Гүлді өсімдіктер аурулары. Жaбық тұқымдылap




Презентация қосу
Гүлді өсімдіктер аурулары.
Жоспар.
1. Гүлді өсімдіктер, олардың
аурулары
2. Фузариоз ауруы
3. Монилиоз ауруы
4. Антракноз ауруы
5. Ақ шірік ауруы
6. Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер
Гүлді өсімдіктер.
Жaбық тұқымдылap (Magnoliophyta немесе Angiospermae) –өсiмдiктеpдiң
ең жoғapғы тoбы. Бұлapдың aшық тұқымдылapдaн aйыpмaшылығы –
тұқым бүpшiгi жaтын iшiнде жетiледi. Гүлдi өсiмдiктеp бapлық құpлықтa
өседi, судa кездесетiн түpлеpi де бap. i өсiмдiктеp м әңгi жaсыл жaпыpa қтapы,
қoс жынысты гүлдеpi бap, aғaш тәpiздi өсiмдiктеp бoлғaн. Г үлдi
өсiмдiктеpдiң ең көп тapaғaн уaқыты – бop кезеңiнiң aя ғы. Г үлдi
өсiмдiктеpдiң жеp шapынa кең тapaлуынa oлapдың құp ғa қшылыққa
төзiмдi вегетaтивтi opгaндapының бoлуы, қoлaйсыз климaтты қ жa ғдaйдa
өсуге бейiмдiлiгi, негiзiнен, жәндiктеp ap қылы тoзa ңдaнуы, т ұқымдapы мен
жемiстеpiнiң жaнуapлap apқылы тapaлуы себеп бoлғaн. Қaзip г үлдi
өсiмдiктеpдi дара жарнақтылар және қос жарнақтылар деп 2 клaс қa б өледi.
Oлapдың 450 тұқымдaсқa бipiгетiн 12,5 мың туысы және 250 мыңнaн aстaм
түpлеpi белгiлi. Қaзaқстaндa 125-тей тұқымдaсы, 1000-нaн aстaм туысы,
6000-дaй түpi кездеседi. Гүлдi өсiмдiктеpдiң ең ipi
тұқымдaстapы: aстық бұpшaқ тұқымдaстap күpделiгүлдiлеp,
еpiндiгүлдiлеp, т.б.; Гүлдi өсiмдiктеpдiң қaтapынa тa ғaмды қ
(пияз, сapымсaқ, қызылшa, т.б.); техникaлық (ши, құpa қ, зы ғыp, қoзa, т.б.);
дәpiлiк (шaйшөп, жөке, шүйiншөп, т.б.); әсемдiк (paушaн, қaлaмпыp, т.б.)
өсiмдiктеp жaтaды. Гүл тек жaбық тұқымды өсiмдiктеpде ғaнa
түзiлген. Aтaлықтap мен aнaлықтap oсы гүлде жетiледi. Aнaлы қты ң
жaтынындa (Гүлтүйiндеpiнде) тұқым бүpшiктеpi opнaлaсaды. Ж
Фузариоз ауруы.
Fusarіum туысына жататын саңырауқұлақтар
тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауруға мәдени және жабайы
өсімдіктер мен дақылдардың әр түрлі мүшелері
шалдығады. Фузариоз қоздырғышы топырақта, өсімдік
қалдықтарында тіршілік етеді. Ол өсімдік тамырында
саңырауқұлақ жіпшелері, хламидоспорасы түрінде
сақталып, жапырақ пен сабаққа су және қоректік заттар
тасымалданатын өткізгіш түтікшелерді бітейді, сол себепті
өсімдік солып, қурап қалады. Фузариозды солуға
мақтаның жіңішке талшықты сорттары, орамжапырақ,
картоп, дәнді бұршақ және асқабақ, т.б. шалдығады.
Фузариоз шірімесі дәнді астық дақылдарын, қауын,
қарбыз, қияр, қызанақты зақымдайды. Фузариоз
топырағы тығыз, ылғалы мол егістіктерде көп кездеседі.
Өсімдіктің тамыры мен тамырсабағын шірітеді.
Фузариозға шалдыққан өсімдіктің масағы солып,
тамыры шіриді, дәні босап, егістік көктемей қалады.
Фузариоз саңырауқұлақтары
Қияр фузариозы
Фузариоз ауруымен күресу шаралары.
Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс
пайдалану, тұқымды гранозан немесе
меркуранмен, фунгицидпен дәрілеу,
егістікті өсімдік қалдықтарынан
мұқият тазарту, тазарған және
залалсызданған тұқым себу, фосфор-
калий тыңайтқыштарын шашу керек.
Монилиоз ауруы.
Монилиозды шірік — алма мен алмұрттың аса зиянды ауруы. Сүйекті
жеміс дақылдарынан бұл ауруға алхоры шалдығады. Ауруды ң бірінші
белгілері алма пісе бастаған кезде білінеді. Ал ғашқы кезде оны ң
үстінде оймақтай қоңырқай дақ байқалады. Ол тез үлкейіп,
тұтасымен жемісті шірітіп жібереді. Ауа райы ыл ғалды болса
залалданған жемістерде сарғыш күлгін са ңырау құла қты ң споралану
органы түзіледі. Аурудың инкубац. мерзімі ж әне белгілері алма
сорттарына байланысты құбылмалы келеді. Б ұл ауру ға апорт, алатау
арайы, пеструшка, голден делишес, грушовка верненская сорттары аса
бейім келеді, ал старкримсон азырақ шалды ғады. Алм ұрт б ұл ауру ға
толық пісе бастаған мезгілде шалдығады. Кесел, көбінесе жемісті ң
құстар шұқыған жеріне түседі. Ауруға шалдыққан жемістер ішінен
шіри бастайды, бар жоғы 5 – 10 күнде ол т ұтасымен қо ңыр қай тартып,
немесе қарайып кетеді. Қоздырғышы кеуіп қалған жемістерде күзде
және қыста сақталады. Бір жемістен екіншісіне олар бір-бірімен
түйіскенде жұғады немесе ауа арқылы таралады. Ауруды ң дамуын
тежеу үшін залалданған жемістерді мезгілінде жинап, көміп тастайды.
Алдын алу үшін ерте көктемде бақты бордо сұйықтығының 3%-ды
ерітіндісімен бүрку, вегетация кезінде жеміс жегілеріне қарсы
инсектицидтер қолдану керек.
Монилия споралары

Монилиозға шалдыққан алма
Антракноз ауруы.
Антракноз
өсімдіктің саңырауқұлақтан пайда
болатын ауруы. Ол өсімдіктің жапырағы
мен гүл бүршіктерінде, жемісі мен
сабағында қоңыр түсті, айналасы қызғылт
немесе қара дақтар түрінде пайда болады.
Соның негізінде өсімдік қарайып, қурайды.
Дәнді-дақылдарды, жеміс-жидектерді,
бақша дақылдарын т.б. зақымдайды.
Қызанақ антракнозы
Ақ шірік ауруы.
Күнбағыс, соя, үрме бұршақ, зығыр
және тағы басқа өсімдіктерде, сонымен
қатар қоймадағы көкөністерде
саңырауқұлақ салдарынан болатын өте
қауіпті ауру. Ақ шірік өсімдікті
істен шығарады. Ауруды болдырмау
шараларына жерді дұрыс жырту, ауруға
төзімді сорттарын шығару, ауру
өсімдіктерді жинап алып өртеу және
инсектицидтермен дәрілеу т.б. жатады..
Құлпынай ақ шірігі
Күресу шаралары
Инсектицидтер (латын тілінде insectum – жәндік және caedo –
жою) – зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық заттар.
Организмге ену жолына байланысты Инсектицидтер бірнеше топ қа
ажыратылады.
Жанасу инсектицидтері – жәндіктердің сыртқы тері қабаттарымен
жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы – сорғыш ауыз органдары
бар жәндіктерді (биттер, қандалалар) жоюға арналған.
Ішек инсектицидтері – инсектицидтерімен өңделген өсімдіктерді
немесе уландырылған жемдерді жеуі арқылы жәндіктерді ң ас қазан-
ішек жолына енеді; олар кеміретін жәндіктерді (шегірткелер,
қоңыздардың дернәсілдері мен ересектері, көбелектердің
жұлдызқұрттары) жоюға арналған.
Жүйелі инсектицидтер – өсімдікке топырақтың тамыры арқылы
немесе беткі жағынан өсімдіктің сөлі мен ұлпалары ар қылы еніп,
жүйке-талшық жүйесі бойына тарайды.
Фумигант немесе тыныс инсектицидтері – жәндіктердің
организміне бу, газ күйінде деп алу органдары арқылы енеді.
Фунгицидтер (лат. fungus — саңырауқұлақ және caedo — өлтіру) —
мәдени дақылдарды саңырауқұлақ қоздыратын аурулардан қорғау үшін
қолданылатын химиялық препараттар. Құрылымы жағынан
фунгицидтер органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Ертеде
фунгицидтер ретінде мыс пен темірдің, күкірт пен мырыштың
бейорганикалық қосылыстары қолданылған. Қазіргі фунгицидтер
түрлерінен: формальдегид, беномил, триазол, карбендазим, триадимефон,
флутриафол, приоклостробин және сынап пен хлор, т.б. элементтерді ң
органикалық қосылыстары, тилт, альто-супер, рекс, фалькон, скор,
импакт, ридомил МЦ, т.б. пайдаланылады. Бұлардың көпшілігі өсімдікті
аурудан қорғаумен қатар оны сол аурудан айықтыра да алады және бір
дақылда ауру түріне байланысты бірнеше фунгицидтер қолданылуы
мүмкін. Фунгицидтердің әсері бүркілген соң 1 — 2 сағат аралығында
өсімдік мүшелеріне сіңіп, қорғау мерзімі 20 — 30 тәулікке дейін жетеді.
Фунгицидтертер жиі қолданылатын ауруларға: астық дақылдарында кең
таралған сары, қоңыр және сабақ таттары, септориоз, көкөніс пен бау-
бақша және жеміс-жидек дақылдарындағы фитофтороз, мильдю, таз
қотыр, монилиоз, сұр шірік, т.б. жатады. Фунгицидтер қолдану мөлшері
мен мерзімі және жиілігі арнайы тексеруден өтіп, рұқсат етілген
пестицидтер тізімінде көрсетіледі. Фунгицидтертер ағаштан жасалған
құрылыс материалдарын, теріні, т.б. өңдеуге де қолданылады.
Темекі түтіні — жапырақ биті, трипске
қарсы қолданылады. Ол үшін биттеп
жатқан сүректі жерлерде ылғалды темекі
жапырағын өртейді. Жылыжайдың 100
шаршы метр ауасына 400 г темекі т үтінін
алады.
Темекі түтініне қылқан жапырақтылар,
гелиотропер, басқа да жас нәзік
жапырақтары бар өсімдіктер сезімтал
болып келеді. Екінші қайтара аз
мөлшерде түтіндету жақсы нәтиже береді.
Қорытынды.
Демек, өсімдік ауруларының таралуы
мен дамуын және зияндылығын шектеу
үшін карантиндік және
фитосанитарлық, агротехникалық, ал
қажет болса химикалық шаралар
қолданылады. Осы мақсат үшін
селекция және биотехнология
әдістерін кеңінен пайдалана отырып
ауруға берік немесе төзімді сорттарды
шығарудың атқаратын маңызы өте
зор.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова
«Фитопатология»
• Шварцман С.Р., Материалы к истории
микофлоры Казахстана, А.-А., 1962

Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдік аурулары
Гүлді өсімдіктер және олардың ауруларының түрлері
Гүлді өсімдіктер аурулары
Гүлді өсімдіктер және олардың аурулары
Қосжарнақтылардың тамыры
Даражарнақты класы
Жабық тұқымды өсімдіктер
Жабықтұқымды өсімдіктер
Көкнәр,алабота тұқымдастары
Көкнәр, алабота тұқымдастары. 6-сынып
Пәндер