MS Excel бағдарламасы


Slide 1

СРО №4

Орындаған:

Жаксылық Аслан УА-503

Абулхаирова Жулдыз УА-503

Slide 2

MS Excel кестелік процессор

Slide 3

Негізгі мағлұмат

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Slide 4

Excel мүмкіндіктері

MS EXCEL программасында кез келген уақытта анықтама беретін ішкі жүйе ұйымдастырылған. Осындай енгізілген жаңалықтар жұмыс істеуде жеңілдіктер береді және программаны игеруді тезедетеді.

Ең маңызды программаның кеңейтілулеріне профессионалдарға арналған Visual Basic (VBA) программалау ортасы жатады. VBA толық программалау пакеттерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа EXCEL программасына енгізілген жаңалықтарға

Файлдар -менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді;

Сұхбаттық терезелер - регисторлар;

Форматтауға арналған шарт белгілер;

Диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plotмеханизмі.

Slide 5

Негізгі ұғымдар

Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А - Х, содан соң АА - АZ, одан кейін ВА - ВZ жәні т. с. с.

Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Slide 6

Негізгі ұғымдар

Ағымдағы ұяшық - көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

Блок (ұялар жиыны, аймағы) - тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Әр түрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен жұмыс. Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.

Slide 7

Кестемен жұмыс істеу мысалы

Slide 8

MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі

Slide 9

Мәліметтер қоры

Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты - нақты өмірдің объектілері туралы мәліметтерді өңдеу. Мәліметтер қоры сөзін кеңінен алғанда - бұл қандайда бір пәндік облыста шынайы өмірдің нақты объектілері туралы мәліметтер жиынтығы. Пәндік облыс деп шынайы өмірдің бір бөлігі деп түсінуге болады.

Мәліметтер қорын құрған кезде пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға ұмтылады.

Құрылымдылық (структурирование) - бұл мәліметтерді көрсету әдістері туралы келісімдерді енгізу. Құрылымдылық емес деп мысалы, текстік файлда жазылған мәліметтерді айтамыз.

Slide 10

Өнделмеген мағлұмат

Жеке іс қағаз №16562, Рамазанов Жасулан Рамазанұлы, туған жылы 1 ақпан 1985ж., Ж/қ №45621, Мустафина Динара Токтарқызы, туған жылы 12 маусым 1986ж., Ж/қ №78521, Жайлганова Меруерт Саттарқызы, туған жылы 15 қараша 1981 ж.

Slide 11

Access арқылы өндеу

Жеке іс қағаз №

Фамилия

Аты

Отчествосы

Туған жылы

16562

Рамазанов

Жасулан

Рамазанұлы

01. 02. 85

45621

Мустафина

Динара

Токтарқызы

12. 06. 86

78521

Жайлганова

Меруерт

Саттарқызы

15. 11. 81

Slide 12

Негізгі ұғымдар

Мәліметтер қоры (МҚ) - бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық мәліметтердің аталынған жиынтығы.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бұл мәліметтер қорын құру үшін, оларды актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет программалық және тілдік әдістер кешені

Өріс - ақпараттық бөлінбейтін өлшемі - реквизиттерге сәйкес келетін мәліметтерді логикалық ұйымдастырудың элементарлық бірлігі. Өрісті суреттеу үшін келесі сипаттамалар пайдаланылады:

-аты, мысалы, Фамилия, аты, отчествосы, туған жылы;

-тип, мысалы, символдық, сандық, күнтізбелік;

-ұзындық, мысалы, 15 байт, символдық максималды мүмкін санымен анықталады;

-сандық мәліметтер үшін нақтылық, мысалы, санның қалдық жағын суреттеуге арналған екі онсандық белгілер.

Жазба - өрістердің логикалық байланысқан жиынтығы. Жазбаның көшірмесі - оның өрістерінің нақты мәндері құрамына кіретін жазбаларды жеке өңдеу.

Файл (кесте) - бір құрылымның жазбалар көшірмесінің жиынтығы.

Файл жазбасының логикалық құрылымын суреттеу жазба өрістерінің орналасқан жерін және оның негізгі сипаттамаларын суреттен көруге болады.

Slide 13

Мәліметтердің реляциялық моделі

Реляциялық (ағыл. relation - қатынас) түсінігі Е. Коддтың мәліметтер қоры жүйесі облысында белгілі американдық маманның құрастыруымен байланысты.

Бұл модельдер мәліметтер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы және мәліметтерді өңдеуге арналған реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.

Реляциялық модель екіөлшемді кестелер түріндегі мәліметтерді ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екіөлшемді массивті көрсетеді және келесі құрамнан құрады:

әрбір кестенің элементі - мәліметтердің бір элементі;

кестедегі барлық бағандар бірдей, яғни бағандағы барлық элементтерде бірдей типі (сандық, символдық және т. б. ) мен ұзындығы бар;

әрбір бағанның өзгеше аты бар;

кестеде бірдей жолдар жоқ;

жолдар мен бағандардың реті дербес болуы мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
MS Excel кестелік процессор
Мәліметтерді сүзу
MS Excel кестелік процессоры. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі
САБАҚТЫ БЕКІТУ
Электрондық кестенің даму тарихы
MS-EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЙЛЫ
"XXI ғасыр көшбасшысы"
Excel –бағдарламасында кестелер құрылымы, кестелермен жұмыс
Кестені толтыру
Электрондық кесте
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz