Дәнді дақылдар



Орындаған: Рақымғожа Е. Тексерген: Касымов С. К.
Дәнді дақылдар

Астық дәнді дақыл
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар -бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.

Бірінші топтағы дәнді дақылдар
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады. Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.
1) Күздік дәнді дақылдар
2) Жаздық дәнді дақылдар

Күздік дәнді дақылдар
Жаздық дәнді дақылдар
Күздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа. Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі.
Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері. Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
Ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.
Кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.

Екінші топтағы дәнді дақылдар
Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.

Астық дақылдары дәндерінің құрамы
Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13, 8-20, 0% болса, ал күріш дәнінде 6, 7-7, 6% ғана болады.
Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1, 5-3, 0%, ал көмірсутегі 67, 8-80, 9% шамасында болады.
Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.

Дәнді дақылдардың өсіп-дамуы
Тұқымнан өніп, көктеп шыққанна дәннің пісіп детілуіне дейінгі мерзімді өсімдіктердің вегетациялық кезеңі деп атайды.
Дәнді масақты дақылдар өсімдіктері вегетациялық кезеңде бірнеше фенологиялық өсу және даму сатыларынан өтеді. Олар:
тұқымның бөртуі және өнуі
көктеу
түптену
түтік шығару
масақтану(шашақ бас шығару)
гүлдену
пісу(сүттеніп, қамырланып және толық пісуі)
Өсу және даму фенологиялық сатыларда өсімдіктерде сыртқы морфологиялық өзгерістер байқалады.

Астықты дәнді дақылдардың шаруашылықтағы маңызы
Астықты дәнді-дақылдарды тағамға, мал азығына және тамақ өнеркәсібіне шикізат қоры ретінде пайдаланады. Бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері азық-түлікке пайдаланылып, олардан түрлі тағамдар жасалса, сонымен қатар олардың кейбіреуі құнарлы мал азығы. Бірқатар дәнді дақылдар - тамақ өнеркәсібі үшін шикізат қоры. Арпа - сыра, жүгері спирт өндірісінде пайдаланылады. Осындай жан-жақты пайдаланылатын болғандықтан, оларды Қазақстанның барлық аймақтарында өсіреді.

Қазақстандағы астық дақылдарының сорттары
Қазақстанда дәнді дақылдардың, жармалық және бұршақ дақылдарының республика селекционерлері шығарған 70-астам сорты мен гибриді аудандастырылған. 1980-1984 жылдары күздік бидайдың 10, күздік қарабидайдың 3, арпаның 3, сұлының 2 сорты, жүгерінің 9 гибриді, күріштің 4, тарының 6, қарақұмықтың 1 сорты шығарылды. Олардың ең бастылары - "Қызыл жұлдыз", "Красноводопадская - 210", "Богарная 56", "Алматы аласасы", "Оңтүстік Қазақстан 43", "Қазақстан 126", "Қызылбас", "Шортанды 25", "Қазақстан 3", "Целинный 20", "Қазақстан 4", "Целинный 21", "Қарағанды 2", "Эритроспермум 74", "Целинный 5", "Бәйшешек", "Қазақстан 43 ТВ", "Қазақстан 367", "Қазақстан С 4", "Қазақстан 5 ТВ", "Үштөбе"

Дәнді дақылдар жинаудан жетекші елдер. 2006 ж.
Рет саны
Елдер
Өнім мөлшері, млн т
Елдің дәнді дақылдар жинаудағы үлесі, %
1
Қытай
480, 0
21, 6
2
АҚШ
306, 0
16, 4
3
Үндістан
230, 0
10, 6
4
Ресей
85, 0
3, 2
5
Франция
60, 0
3, 1
6
Канада
50, 0
2, 8
7
Индонезия
50, 0
2, 6
8
Бразилия
50, 0
2, 2
9
Украина
50, 0
2, 1
10
Аргентина
33, 6
1, 6

Астықты алқап - мақтаным, Қамбамызда қап-қап ұн. Қасиетті ұн мен нан, Жасалады бидайдан.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz