Ломбард
Презентация қосу
Ломбард
ОРЫНДАҒАН: БУРКУТБАЕВА С
ТОБЫ: ФН:305
Ломбард — жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік
кепілдігімен қысқа мерзімді қарыз беретін мекеме.
Тұңғыш рет Францияда 15 ғасырда Ломбардиядан
шыққан италиялық көпестер құрған. Ломбардқа
заттарды (асыл металдан, асыл тастардан жасалған
бұйымдарды, кілем, сәндік әшекейлерді, т.б.) кепілге салу
туралы шарт ломбардтың кепілзат билетін беруімен
рәсімделеді. Ломбард кепілге салынған заттарды
бағасының толық сомасында сақтандыруға міндетті.
Ломбард қызметкерлері кепілге салынған заттардың
жоғалғаны, бүлінгені үшін, мұның тылсым күш
салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жауапқа
тартылады. Ломбард қызметкерлерінің кепілге
салынған заттарды пайдалануға, иеленуге құқы жоқ.
Кепілзатпен қамтамасыз етілген несие сомасы
ломбардқа уақытында қайтарылмаған жағдайда ол
нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде
кепілзатты сата алады. Заттарды сақтайтын үй-
жайды да ломбард деп атайды.
Ломбардтың шарттары
берілетін
"1Ломбард"
Ломбард ашуға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау
тәртiбi :
Ломбард құрылтайшылық шарт негiзiнде (құрылтайшылар саны
бiрден артық болғанда) құрылады және өзiнiң құрылтайшылық
құжаттары мен Ұлттық Банк берген лицензияға сәйкес iс-әрекет
етедi.
Құрылтайшылық құжаттар банк заңдарының талаптарын ескере
отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес
жасалады.
Құрылтайшылық шартта қатысушылардың ломбардтан шығу
жағдайлары, сонымен бiрге өзiнiң шығуы туралы басқа
қатысушылары, 6 ай бұрын ескертуге мiндеттi екенi көрсетiлуi
тиiс.
Ломбардтың құрылтайшылық құжаттарына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу қолданылып жүрген заңда белгiленген
тәртiппен жүзеге асырылады.
Ломбард ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса
берiлу ;
а) ломбард құратын құрылтайшылық құжаттар: жарғы,
құрылтайшылық шарт, жарғыны бекiту және ломбардтың
органын тағайындау туралы құрылтайшылар жиналысының
шешiмi;
Лицензияны алу үшін өтініш беруші
уәкілетті органға "Лицензиялау
туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 16-бабында көзделген
құжаттарды, сондай-ақ Банктер
туралы Заңның 26-бабы 2-тармағы
талаптарының орындалуын
растайтын құжаттарды ұсынады.
Ломбардтардың қызметiн ұйымдастыру және реттеу
Ломбардтың басшы
Ломбард қызметiн шектеу және тоқтату тәртiбi
Ломбардтың қолданылып жүрген заң нормаларын, осы Ереженiң талаптарын және Ұлттық
Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзғаны үшiн оған санкциялар
қолданылуы мүмкiн. Ұлттық Банктiң ломбардқа санкция ретiнде мынадай шараларды
қолдануына құқы бар:
а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген негiздер бойынша айыппұл
салу және өндiрiп алу;
б) осы Ережемен белгiленген негiздер бойынша лицензияны тоқтату не күшiн жою;
в) ломбардтың басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) қолданылып жүрген заң
талаптарына сай келмейтiндiгiн тануға жеткiлiктi деректер негiзiнде осы мәселенi
ломбардтың тиiстi органы қарағанға дейiн, Байқаушы кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнен
басқа, (ломбардты акционерлiк қоғам нысанында құрған жағдайда) ломбардтың басшы
қызметкерлерiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету.
Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларды тоқтату
не күшiн жою мына төмендегi негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзiледi:
а) ломбард қызметiнiң барысында осы Ереженiң талаптары сақталмаса;
б) жүргiзетiн операциялары бойынша ломбардтың шарт мiндеттемелерiн ұдайы (он екi
күнтiзбелiк ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп рет) тиiстi түрде орындамаса;
в) осы Ережеде белгiленген операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу бойынша
мiндеттерiн орындамаса;
г) Ұлттық Банкке есеп пен мәлiметтердi бермесе немесе олардың дұрыс еместiгiн бiле
тұра берсе;
д) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзса не оның жазбаша нұсқауларын
орындамаса;
е) ломбардтың осы Ережемен, ломабардтың жарғысымен және лицензиясымен,
белгiленген өзiнiң құқықтық ауқымының шегiнен тыс операцияларды жүзеге асырса;
ж) ломбардтың өз қызметiн қайта ұйымдастыру не тарату жолымен ерiктi түрде тоқтату
туралы шешiмi;
з) сот ломбард қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаса.
Ұлттық Банк банк операцияларын жүргiзудiң бұзылу сипатына қарай оны тоқататады не
оның барлық не жекелеген түрлерiн жүргiзуге берiлген лицензияның күшiн жояды.
Лицензияның күшiн жою банктi қайта тiркеуге немесе қызметiн тоқтатуға негiз болып
табылады.
Банктер
Қорытынды ережелер
Ломбардты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарда көзделген
тәртiппен жүзеге асырылады.
Ломбард немесе мемлекет өзiне ерекше жауапкершiлiк алған
кездерде болмаса, ломбард мемлекеттiң мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейтiнi сияқты, мемлекет те олардың
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Мемлекет ломбардтың мiндеттемелерi бойынша оның
жарғылық капиталына салған қаражаты шегiнде жауап бередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен
басқа жағдайларда мемлекеттiк органдардың және олардың
лауазымды адамдарының ломбардтың қызметiне кез келген
түрде араласуына тыйым салынады.
Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан
Республикасының заңдарымен реттеледi.
Назарларыңызға рахмет!
Тексерген: Токсеитова
А.С
Ұқсас жұмыстар
АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ – НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРІ |
Ипотекалық несие |
Батыс Еуропа, Поляк әдебиеті |
ЗАТТЫ САҚТАУҒА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ШАРТ |
САҚТАУ ШАРТЫ |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz