Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу



Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
Орындаған: Көкенаев М. М
Тексерген: Омарбеков Е. Е
Тобы: ВС-303

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2. Вакцина және оның түрлері
3. Вакцина дайындау принциптері.
4 Адтюванттар, иммуномодуляторлар.
5 Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
III. Қолданылған әдебиеттер

Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундаудың рөлі:
Вирус- тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады.

Вирустық аурулар - вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер.
Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т. б. аурулар вирус арқылы таралады. Тұмаудың нағызқоздырғышы 1933 жылы анықталды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адамзатқа шешекпен обадан артық болмаса, кем залал тигізбеген

Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады (13. 3 - кесте) . Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды) .

Вирустың инфекциялардан қорғану үшін пассивті иммундау - ол қорғанысы жоқ адамдардың организімінде вирустарды бейтараптау және вирустық инфекцияның дамуын тоқтату үшін антивирустық антиденелерді (поликлональды, моноклональді) енгізу. Вирустық инфекциялар кезінде антиденелер вирустың жасушаға енуін тоқтатады, табиғи киллердің антидене тәуелді жасушалық цитотоксиндылығын күшейтеді, өздігінше немесе комплементтің қатысуымен вирусты бейтараптайды. Сондықтан организмге енгізілген вирусспецификалық антиденелер инфицирленбеген жасушаларды ғана қорғау үшін тиімді, яғни олар тек қана жасушалардан тыс немесе жасуша беткейінде орналасқан вирустарға әсер ете алады. Сондықтан, вирустардың жасушаішілік репродукциялануына және олардың бір жасушадан басқаларына таралуына антидене кедергі жасай алмайтындығына байланысты, инфекция ошағы толық жойылмайды. АД-дің пиноцитоз жолымен қалыпты жасушалар мен қатар вирус жұққан жасушаларға ену қабілеттілігі бар. Бірақ, жасуша вакуоліне түскен вирус-бейтараптаушы АД вирустық АГ-мен кездесе алмайды, және де онымен байланыса алмайды, өйткені олар плазматикалық мембранамен оқшауланған. Осыған байланысты бұл антиденелер лизосомалдық ферменттердің әсерінен пиноцитоздық вакуольдерде бұзылысқа ұшырайды. АД-ді адамдар мен жануарлар қан сарысуы (плазмасы), нақты вирусқа жоғары титрі бар қалыпты донорлық иммуноглобулин, иммундалған донорлардан алынған спецификалық имундыглобулин құрамында немесе моноклональды түрінде енгізуге болады.

Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы ауруларданалдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған. 1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

Вакцина тірі, өлтірілген, химиялық, анатоксиндер, ассоциацияланған болып ажыратылады.
Тірі вакцина - микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналаршешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады
Өлтірілген вакцина - микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.
Химиялық вакцина - микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер - улы өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 - 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған вакцина - 2 - 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтырувакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 - 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Адьюванттардың әсер ету механизмі. «A'dyuvant (LAT Adjuvans, adjuvantis ықпал көмектеседі. ) - 1) антигенді иммуногенндігін арттыратын зат; Кейбір адъюванттарды вакциналарды өндіруде қолданады. (алюминий гидрат соавт. ) ; 2) агент немесе есірткілік заттарды күшін арттырады.
Иммуномодуляторлар - иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі. тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады. Иммуностимулдеуші белсенділікке пробиотикалық микроорганизмдер (бифидо және лактобактериялар) ие, оларды тамақтану өнімдерінің құрамына енгізгенде олар организмнің қалыпты микробиотының балансын қалпына келтіреді және бірқалыпты ұстап тұрады. Иммуностимуляторларды инфекционды және инфекционды емес ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданады.

Құтырық
Бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен аяқталатынауру. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр, түлкі т. б. және адам ауырады. Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып, ауру жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды. Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.

Құтырмның алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит, мысық және басқа жануарлар оқшауланып, ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит, мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.
Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларғавакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамениммундалуға тиіс. Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.

Аусыл
Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Эпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған.

Спецификалық профилактика және иммунитет. Вирустың белгілі бір түрімен ауырған жануарларда оған иммунитет қалыптасады. Иммунитет ірі қара малда 8-12 айға дейін, шошқаларда 8-10 айға дейін, қойларда 18 айға дейін созылады. Бұзаулар колостралдық иммунитеті жақсы болғанына қарамастан, уыз ішпеген болса, оларда екпе антиденелер болмайды. Бұзауларды пассив қорғау 3 айға дейін сақталады. Вирус жұқтыру қаупі бар шаруашылықтарда аусылдан имундық профилактика және вирус қоздырғыштарының оянуынан қорғау немесе қолайсыз аймақтар мен аусыл пайда болу қаупі жоғары зоналарға арнайы инактивацияланған вакциналар дайындалды және қолданылады.
Аусыл ауруы мен оның типтерін зерттеу. Аусылдың жер-жерде кезең-кезеңмен пайда болуы (интервал әр төрт-бес жыл сайын) аусыл вирусының көптеген түрлерін зерттеу және Африка мен Азияда жаңа типтерін анықтау жолымен ғылыми түсінідірілуі мүмкін. Вирустың әрбір ауқымды оянуы жаңа типтің немесе вирустың басқа түрінің пайда болуымен түсіндіріледі. Аусылдың басты ерекшелігі бір сәтте таралуы және жоғары контагиоздығы, бұл жануарларда қарқынды және прогрессивті дамып отырады. Адам аусыл вирусын тек ауру малдан жұқтырады

Аусыл ауруын емдеу.
Әдетте емдеу рәсімін аусыл вирусының тарау ошағы үлкен елдерде өткізеді. ТМД елдері аумағында аусылдың алғашқы ошағы пайда болса, ауру малдарды емдемейді. Аурудың алғашқы кезеңдерінде гипериммундық екпе немесе реконвалесценттер қан (екпе) пайдаланған жағдайда күкірт терапиясы рәсімі тиімді.
Жануарлар арасында ауру мен өлімді азайту, сондай-ақ асқынудың алдын алу үшін ауруларға қызмет көрсету жағдайын жақсартады, оларды жиі суарады, диеталық азық (шөп, ұн быламықтары), дезинфекциялайтын ерітінділер немесе тері мен шырыштық қабаттарды өңдеуге арналған жақпа майлар береді. Жүрекке арналған дәрілер мен антибиотиктер қолданылады, сондай-ақ көктамырға глюкоза жіберіледі. Бұл инфекция анықталған жағдайда індет ошағындағы ауыру мал сауларынан бөлінбей, тұрған жерлерінде емделіп- домдалады. Ауырған мал таза, құрғақ қорада жұмсақ құнарлы шөп, таза сумен қамтамасыз етiлуi тиiс. Аусылдың қоздырушы вирусы iшкi органдар қызметiне зардабын тигiзуiне байланысты, емдi ауырған малдың жүрек қызметiн реттейтiн дәрi беруден бастаған жөн. Әсiресе малдың әлi кеткенде, түрлi қоспа жасап берiледi.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz