Ағынды желілердің жіктелуі. Тамақ өндірісі автоматтарының атқару механизмдерінің жіктелуі


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымының технологиясы кафедрасы

Ағынды желілердің жіктелуі. Тамақ өндірісі автоматтарының атқару механизмдерінің жіктелуі

Жетекшісі: Абдилова Ғ. Б.

Студент: Бекболатов Қ. Б.

Сыдыкова Б. Д.

Тобы: ТО-207

Семей - 2015

Slide 2

ЖОСПАР

I. Кіріспе

1. 1. Ағынды желілер және тамақ өндірісі машина автоматтары жайлы жалпы түсінік

II. Негізгі бөлім

2. 1 Майлылығы жоғары кiлегейден жасалатын сары майды өндiруге арналған П8-ОЛУ ағынды желiсi

2. 2 Сүт өндірісінде қолданылатын ағынды желілер.

2. 3 Ет өндірісінде қолданылатын ағынды желілер. Тауықтарды, бройлерлерді және балапандарды өндеуге арналған В2-ФЦЛ ағынды желісі.

2. 4 Күнбағыс майын өндіретін өндірістік ағынды желісі

2. 5 Тамақ өндірісі автоматтарының атқару механизмдерінің жіктелуі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Ағынды желі деп - нақты технологиялық процесті қамтамасыз ететін белгілі бір ретпен орналастырған машиналар мен жабдықтардың жиынтығын айтады. Ағынды желінің типін таңдауға әдетте өнімді жасаудың технологиялық үрдісі мен өндірістің типі негіз болып қызмет атқарады. Егер өндірістің типі көпше немесе көпсериялы болса, онда бірзаттық ағында желіні таңдаған жөн, себебі бір түрлі өнімді шығару астарлы болады, ал бұл барлық жұмыс орындарының анағұрлым үлкен жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. Егер өндірістің типі сериялы немесе азсериялы болса, онда әдетегідей көпзаттық ағынды жүйені таңдаған дұрыс, өйткені бір түрлі өнімді шығару желінің барлық жұмыс орындарының толық жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіншілік бермейді. Ағынды желіні таңдағаннан кейін (бірзаттық немесе көпзаттық) жасалынатын өнімнің технологиясы мен номенклатурасының негізінде үздіксізділік дәрежесі бекітіледі. Ол технологиялық үрдістің жеке операцияларын орындаудың және ағын тактісінің уақыттарын салыстырудан анықталады. Синхронизациялау шарты сақталған кезде үздіксіз-ағында желі, кері жағдайда - үздікті-ағынды желі қабылданады. Өнделінетін тетіктердің номенклатурасына, жабдықтың жүктелу коэффициентіне сүйеніп бірзаттық немесе көпзаттық желіні ұйымдастырудың мүмкіншілігі жөнінде қорытынды шығарылады. Жабдықтың жүктелу коэффициентін 0, 75 артық қылып алған тиімді. Тамақ өнеркәсіптерінің машиналарында әртүрлі механизмдер қолданылады. Олардың тораптарынан жұмысшы органдардың қозғалыс заңдары мен параметрлері тәуелді болады.

Slide 4

.

Slide 5

Бұл желi ВНИИМС-пен бiрге МосЗМО шыққан ОЛП желiсiнiң модернизациясы болып табылады. Ол майлылығы 30-40% кілегейден әр түрлі майларды өндіру үшін арналған: тәтімай, таңдамалы, шаруа, бутербротқа арналған және т. б. . Желіні май өндіретін кәсіпорындарда 1000 - 1500т көлемде дайын өнім өндіруде қолданады. Желінің негізгі технологиялық жабдығы (Т1-ОУК немесе ПТ-2 құбырлы пастерлегіштер, ОСД-500 майлылығы жоғары кілегейлерге арналған сеператор, ВН-600 мөлшерлегіш ваннасы және Т1-ОМ-2Т цилиндрлі май-тәріздегіш) өнеркәсіптерде шығарылады.

Желінің құрамына кіретіндер: сиымдылығы 250 л қаймаққа арналған қалтқылы деңгей реттегіші бар РЗ-ОНС багі, кілегейге арналған Г2-ОПБ маркілі 361Ц2, 8-20 ортадантепкіш электросорғы, Т1-ОУК (ПТ-2) құбырлы пастерлегіш, кілегейдің иісін кетіруге арналған ОДУ-3 иіс кетіру (дезодоратор) қондырғысы, КВН-4 вакуум-сорғысы, қалтқылы деңгей реттегіші бар РЗ-ОНЯ бак-толтырғыш, майлылығы жоғары кілегейге арналған екі сепараторлар, май суына арналған Р3-ОБЯ багі, май суына арналған Г2-ОПА маркілі 361 Ц1, 8-12 ортадантепкіш электорсорғы, мөлшерлейтін үш ВН-600 ванналары, майлылығы жоғары кілегейге арналған НРДМ сорғы-дозатор, Т1-ОМ-2Т үшцилиндрлі майтәріздегіш, РН-50Ш13М-1 таразылары (2 дана), таразыларға арналған үстел, ауаны сығуға арналған СО-7А (0-38Б) компрессоры, аспаптарды қосатын және бақылау - өлшегіштерді басқару пульті, майлылығы жоғары кілегейді тасмалдауға арналған науалардың толық жинағы (комплект), сүт құбырларының толық жинағы, арматуралар және ТЭ050-71120 электрлі таль.

Желінің жабдықтарын өндірістік-технологиялық процестердің жолы бойымен жабдықтайды және орналастырады, мұнда майцех заводының ауданнының шамаларын және орналастыруы, басқа бөлмелерімен байланысы және табиғи жарығы, сонымн қатар жабдықты қамтамасыз ету ыңғайлылығы, майды өлшемдеу (фасовка), буып түю және тасмалдануы есепке алынуы тиіс. Ванналар кезек бойынша жұмыс істейді. Ванналардың (мысалы, бірінші) толғанша, екіншісінде (анализдері бойынша қажет жағдайда) майлылығы жоғары кілегей талабына дейін ылғалдың мөлшерін біріңғайлау жүзеге асырылады, ал үшіншісінен біріңғайланған кілегей ротоционды сорғы-дозатормен 11 үшцилиндрлі майтәріздегішке 12 беріледі. Майтәріздегіштің цилиндрлеріндегі майлылығы жоғары кілегей салқындатылып қарқынды механикалық өңделінеді, осыдан қажетті сары майдың құрлымы мен консистенциясы алынады.

Майлылығы жоғары кiлегейден жасалатын сары майды өндiруге арналған П8-ОЛУ ағынды желiсi

Slide 6

Жабдықтардың сиппаттамасы технологиялық процестердің жұмысына сәйкес желідегі орналасу және қосылу жүйелігімен жүргізіледі.

Т1-ОУК құбырлы пастерлегіші (2 сурет) . Жабық ағында үздіксіз бастапқы майлылығы 30-40% кілегейді пастерлеу үшін арналған. Оның толық жинағына кіретіндер: құбырлы жылу алмастырғыш, пастерленбей қалған кілегейді қайтаратын клапаны, бу қысымын автоматты реттейтін және бақылайтын құралдарымен бірге бу құбыры, Г2-ОПБ 36-11-1, 2, 8-20 ортадан тепкіш электосорғысы, ТСМ-100 дистанциялық монометрлі термометрі, екі конденсат ажыратқыштары, құбыр жүйелерінің комуникациялары және қосалқы бөлшектің толық жинағы.

Құбырлы пастерлегіш бумен қыздырылатын бір-бірінің үстіне орналасқан екі цилиндрлі - жылу алмастырғыштардан тұрады. Цилиндрінің ұзындығы 1200 мм, қабының диамелті 350 мм, бу жейдесінің диаметрі 250 мм болады. Цилиндрдің бүйіріне құбырлы дискілер дәнекерленген және 24 құбырлары бар. Құбырларының сыртқы диаметрлері 30 мм, ішкі диаметрлері 26-27мм болады. Құбырлы дискілер және құбырлары тот баспайтын 12Х18Н10Т маркалі болаттан жасалынған. Құбырлы дискілерінің бүйірлерінде құбырларды қостап қосатын каналдармен жалғанған. Цилиндрдің сыртынан бірінші (астыңғы) және ақырғы (үстіңгі) келте құбыр түрінде штуцермен бірге шығып тұрады.

Цилиндрлерінің бүйірлері бірі екіншісіне оқшауланбауын және қымтауларын жүзеге асыратын резеңкелі тығыздағыштарымен нығыз қақпақпен жабылған.

Сорғымен сорылатын сұйық, бірінші құбырға беріледі, сосын каналға, мұнда араласып келесі құбырға өтеді, сосын қайтадан каналға, сөйтіп барлық құбыр жүйесімен өтіп шығады. Цилиндрлерінің булы жейдесіндегі бу шығатын жері пластиналы-шағылыстырғыш металынан жасалған.

Сүт өндірісінде қолданылатын ағынды желілер.

Slide 7

Ет өндірісінде қолданылатын ағынды желілер. Тауықтарды, бройлерлерді және балапандарды өндеуге арналған В2-ФЦЛ ағынды желісі.

Құстарды өңдеудің технологиялық процессі келесідей жүзеге асады. Өңделуге түсетін құстарды кеңістіктегі конвейерге аяқтарынан іледі, бұл цехтың ішінде жеке бөлінген арнайы бөлмелерде аспаларға құстарды ілу жүргізіледі.

Құстарды электрлі есенгіретуге арналған аппаратқа түседі, есенгіретілген құсты қан жинауға арналған науаның үстінде қолмен бауыздау жүргізіледі. Науаның үстінде ілінген құсты 120 с аралықта қансыздандырады.

Қансызданған құсты температурасы 5…540 С аралығында жылумен өңдеу аппартына түседі.

Құсты жылумен өңдеуден кейін қауырсындарын жұлуға арналған автоматтарға түседі. Автоматтарға үздіксіз температурасы 45…480 С су берілуі керек, бұл қауырсын жұлуға және жуу қажеттілігін қамтамассыз етеді. Қауырсындарын жұлғанан кейін құс ұшасы ұрып - тазалау машинасына түседі, мұнда ұшаға жабысқан жүндерден тазарту жүргізіледі, сонымен қатар құс ұшаларын 28…300 С температурадағы сумен жуылады.

Өңдеуден кейін ұшалардың өкпелерін, бүйректерін, ішек - қарындарының сыртқы қабықтарынан тазартады. Тазарудан кейін температурасы 1800 С сумен жууға арналған ұрып - жуғыш машинасымен жуылады. Ұшаны жуғаннан кейін ішін жару конвейерінен салқындатуға жіберетін конвейерге қайта ілінеді.

Ішек қарынынан тазартылған ұшаларды салқындату мұзды сумен суытатын қондырғыда жүзеге асырылады. Су температурасы бірінші сатыда 8-120С, ал екінші сатысында 10С болады.

Өңделген ұшаны семіздігіне және өңделу сапасына қарай іріктеліп өлшенеді және таңбалайды. Әмбебап автоматтарында құстың жұлынатын қауырсындары сонымен қатар жұлуға дейінгі орындары гидронауалардағы сумен жуылады және жуылған қауырсын қауырсын өңдейтін бөліміне өтеді. Науа цехтың полында жасалынып үсті тор шарбақпен жабылған.

Тауықтарды, бройлерлерді және балапандарды өңдеуге арналған В2-ФЦЛ ағынды желісі құсты қабылдау бөлімінен, өңдеу желісінен, ішек қарынындарын тазарту және тоңазыту, іріктеу бөлімі және өңделген ұшаларды қаптау, қауырсын өңдеу, техникалық қалдықтарын өңдеу процестерінен тұрады.

Ал құстардың аяқтарынан кесу құс ұшаларын бірінші реттік өңдеу конвейерлерінде жүргізіледі. Сою желісіндегі технологиялық операциялар орындалғаннан кейін құс ұшаларын аяқ буындарынан ішін жаратын конвейерге іледі. Ілінген ұшалар тазалық сарапшылар үстеліне келіп түседі. әр бір ұшаның ішкі органдары тексеріледі. Жарамсыз ішкі органдарын ұшалардан бөлек алып техникалық қалдықтар жинайтын гидротасмалдау науасына тасталынады, ал жарамсыз ұшалар ішін жару конвейерінен алынып арнайы бактарға тасталынып тазалық сарапшылар бұйрығымен басқа қолданыстарға жіберіледі.

Slide 8

Күнбағыс майын өндіретін өндірістік ағынды желісі.

Өсімдік майлардың өндірісі түзеледі операциялардың үлкен сандары, жүруде қайсылардың майлыда шикізат күрделі физика-химиялық процестерді ағады.

Технологиялық схема суреттеуі күнбағыс тұқымдарының кептіруінен бастаймыз.

Майлы өсімдіктердің басым көпшілік тұқымдары күзет орнына ­ пают жинаудан кейін дымқылдықпен, знамен үйлесімді асатынның ­ сақтауға арналған технологиялық өңдеу.

Көп таралған әдіспен ең дымқылдық төмендеулері туралы ­ мянды жылы кептіру келеді, қайсыда кептіргіш агент арқасында тұқымдардың жылытуы болады (ауа қоспасының және әдеттегі аздардың) және қашықтау буланушының ылғал тұқымдарынан мыналар жанында.

Шахталық үлгі кептіргіштері кең қолданылады. сушиль арқылы Высушиваемыелер тұқымдар жүреді ­ шахтаны, қайда газауалық қоспа шахтадан қорап орналасқан, шығарып салушы және шығарушылар.


Ұқсас жұмыстар
Машина – автоматтардың жіктелуі. Машина автоматтар мен ағынды желілердің жіктелуі, автоматтардың орындаушы механизмдерінің сипаттамасы
Қышқылдардың қасиеттері
Даналық бұйымдары бар машиналардың автоматты қоректендіргіштер Қоректенгіштердің құрылымы, жіктелуі және негізгі типтері
Жұлдыз топологиясы
Жеуге жарамды балдырлар - адам жеуге жарамды
Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
Компьютерлік желі түрлері
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫ
Риккетсиялар ұсақ полиморфты грам теріс бактериялар
Компьютерлік желілердің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz