XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығы: саяси-әлеуметтік дағдарыс, жоңғар шапқыншылығы және ауызша әдеби мұра


Slide 1 Slide 2

XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылғаны белгілі.

Әз Тәуке ханның өлімінен кейін (1718 ж. ) елдің бірлігі бұзылды. «ХVІІІ ғасырдың бас кезі, -деп атап көрсетті академик Бартольд, - Азия мұсылмандары үшін саяси-экономикалық, мәдениет салаларында құлдырау жылдары болып табылады». ХVІІІ ғ. басында Ш. Уәлиханов айтқандай, «қазақ халқының басына күн туды». Әсіресе, жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына батты. Абылай ханның айтуынша, «ХVІІІ ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды».

Slide 3

Осы кезеңді пайдаланып қалмақтар қазақ жеріне шапқыншылық жорықтарын жүргізе бастады. 1710-1711 жж., 1717 ж., 1723-1725 жж., 1740-1742 жж. қазақ жеріне жоңғарлар бірнеше дүркін шабуыл жасады. Қалмақтарға күйрете соққы берген қазақ батырлары Жоңғар мемлекетін құлатты. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалуда Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру қабілеті, дипломатиялық шеберлігі зор болды.

Slide 4

Қазақ қоғамының экономикалық-саяси өркендеуі ұсақ рулық дәрежеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен бір тұтас хандық мемлекет құрылуына мүмкіндік болмады. Қазақтың үш жүзі бір-бірімен өзара байланыссыз оқшау өмір сүруге тырысып бақты. Көрші елдер осы хандықтардың наразылықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп бағындыруды көздеді.

Slide 5

Қазақ хандығы төрт жүз жылға жуық өмір сүрді. Іргелі елдер қатарына қосылды. Алыс-жақын елдермен әкімшілік-саяси жағынан да, тарихи-руханияттық тұрғыдан да тұрақтылық пен байланыс орнықты. Алайда, Абылай өлімінен соң-ақ (1731 ж. ) Ресейдің отаршылдық саясаты күшейе түсті. Ресейдің басқыншылық-үстемдік әрекеттерінен Қазақ Ордасы құлады. Қазақ хандығы бұл тұста саяси-рухани тәуелсіздігінен айырыла бастады. Азаттық, теңдік тақырыбы күн тәртібіне өткір қойылды.

Slide 6

Ақиқатында, азаттық жолы - ауыр, тәуелсіздік мұраты - қымбат та кәделі болып келген. Бүгінгі өмір шындығы, уақыт тынысы осыны айқын аңғартады.

Сондықтан, жоғарғы оқу орнында оқитын әрбір студент өз халқының тарихын, оның әрбір кезеңін, әдебиет тарихындағы орнын білуге міндетті.

Қазақ халқының тағдыр-талайы мен төл әдебиетінің тарихын оқып-танудың, таразылаудың ерекше мәні бар. Осы реттен келгенде :

Slide 7

қазақ тарихына, сөз өнерінің бастау-арналарына ден қою;

- қазақ хандығы тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалға, Керей, Жәнібек хандардың елдік мұраттар жолындағы іс-әрекеттеріне мән беру;

- қазақ даласының ежелгі тарихына, руханият мәселелеріне назар аудару;

- қазақ атауына қатысты дерек көздерін жаңаша бажайлау;

- қазақ хандығының туы тігілген жер - Қозыбасы атауын айқындау;

- әз-Тәукенің «Жеті жарғысының» маңыз-мәніне үңілу;

Slide 8

«Әр дәуірдің өз міндеттері бар» (Гейне) . Тарихтан - тағылым, тағдырға - тағзым. Осы реттен келгенде, ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ әдебиетінің мұралары негізінен ауыз екі үлгіде тарады, яғни кешеден бүгінге жетті. Бұл - бір.

Екіншіден, осы кезең туындылары көбіне өлең, жыр, толғау түрінде жеткен.

Үшіншіден, адам бейнесін жасаудың алуан түрлі үлгі-өрнектері бар. Мысалы, Асан қайғы - Жәнібек ханның, Бұхар жырау - Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлардың, Шалкиіз - Би Темірдің, Үмбетей - Бөгенбайдың әдебиеттегі образдарын сомдаған

Slide 9

Әдебиет:

Абылқасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. А., 1984

Әбілқасымов Б. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. А., 1988

Абусеитова М. Казахское ханство во второй половине ХVІ века. А., 1985.

Антология казахской поэзии. М., 1958.

Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.

Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959; Әдебиет тарихы. А., 1991.

Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961.

Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. А., 1993.

Басин В. Я. Русско-казахские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. А., 1974.

Түріктер (жинақ) . А., 1999.

Ысмайылов Е. Ақындар. А., 1959.

Хасенов Қ. Қазақ тарихының 5000 жылдық баяны. А., 1996.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ-жоңғар қатынастары: Жоңғар шапқыншылығы мен қазақтардың қарсы күресі (XVII-XVIII ғғ.)
Жоңғар шапқыншылығы мен қазақ-жоңғар соғыстары (XVII-XVIII ғғ.): себептері, кезеңдері және салдары
Жоңғар хандығының қалыптасуы және XVII-XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары
XVII-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы: ішкі әлсіреу, жоңғар шабуылдары, Тәуке ханның Жеті жарғысы және Ресей отарлауы
XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қақтығыстары: тест, сәйкестендіру және картографиялық тапсырмалар
5-сынып: Жоңғар шапқыншылығы және XVIII ғасыр қазақ батырларының ерлігі - сабақ жоспары
Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы және қазақ этнонимі: XV-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары
5-сынып Қазақстан тарихы: XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы мен қазақ батырлары сабақ жоспары
Жоңғар хандығының қалыптасуы, мемлекеттік құрылымы және Цин империясымен қақтығыстары (XVII-XVIII ғғ.)
Қазақстандағы отарлау кезеңінің басталуы: XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. саяси, әлеуметтік және әкімшілік өзгерістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz