Бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені
Презентация қосу
БАСТАУЫШ МЕКТЕПГІ МУЗЫКА
САБАҒЫНЫІ ТИПТІК
БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК
КЕШЕНІ, МАЗМҰНДЫҚ СИПАТЫ
- болашақ музыка мұғалімінің музыкаға және
мектептегі музыкалық-педагогикалық жұмыстарға
қызығушылығын қалыптастыру;
- өз бетімен музыкалық білім алуға қажеттілікті, алған
білімдерін практикада қолдану;
- жалпы білім беретін мектептің әр сыныптарында
музыкадан бағдарламаларды жүзеге асыруда
оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын,
бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың
әдістемелерін меңгеруге көмектесу;
- Музыканың мәнін мен ерекшеліктерін, оның
әлеуметтік рөлін ашып көрсету;
- Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес
«Музыка» бағдарламасының негізгі мазмұнын,
ұстанымдарын және оқыту әдістерін толық игерту.
Музыка мұғалімінің жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім
негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен
машықтарының дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз
ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын
тұлға. Оқушылардың рухани мәдениетін
қалыптастырудың негізгі компонентінің бірі эстетикалық
тәрбие. Музыкалық эстетикалық тәрбиенің маңызды бір
бөлігі болып табылады. Сонымен бірге тұлғаны білім
арқылы дамуы, тұлғаның танымдылық қабілеттерін және
танымдық жүйені: ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін
арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы
дамытуға, сондай – ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін - өзі
өзектілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын,
танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын молайту,
студенттерге мектептегі музыка мұғалімнің күнделікті
тәжірбиелік жұмысында кездесетін және өте қажет нақты
да жүйелі музыка тарихынан, музыка-теория сыннан білім
беру, осы алған білімдерін музыкалық оқу-үрдісіне
кеңінен дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Тұлғаны білім арқылы дамуы, тұлғаның танымдылық
қабілеттерін және танымдық жүйені: ойлауды,
ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу
және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай
– ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін - өзі өзектілендіру,
өзін - өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын, танымдық
және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын молайту,
студенттерге мектептегі мұғалімнің күнделікті
тәжірбиелік жұмысында кездесетін және өте қажет
нақты да жүйелі музыка тарихынан, музыка-теория
сыннан білім беру, осы алған білімдерін музыкалық
оқу-үрдісіне кеңінен дұрыс пайдалана білуге үйрету
Бастауыш мектептерде музыка
сабағын оқуту жүйесіне көптеген
өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп,
авторлық бағдарламалар, әдістемелік
жинақтар шығармашылық ізденіспен
дамып келеді. Музыка саласындағы
дәстүрлі халық музыка байлығын,
Қазақстан сазгерлері шығармаларын
насихаттау жаңа қырынан алға
қойылып, жаңартылған музыка
бағдарламалары жасалуда.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қанағаттандыра
отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін
дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа
білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай,
оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда
мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру
жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка
сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық сазды
әуендерге бай музыкалық мұраларымызды молынан пайдаланудың
жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеу, оны оқушылардың санасына сіңіру
қазіргі таңдағы мұғалімдердің төл міндеті.
Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В.
Сухомлинский «Өнер — өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал»
-деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да
түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн
әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен
тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу
музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді [2, 12-б]. Оқуға
ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де
музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын
қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығаруда музыка
пәнінің маңызы зор. Өйткені Музыка ырғағы кез келген оқушының сана
түйсігі арқылы ойлау, қиялдау, елестету сынды психологиялық
үдерістерді дамытуына өз септігін тигізері хақ.
Бастауыш мектептің музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі
сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай
жасау, теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене
отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен
инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа,
адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу қажеттілігі туындайды. Осы
адами қасиеттерге тәрбиелеуде ұлттық халық музыкасының алатын орнын көптеген
ғалымдар өз ғылыми еңбектерінда зерделеген. Ғылыми еңбектерге талдаулар жасаған
кезімізде әрбір ғалым өзінің ғылыми жұмыстарында ұлттық музыканың мектеп
оқушысына берер тәрбиесінің мол екендігін баяндаған. Осы тұрғыда бастауыш сынып
оқушысына музыка пәнінің оның тәрбиесіндегі ролі мен маңызы айқындалмақ.
Бастауыш мектеп оқушыларының білім алуында ерекше орын алатын пән музыка өнері
болып табылады. Өйткені, әдемілік пен көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор
роль атқарады. Адамның қоршаған ортасы неғұрлым көркем болса, соның өзі адамды
көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Осы аталған әдемілік пен әсемдік
әлемінен сыр шертетін әуезді ән өнері, кез-келген оқушының пәнге, сабаққа, өнерге
деген қызығушылығын арттырып, көркемдік ой-өрісін дамытып, сұлулық әлемінен тәлім-
тәрбие алуына септігін тигізетін ғылым саласының бірі. Сонымен қатар, ән-саз өнері
оқушылардың рухани дүниетанымын молайтып, өнер құндылықтарын бағалай білуге де
септігін тигізері хақ. Ән-саз өнеріне ден қойған оқушының бойында қатыгездік,
тәртіпсіздік, бұзақылық сияқты келеңсіз қасиеттер кездесе бермейді. Өйткені оқушыны
сезімталдыққа баулиды. Осы негізде ән-саз өнерінің салаларын жеке-жеке зерттеп,
оқыту мәселелерін қарастыруымыз қажет. Зерттеу жұмысымыз өнердің соның ішінде ән-
саз өнерінің жекелеген түрлерін зерттеп, олардың бір-бірімен байланысын,
ерекшеліктерін, заңдылықтарын егжей тегжейлі даралап, салаларға бөліп ажыратып
оны оқушылардың бойына сіңіру қажет деп тұжырымдауға негіз болды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz