауға үйрену деген сөз емес. Әр қасиет туралы дәл нақты білу керек, және ең бастысы оны әртүрлі заттардың қасиетін әртүрлі жағдайда пайдалана білу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, сенсорлық үлгілерді меңгеру - бұл оларды заттардың қасиеттерін бағалау кезінде «өлшем бірлік» ретінде қолдану.


Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ойынның психологиялық - педагогикалық ерекшелігі
Зердесін дамыту
Дидактикалық ойынның маңызы
Ағылшын тілін ойын арқылы оқыту
Тар мағынасында - бір сөздің барлық формаларының жүйесі
Жас тәрбиешінің педагогикалық технологиясы
Тіл мәдениетін жетілдіру
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Сюжеттік-рольдік ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz