Отбасы және жастар


Slide 1

Сабақтың Тақырыбы: Отбасы және жастар.

Slide 2

Халық санының табиғи өсімін қамтамасыз етуші құрам - жастар. Қазақстанның азаматы болып табылатын әр жас адам дер кезінде отбасын құрып, өмірге бала әкелуді ең асқақ, барынша ізгі, мейлінше қасиетті борышы деп есептеуі керек. Біздің жас мемлекетіміз үшін әрбір адам мен азамат ел тағдырын шешуші айқындаушы фактор. Қазақстан Республикасы үшін басты байлық -оның жерінің кеңдігі мен табиғи ресурстарының молдығы ғана емес, ең алдымен, оның адамдары деген сөзде үлкен мағына бар.

Slide 3

Отбасы.

Slide 4

Отбасы - ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа туыстардың ара-қатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт. Отбасы - қоғамның тірегі, оның алғашқы ұясы. Адам өмірінің мәні, алдымен, оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасынсыз адам бақытты болуы мүмкін емес.

Slide 5

Отбасының түрлері

Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады

Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады.

Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары косылып өмір сүріп жаткан отбасын күрделі отбасы деп атайды.

Slide 6

Неке.

Slide 7

Неке - отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында белгілі бір құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды.

Slide 8

Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттері заңды болады. Өмірде тіркелмей-ақ ерлі-зайыптыларша бірге тұратындар кездесе береді. Оларды әлеуметтанушылық-философиялық әдебиеттерде эксперименте отбасылар деп саралау қабылданған

Slide 9

Халық арасында оны «азаматтық неке» деп атау бар. Азаматтық хал актісін тіркеу органында белгіленбегендіктен, «азаматтық некедегі» отбасы заңды деп танылмайды. Олардың ерлі-зайыптылық қатынастарына мемлекет араласпайды. Бар мәселесін олар өздерінің адамгершілігі тұрғысынан шешеді.

Slide 10 Slide 11

Отбасын құру қағидалары. Отбасын құру белгілі бір қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Олардың бастылары мыналар:

еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;

бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;

отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;

Slide 12

балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;

кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына көңіл бөлу

отбасы мүшелері құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі;

отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;

отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.

Slide 13

Отбасындағы балалар мен ата-аналардың құқықтары. Отбасы жағдайында бала ерекше құқықтарға ие. Балалар құқықтары туралы конвенция бойынша он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған азаматтар бала болып есептеледі. Әр баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар. Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені талқылауға қатысуы керек. Соттасу кезінде он жасқа толған баланың пікірі ескеріледі.

Ата-ананың балалар алдындағы құқыктары мен міндеттері тең. Ата-аналар балаларының денсаулығын қадағалауға, оларды тәрбиелеуге, орта білім алуын қамта­масыз етуге міндетті.

Slide 14

Отбасының тұрпаттары. Моногамды және полигамды отбасылар. Отбасының түрлі тұрпаттары бар. Олардың ішінде қазіргі заманғы қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар.

Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар, негізінен, моногамды жөне полигамды болып бөлінеді.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматы
Отбасының әлеуметтік функциялары
Жастар әлеуметтану проблемалары
Жастар сясаты
Пайдаланылған әдебиет
Отбасы түрлері
Адам өмірінде отбасының рөлі
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі
Әлеуметтік топтардың жіктелуі
Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастарының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz