Қазақстандағы ақша айналымы мен ақша-несие саясатын реттеу


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Ақша және ақша айналымын реттеу, ақша несиелік саясатты реттеу

Орындаған: Слямбекова М., ФН-407

Slide 2

Ақша айналымы- ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі - әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады.

Slide 3

Ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді

Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады

Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады

Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады.

Slide 4

Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері:

айналымға шығарылатын тауар

тауар бағасының дәрежесі;

ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты

Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар бағасының жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне бөледі

Slide 5

Ақша-несие саясаты елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады.

Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Slide 6

Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.

Ұлттық банктің пайыздық саяса­ты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.

Slide 7

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Шаруашылық конъюктурасынын,

жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады:

Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Slide 8

Қаржыны реттеу қызметінің дербес тармағы - несиені және несиелік қатынастарды реттеу болып табылады. Несие - бұл бір тұлғаның екінші бір тұлғаға уақытша, қайтарымдылық шартымен беретін ақшалай қаражаттары. Несиелік қатынастар дегеніміз - қарызға берумен және қайтарумен ақша есептеулерін ұйымдастырумен, ақша белгілерін және бағалы қағаздарды эмиссиялаумен, сондай-ақ несиені инвестиция көзі ретінде пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ақша айналымы мен эмиссия: банк жүйесі, реттеу және бухгалтерлік есеп
Қазақстан Республикасындағы ақша-несие реттеу: теориясы, қызметтері және институттары
Ақша нарығының макроэкономикалық моделі: ақша агрегаттары, ақша сұранысы теориялары және ақша-несие саясаты
Несие және несиелік ақшалар: түрлері, функциялары және Қазақстандағы ақша-несие саясаты
Ақша: шығу тегі, функциялары, сұранысы және ақша айналымы мен жүйесінің құрылымы
Ақша нарығы мен ақша-несие саясаты: құрылымы, функциялары және тарихи даму
Қазақстандағы ақша-несие, бюджет-салық және әлеуметтік саясаттың мақсаттары мен құралдары
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мақсаттары, құралдары мен институттары
Қазақстанның банк жүйесі және мемлекеттік ақша-несие саясаты
Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу: ақша-несие, бюджет-салық және әлеуметтік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz