Тірек – қимыл жүйесі


Slide 1

Тірек - қимыл жүйесі

Орындаған: Ерсаинов Д. Е. (П-411)

Тексерген: Құнанбаева Н. С.

Семей - 2015

Slide 2

Тірек-қимыл жүйесі

Қаңқа Бұлшық ет

(белсенді) (енжар)

Slide 3 Slide 4

ТҚЖ атқаратын қызметі:

-тіректік

-қозғалтқыш

-қорғаныш

Slide 5

Қаңқа

-бас сүйек

-омыртқа жотасы

-кеуде қуысы

-иық

-аяқ-қол сүйегі

-жамбас белдеуі

Slide 6

Бас қаңқасы

Ми

Бет

-маңдай

-шүйде

-жұп самай

-төбе

-үстіңгі жақ сүйек

-астыңғы жақ сүйек

Slide 7

Бас сүйектері - ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады. Ми сауыты- маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан. Бет сүйектері- жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік, мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады. Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек болады. Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 жаста, жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен 8 есе, ересектерде 2-2, 5 есе артық.

Slide 8 Slide 9

Кеуде қуысы

омыртқа жотасы - 33-34

қабырға-12

төс сүйегі

Slide 10 Slide 11

Омыртқа

жотасы

мойын-7

арқа-12

бел-5

сегізкөз-5

құйымшақ-4-5

Slide 12

Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады: 7 мойын омыртқасы, 12 арқа омыртқасы, 5 бел омыртқасы, 5 сегізкөз омыртқасы, 4-5 құймышақ омытқасы. Сегізкөз және құймышақ омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен. Әр омыртқаның денесі, доғалары болады. Омыртқаның тығыз жері денесі. Омыртқа денесі мен доғасы омыртқа каналын құрайды. Доғасынан 7 өсінді шығады: 1 артқа қараған, 2 жоғары қараған, 2 төмен қараған, 2 бүйір.

Омыртқалардың өзіндік ерекшеліктері болады:

І-ші мойын омыртқасы тікелей бассүйегімен жалғасып кеткен, денесі және өсінділері болмайды және омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек. І-ші мойын омыртқасын атлант немесе ауыз омыртқа деп атайды.

ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Тісшедегі бетімен ауыз омыртқамен жалғасады.

ІІІ-ші мойын омытқаның арқа өсіндісі ұзын болады.

Slide 13 Slide 14

Иық белдеуі

Жауырын

Бұғана

Slide 15

Иық белдеуін жауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйектері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады.

Жауырын - жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшықет арқылы жалғасқан. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатаяды.

Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.

Slide 16

Қол сүйектері

тоқпан жілік

кәрі жілік

білек

қол басы сүйектері

Slide 17

Қол сүйектері - тоқпан жілік, білек (шынтақ пен шыбық сүйектен құралған), қол басы (білезік, алақан, саусақ) сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады. Кәрі жіліктіңқатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Білезік сүйектерініңқатуы 14-16 жаста аяқталады. Саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.

Slide 18

Аяқ сүйектері

ортан жілік

асықты жілік

шыбық сүйек

толарсақ

табан

бақай

Slide 19

Аяқ сүйектерін - ортан жілік, асықты жілік пен шыбығы, табан сүйектері құрайды. Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, мойны, денесі болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өсе бастайды да, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпты баяу өседі. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен шыбығықыздарда 16-17, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өседі.

Slide 20

Жамбас белдеуі

омыртқа

жотасының

сегізкөз бөлімі

жамбас

сүйегі

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Қабырға Төс сүйегі
Жамбас белдеулерінің сүйектері
Дене және еңбек сабақтарын өткізу
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері
ТІРЕК - ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІГІ
Қаңқа бөлімдері
Баланың сүйектерінің ерекшелігі
Жамбас белдеуі
Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Күтім жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz