Әліппеге дейінгі кезең




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО №1
Тақырыбы:Әліппеге дейінгі кезең

Орындаған:Сыдыкова Айгерім
Тексерген:Таттимбетова С.Ж

Семей 2015
ӘЛІППЕ — алғашқы
білім мен дағдыны
меңгертуге арналған
сауат ашу оқулығы
(араб әліпбиінің
“алиф” және “ба”
деген екі әріпінен
құралған). 
Әліппе – жас жеткіншектің ең алғаш танысатын оқулығы.
Баланың оқи білу және жазу дағдылары осы кітап ар қылы
қалыптасады. Кез-келген тілді меңгеруде жас баланы ң тез
үйрентінін білеміз. Одан басқа Қазақстанда тұратын өзге
ұлттың өкілдері мен қазақтың қара домалақ балдарын бала
кезінде өзіміздің ұлттық тілге үйренуіне ықпал жасасақ онда
біріншіден уақыттан ұтып және қазақ тіліне деген құрметке ие
болар едік. Сондықтан да қазақ тілінде сауат ашу жүйесінің
зәруліктері қазіргі таңдағы оқыту үрдісіндегі басты м әселені ң
бірі.
Кез-келген тілді үйрену үшін оның жасына қарамай, алдымен
оның меңгерген деңгейін қарастыру керек сияқты. Сонды қтан
алдымен қазақ тілін үйрену үшін әліппеден бастау дұрыс.
Сауат ашу мәселесі, “Әліппе” оқулығының ғылыми тұрғыда
белгілі бір тақырыптық – мазмұндық жүйеде түзілуіне
байланысты.
Әліппеге дейінгі кезең (I жартыжылдық) Біліктілігі:
- сөйлеуден – сөйлемді, сөйлемнен – сөзді, сөзден -
дыбысты ажырата алу және бөліп көрсете алу;
- сөздің дыбыстық (фонемдік) құрылымын бағдарлай алу;
сөздегі дыбыстардың ретін және санын анықтай алу; сөз
басындағы, сөз ортасындағы, сөз соңындағы дауысты,
дауыссыз дыбыстарды ажырата алу;
- сөзді буынға бөле алу;
- сөздің дыбыстық және буындық сызбасын; хабарлы,
сұраулы, лепті сөйлемдердің графикалық таңбаларын
айыра алу;
- жазу дәптерінің жолын сақтап, әр түрлі сызықтар.
өрнектер, таңбалар сыза алу; әріп элементтерін жаза алу;
- лексикалық тақырыптар бойынша әңгіме құрастыра алу.
Әліппеге дейінгі кезең:
1) тыңдалым. Ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушіні немесе
мұғалімді (сыныптастарын) аяғына дейін зейін қоя тыңдай білу. Ты ңдау
барысында ақпаратты дұрыс қабылдау, ондағы негізгі ойды түсіну, тиісті
жауап қайтару;

2) айтылым. Сөйлеу кезінде сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айту.
Сөздердің мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдану. Тілдік қарым-
қатынасқа, диалогқа қатыса білу, сөйлеу барысында айтатын ойыны ң
мақсатына және жағдаятқа сәйкес тілдік құралдарды тиімді та ңдау. О қу
міндетіне (суреттеу, баяндау, пікір айту) сәйкес монологтік (ауызша)
сөйлеуді меңгеру, өзі жайында, ата-анасы, үй-іші жайлы, достары туралы
айтып бере алу. Мектептегі және күнделікті өмірдегі түрлі жа ғдаяттар ға
сәйкес сөйлеу мәдениеті (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) нормалары
мен орфоэпиялық нормалар туралы түсінік қалыптастыру. Дауыс ыр ға ғын
дұрыс қою. Айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстарын
дұрыс айтуға дағдыландыру: жаңылтпаштар, жұмбақтар, санама қтар
жаттату;
3) оқылым. Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы алғашқы
түсінік. Сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөздерден,
сөздің буындардан құралатындығын графикалық сызба
арқылы ұғындыру және оқу. Графикалық сызбалар
бойынша сөйлемдер құрастырып оқу;

4) буын туралы алғашқы түсінік. Сөзді буынға
бөлу, сөздегі буын санын, буын түрлерін анықтау.
Графикалық сызбалар түріндегі буындардан сөз құрап
оқу;
5) дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік .
Буынның дыбыстардан (әріптерден) құралатынды ғын
графикалық сызба арқылы ұғындыру. Дыбыстарды ң
дауысты және дауыссыз түрлері болатыны: ауыз қуысында
ауаның кедергісіз, еркін шығуынан жасалатын дыбыстарды ң
дауысты деп аталатыны немесе ауыз қуысында ғы с өйлеу
мүшелерінің қатысуымен жасалатын дыбыстарды ң дауыссыз
деп аталатыны туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Дыбыс шығаруда сөйлеу мүшелерінің әрекеті, дыбыстарды ң
артикуляциясы: дыбыстау кезінде дауысты ж әне дауыссыз
дыбыстарды ажырату. Дауысты дыбыстарды ң буын жасай
алатыны (буындағы дауысты дыбысты ұза ғыра қ созу);
6) буындық-дыбыстық талдау: сөзді буынға бөлу,
буын санын, буын түрін анықтау, сөздегі дыбыс санын, оны ң
дауысты немесе дауыссыз екенін ажырату;
7) жазылым. Жазу жұмысына дайындық жаттығулары:
үзік сызықтарды бастыра отырып, түрлі фигуралар,
өрнектер, сызықтар (көлбеу, тік, ирек, үзік) салу, үзбей,
байланыстыра жазуға дағдыландыру. Санитарлы қ-
гигиеналық талаптарды сақтау (дұрыс отыру, парта бетіне
дәптерді дұрыс орналастыру, қаламды дұрыс ұстау ережесі);
8) тіл дамыту. Сөздік қорын байыту: суреттер бойынша
кім? не? кімдер? нелер? қандай? қай? не істеді? қайтті? не
үшін қажет? т.б. сұрақтарға жауап ала отырып, заттарды ң
атын атату, сапалық қасиеттерін, қимыл, іс-әрекетін,
атқаратын қызметін, т.с.с. айтқызу, сөздердің мағынасын
түсіндіру, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрату, ертегі
айтқызу. Тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар, ж ұмба қтар
жаттату.

Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Сауат ашу пәнінің маңыздылығы
Сауат ашу пәнінің мақсаты мен міндеттері
1.«Әліппе серігі» бойынша жұмыс.. 2. «Жазу дәптері» бойынша жұмыс. 3. «Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар» бойынша жұмыс 4. «Кеспе әріптер мен буындар» бойынша жұмыс
Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Сынып Оқушылар Жоғары деңгей Орта деңгей Төмен деңгей саны
Сауат ашу әдістері
Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі жалпы шолу
ӘЛІППЕ ОҚУЛЫҒЫ
Пәндер