Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру


Slide 1

Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру.

Орындаған: Мұхатбек Аида

ГУ-409 тобы

Slide 2

Жинақтау

Мақсаты - бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Жай

жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау

Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.

Түрлері

Тәсілдері

Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.

Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.

Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады.

Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі

Ұйымдастырылуы

Slide 3

Топтау

Мақсаты - жинақталған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілерге қарай іріктеу, қанша топқа бөлу керектігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу.

Slide 4

Біртиптік топтау

Мақсаты - біртектес топтарды, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау

Ол келесі тәртіп бойынша жүреді:

1. Алдын-ала пайда болған типтерді, сыныптарды

өзіне тән сапалық белгілеріне қарап анықтап,

белгілеп қою.

2. Топтау белгілеріне қарай анықтау.

3. Жинақталған сандық көрсеткіштерді

белгіленген топтарға бөлу.

Slide 5

Мақсаты - біртектес жиынтықтың

құрылымы мен оның құрамдас

бөліктерін сипаттайтын

көрсеткіштер туралы

мәліметтер беру.

Құрылымдық топтау

Slide 6

Мақсаты - жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін, себептерін зерттеу болып табылады.

Талдаулық топтау

Талдаулық топтау келесідей:

1. Себептік белгілері бойынша құрылады және нәтижелік белгілердің орта шамасы табылады.

2. Әрбір топты сипаттайтын себептік және нәтижелік белгілердің орташа шамасын есептейді.

3. Себептік және нәтижелік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады.

Slide 7

Қайта топтау

Қайта топтау дегеніміз алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі. Алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік жоқ құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда сұрақтарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады

1. Бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру.

2. Әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру қажет болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.

Әдістері

Slide 8

Статистикалық таратпалы қатарлар

Үздікті (дискретті) тек бүтін сандар

Вариациялық қатарлар дегеніміз - жиынтық белгілері бойынша топтап ретке келтіру.

Атрибутты таратпалы қатарлар - таратпалы қатарлар сапалық белгілері бойынша құрылса

Үздіксіз (интервалды) топтастыру белгілі кез-келген мәнді қабылдайды және оның мәні интервал түрінде беріледі

Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптары бойынша топтау

Сыныбы

Оқушы саны

1

120

2

110

3

100

4

80

Барлығы

410

Қызметкерлерді жалақы мөлшері бойынша топтау

Жалақы мөлшері, мың теңге

Қызметкер саны

50-60

30

60-70

20

70-80

80

80-90

20

Барлығы

150

Slide 9

Таратпалы қатарлар бөліктері

Жиілік әрбір топтағы варианттық сандық көрсеткіштермен, яғни сол варианттық сандық көрсеткіштің өз қатарында қаншалықты қайталануын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері болып табылады. Статистикада жиілік «f» әрпімен белгіленеді. Бір варианттың бірнеше жиілік көрсеткіштері болуы мүмкін, варианттың жиілік көрсеткіштері өз мәндеріне қарай бірнеше түрде беріледі: нақты, қатысты, бүтін және бөлшек сан түрінде. Олар варианттың жиілігі болып табылады.

Вариант бұл - топтау кезіндегі статистикалық таратпалық қатарлардың сандық және сапалық белгілері бойынша бөлінуі, яғни статистикалық таратпалы қатарлардың нені зерттейтінін анықтайтын көрсеткіш. Ол статистикада «х» әрпімен белгіленеді. Вариант жағымды, жағымсыз, нақты және қатысты шамалармен берілуі мүмкін.

Slide 10

Статистикалық кесте

Статистикалық кесте дегеніміз-сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Статистикалық кесте-көлденең және тігінен сызылған сызықтың бір-бірімен сәйкесті қиылысуы. Көлденең сызық жол, ал тігінен сызылған сызық баған деп аталады

Элементтері

Бастауыш деп зерттелетін объектіні сандағы суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Ол кестеде сол жақта орналасқан және жолдың мағынасы ретінде беріледі.

Баяндауыш дегеніміз зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштерімен сипатталуы немесе толық мазмұндауы. Ол кестеде оң жақта орналасады және бағананың арты ретінде беріледі.

Slide 11

Статистикалық кесте

Бастауыштың құрылымына қарай кестелердің 3 түрі бар:

Жай кесте

Тізімдік

Хронологиялық

Аумақтық

Топтастырылған кесте

Құрама кесте

Slide 12

Статистикалық кестені құрғанда мынадай ережелерді сақтау керек:

кесте көлемі жағынан шағын болуы керек;

кестенің жалпы аты, бастауыш, баяндауыш аттары қысқа да түсінікті болуы керек;

кестеде көрсеткіштердің өлшем бірліктері міндетті түрде болуы керек;

кестенің жолдары мен бағандарындағы мәліметтердің дәлдік деңгейлері бірдей болуы керек;

кесте торындағы сызықша (-) құбылыстың жоқтығын білдірсе, көп нүкте (. . . ) көрсеткіш туралы мәлімет жоқ екенін көрсетеді;

кестеге байланысты ескертулер кестенің соңында жазылады

Статистикалық кесте

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
СТАТИсКАЛЫҚ мәліметтерді топтау, жинақтау
Статистикалық кестелер
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Статистикалық мә ліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Статистикалық мә ліметтерді жинақ тау, топтау жә не кесте құ ру
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ
Статистика ұғымы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау,топтау және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz