Азаматтық, қазақстандық, елжандылық, этносаралық келісім тұралы туралы түсінік



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Жаратылыстану-математика факультеті Математика кафедрасы
Тақырыбы: «Азаматтық, қазақстандық, елжандылық, этносаралық келісім тұралы туралы түсінік»
Орындаған: Мұратбекова А, Т-411топ
Семей қаласы, 2015ж

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасындағы «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады.

Патриотизмнің қалыптасуының тарихы алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркі қағанаты, Алтын Орда, XYI-XYIII ғ. ғ., XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде негізі қаланып, 1986 жылға қазақ жастарының еліміздің тәуелсіздігі үшін күресі арқылы жалғасын тауып, бүгінгі егемен еліміздің қарқынды дамуы үшін өз үлестерін қосып отырғаны белгілі. Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты. Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. “Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон “Мемлекет туралы диалогінде”.

Отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбие мәселесіне қазақ халқы қоғамының барлық даму кезеңдерінде аса мән берген. Оны халықтық мәнге ие мол рухани мұра - түркі халықтарына ортақ тас ескерткіштердегі (Орхон-Енисей) тағылымдар, қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Иасауи) мен жыршы-жырауларының (Асан-қайғы, Шалкиіз-жырау, Ақтамберді-жырау, Бұқар-жырау, Дулат Бабатайұлы және т. б. ), ғұлама ағартушыларының (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және т. б. ) шығармашылық еңбектері және КСРО-ның алғашқы жылдарындағы қоғам қайраткерлерінің (А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және т. б. ) ой-пікірлері дәлелдейді.

Патриотизм- отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Патриоизм грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін детерминант болып табылады. Б. Момышұлы: «Патриотизм - Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық- мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасты білдіреді» - деп патриотизм ұғымына анықтама берген болатын

Зерттеуші Ә. Қ. Мүтәлі өзінің «Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу» атты педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефератыда елжандылық ұғымына анықтама бере отырып, «Елжандылық» ұғымының құрылымдық мәнін анықтау мақсатында ғылыми әдіснамалық еңбектерді сараптап төмендегідей тұжырымдар жасайды және елжанды адамға тән қасиеттерді жіктеп береді. Ол «елжандылық дегеніміз - өз ұлтын, халқын, жерін, ана тілін, ділін, мәдениетін сүйетін, оны дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыратын, өзге халықтарға бөтен ниеті жоқ әрбір ұлт адамына жарастықты қасиет» - деп анықтама беріп, «Елжандылық» ұғымының құрылымдық мәнін анықтау мақсатында ғылыми әдіснамалық еңбектерді сараптап мынандай тұжырымдар жасайды: 1) елжандылық ұғымының бір бағыты жеке тұлғаның өз ұлтын, халқын, жерін, ана тілін, ділін, мәдениетіне оң көзқарасының болуымен, оны сүюімен танылады; 2) елжандылық ұғымының екінші бағыты жеке тұлғаның елді дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыруға мүделілігімен сипатталады 3) елжандылық ұғымының үшінші бағыты жеке тұлғаның елдегі өзге халықтарға оң ниетті болып әрбір ұлт адамына жарастықты қасиет көріністерінің болуымен анықталады дейді.

Ал, Ұлтжандылық - өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, дәстүрін қадірлейтін, ұлттық намысты қорғай білетін адамның ең жоғарғы қасиеті. Ұлттық намыс - әрбір ұлт өкілінің отансүйгіштік қасиетін көрсететін жігерлі сезімнің, саналы іс-әрекетінің көрінісі. Ұлтжандылық сезімнің негізгі құндылықтары: адамның жеке басы, оның өмірі мен қызметі, туып-өскен ортада материалдық және рухани құндылықтар жасаудағы іс-әрекеті, айналасындағы еңбек, өнер адамдарының адами ізгі қасиеттерін терең сезініп, еліктеуі, олардың еңбектегі және өнер саласындағы табыстарына мақтаныш сезіммен қарауы, туған тілге, ұлттық өнерге, туған өлке тарихына деген қызығушылық білдіруі, сүйіспеншілік әсем сезімдердің жеке тұлғаның бойынан көрініс табуы екені пайымдалды [8; 9] . Филосов А. Айталы « . . . Ұлтжандылық халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар өздерінің осындай ұлтжандылығымен мықты», - деп атап көрсетеді.

Философ-ғалым М. Изотов патриотизмді ұлттық, жалпыұлттық және жалпықазақстандық тұрғыда қарастыра отырып, ұғымдарға жеке-жеке тоқталады. Ол «Ұлттық патриотизм - өзінің туған жеріне, өз ұлтының бірлігі, мәдениеті, тілі, дәстүрлеріне деген сезімінен туындайды, жалпыұлттық патриотизм - әрбір ұлт өкілінің өздерінің сол мемлекет халықтарының бір бөлігі екенін түсінуі, әртүрлі ұлт өкілдерінің өз Отанына деген махаббаты мен шынайы сүйіспеншілігі, жалпықазақстандық патриотизм - Қазақстанда тұратын әрбір адамның өзінің республика халықтарының ажырамас бөлігі екенін түсінуі, махаббат сезімі, Қазақстан Республикасына деген шынайы сүйіспеншілігі, халық пен отанының мүддесін қорғау азаматтық парызы» деген тұжырым жасайды.

Біз, «патриотизм», «елжандылық», «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «патриоттық тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамалар негізінде бүгінгі оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мазмұнын төмендегідей тұрғыда қарастырамыз: әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну; мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау; барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, тілін құрметтеу; еліміздегі бейбітшілікті, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау және әлемдік дамудың тыныштық пен бейбітшілікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсау. Нағыз азамат - патриот өзінің Отан алдындағы борышын сезінеді. Әртүрлі мәдени-материалдық құндылықтарды жасауда оның қоғам үшін, өзінің жеке басы үшін маңызын жақсы түсінеді. Ол нағыз патриотизмнің халыққа қызмет етуде көрініс алатынын біледі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін танып білуге, құнды дегеннің бәрін сақтауға, сонымен қатар қоғамды қайта құруда өз үлесін қосуға, озық тәжірибесін келешек ұрпаққа жеткізуге талпынады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz