Кеңселік жиһазды жасау цехын құру


Slide 1

Кеңселік жиһазды жасау цехын құру

Slide 2

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Қостанай облысында кеңсе жиһазын өндіру цехын құруды көздейді.

Цех өндіретін кеңсе жиһазының негізгі түрлері үстелдер мен шкафтар болады.

Кейіннен өндірілетін өнімнің жиынтүріне кеңселік жиһаздың басқа да түрлері қосылуы мүмкін.

Жоспарланатын цехтың тұтынушылары ірі ұйымдар да, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындар, сондай-ақ үй кеңселерінің иелері болады.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мынаны қамтиды:

Шығыстар, мың теңге

2 015

Негізгі капиталдағы инвестициялар

2 508

Кері капитал

2 977

Барлығы

5 485

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражатынан да, сондай-ақ қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қаржыландыру көзі, мың теңге

Сомасы

Кезең

Үлесі

Өз қаражаты

2 977

03. 2012

54%

Қарыз қаражаты

2 508

03. 2012

46%

Барлығы

5 485

100%

Slide 3

Кредит берудің келесі талаптары қабылданды:

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Өтеу мерзімі, жыл

6, 0

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдік кезеңі, ай

3

Негізгі борышты өтеудің жеңілдік кезеңі, ай

3

Негізгі борышты өтеу түрі

тең үлестерде

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері

Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге

7 559

Активтердің рентабельділігі

29%

Дисконттаудың 16% ставкасы болған кезде 5 жыл ішіндегі инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 9 736 мың теңгені құрайды.

Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR)

93%

Таза ағымдағы құны (NPV), мың теңге

9 736

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

2, 0

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

2, 2

Slide 4

Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы кеңсе жиһазын өндіру цехын құруды көздейді.

Цех өндіретін кеңсе жиһазының негізгі түрлері мыналар болады:

- үстелдер;

- шкафтар.

Кейіннен өндірілетін өнімнің жиынтүрлері кеңселік жиһаздың басқа да түрлерімен толықтырылуы мүмкін.

Ірі ұйымдар да, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындар да, сонымен бірге үй кеңселерінің иелері де жоспарланып отырған цехтың тұтынушылары болады.

Цех жалпы алаңы 100 шаршы метр жалға алынған орын-жайда орналастырылатын болады.

Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарында жоспарланып отырған айналымдарын ескере отырып оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланып, қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.

Осы бизнес-жоспар іс-қимылға басшылықтың түпкілікті нұсқасы болып табылмайды, ол тек қана осындай бизнес-идеяның әлеуетті даму мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасының да, сондай-ақ шығарылатын өнімнің жиынтүрінің де өзгеруі мүмкін.

Slide 5

Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы

Кеңселік жиһаз өзінде жоғары функционалдылықты, түрлендіру мүмкіндігін, тұтастықты, сәнділікті, икемділікті қамтуы тиіс.

Кеңсе үстелдері. Кеңсе үстелдерін бірнеше топтар мен санаттарға бөлуге болады. Қызметкерлерге арналған үстелдерді нысаны бойынша тік кеңселік үстелдер және бұрыштық деп бөлуге болады. Тік кеңселік үстелдердің құралымдары барынша қарапайым және бөлшектерінің саны барынша аз болып келеді.

Бұл әдетте АЖТ-дан жасалған екі тірек, царга (тіректер арасындағы өтпе) және үстелдің беті. Сондай-ақ олар жалғаспалы суырмаларымен және оларсыз да болуы мүмкін. Екінші жағдайда тумбасы жоқ үстелді икемді жылжымалы төрт дөңгелекті тумбамен жинақтауға болады, бұл тумбаны сол жаққа да, сондай-ақ оң жаққа да қоюға мүмкіндік береді. Бұрыштық кеңселік үстелдер. Өзінің құралымдары бойынша бұрыштық үстелдер (үстелдің төменгі бөлігі) тік үстелдерге ұқсас, үстел бетінің нысаны мен қосымша тіректің болуымен ғана ерекшеленеді. Кеңсеге арналған бұрыштық үстелдер әдетте, жалғаспалы тумбаларсыз жасалады. Көбінесе осы үстелдерге үстелдің жалғасы сияқты болып көрінетін жалғаспалы тумбалар беріледі, тумба үшінші тірек болып табылатын үлгілер де жиі кездеседі. Бұрыштық кеңселік үстелдер өзінің пропорционалды еместігінен сол жақтық және оң жақтық деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырыс беру кезінде бұрыштық үстелдердің тұрпатын бірден көрсету керек

Slide 6

Өндірістер бағдарламасы

2-кестеде жылдар бойынша өндірістің жоспарланатын бағдарламасы ұсынылған.

Көрсеткіш

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Ең жоғарғы қуатының өндірісі, %

58%

78%

90%

95%

100%

100%

100%

Үстел, дана

1 373

2 482

2 851

3 010

3 168

3 168

3 168

Шкаф, дана

686

1 241

1 426

1 505

1 584

1 584

1 584

Сату бағдарламасы маркетингілік зерттеулер жүргізу жолымен (тұтынушылардың кеңсе жиһазының дизайнындағы артықшылықтарын анықтау мақсатында), сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүргізілген нәтижелер негізінде жүзеге асырылатын болады.

Бағаларды қалыптастыру кезінде тұтынушылардың олардың кірістерінің орташа деңгейімен айқындалатын сатып алу қабілеті ескерілген.

Бағаларды қалыптастыру өнімнің нарықтық бағаларына және толық өзіндік құнына негізделген.

Атауы

Мәні, теңге

Үстел

5 700

Шкаф

10 500

Slide 7

Маркетингілік жоспар

Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Объективті түрде алғанда Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат базасы жоқ, дәстүрлі түрде қажетті сүректің 70%-на дейін сырттан әкелінеді. Алайда, Қазақстанның ағаш өңдеу және жиһаз кәсіпорындарында өндірістің өсуі өткізу нарықтарының кеңейтілуі есебінен, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының азаюы жаңа технологияларды енгізу есебінен болды.

Суреттен көрініп тұрғандай, ҚР-да 2010 жылы жиһаз өндірісінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 3 510 млн. теңге (немесе 19, 5%-ға) ұлғайды.


Ұқсас жұмыстар
Трансформер жиһаз жасайтын цех ашу
Бизнес жоспар: Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Word мәтіндік процессордың мүмкіндіктері 6 сынып
Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Тәжірибелік дағдылар
Көп көлемде суды және жуғыш заттарды пайдаланып тазалау
Логистикалық орталық салу
Кеңістіктік талдау арқылы есептерді шешу
Мысалдардан инновация - цифрлы дәуірдегі брендтер үшін керемет құнды тауар
ҰСЫНЫС ХАТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz