Электронды үкімет. e. gov. kz сайтының қызметі туралы ақпарат




Презентация қосу
Электронды өкімет.
e.gov.kz сайтының
қызметі 

Орындаған:Бектұрсын Нұрлыгүл
«Электрондық үкімет»
порталы (www.egov.kz) –
мемлекеттік органдар
қызметіне онлайн режимде
қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
Электрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың
ел үкіметімен тікелей байланысын
қамтамасыз ететін жүйе. Бұл – қызмет
көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы
және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы
қарым-қатынастарды техникалық
құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы
БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз
оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі
веб-порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік
қызметтерді «бір терезе» принципімен
ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың
тәжірибелік механизмі болып табылады.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен
бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасында Электронды
үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік
бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу
жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға
жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың
азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері
сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту,
мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек
қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және
келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке
ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді
мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.
www.e.gov.kz. Веб-порталының
пайдаланушылары екі категорияға
бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген
пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-
порталдың барлық беттерін қарап шыға
алады, бірақ жеке беттерге қатынаса
алмайды.
Жеке беттерге қатынау мүмкіндігіне ие
болу үшін веб-порталда тіркелу қажет.
Жеке бет азаматтарға электрондық пошта,
күнтізбелік жоспарлау, жөнелтімдер,
қатынас құралдарын пайдалануға
мүмкіндік береді.
Электрондық үкімет азаматтарға
мемлекетпен қарым-қатынас жасауды
және мемлекеттік қызметтерге қатынауды
орналасқан орны мен жыл мезгіліне
тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті
күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық
қызметтердің тізімі мен сипаттамасы,
нормативтік-құқықтық ақпарат,
азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік
қызметтермен, комитеттермен және
ведомстволармен ашық та тура сұхбаты
кез келген уақытта бәріне де, әркімге де
ашық болуы тиіс.
 Бұл жерде азаматтар мен үкімет арасындағы
ашық және ыңғайлы қарым-қатынас орнатудың
механизмі саналатын жоба, яғни eGov.kz
порталы туралы ең пайдалы ақпаратпен
бөліседі. Біраз уақыт бұрын бір құжаттарды
жинап, басқаларына сұранып жіберіп жүріп,
мемлекеттік органдардағы кезектермен қош
айтысу мүмкіндігін тіпті армандай да алмаушы
еді. Бірақ eGov.kz порталының пайда болуына
және сәтті дамуына байланысты, азаматтар
неғұрлым қарапайым түрде, интернет арқылы
түрлі анықтамалар мен куәліктерді алуға, өз
бизнестерін бастауға, айыппұлдар мен
салықтарды төлеуге, мемлекеттік органдардың
өкілдерімен танысып, көптеген пайдалы
нәрселерді жасауға мүмкіндік алды.
Пайдаланушылардың ең жиі сұранысына ие
құжаттардың бірі – мекенжай анықтамасы. Онда
мекенжай бойынша тіркелу туралы мәліметтері,
яғни есепке тұру уақыты мен мекенжайы
көретілген мәлімет сақталады. Бұл анықтаманы
бірнеше минуттардың ішінде тегін түрде ХҚКО-
да, сондай-ақ электрондық үкімет порталы
арқылы алуға болады. Оның әрекет ету мерзімі –
алған уақыттан бастап 10 күнтізбелік күн. Өз
ЭЦҚ бар азамат басқа адамның атына бұл
анықтаманы ала алмайтындығын ескеру қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер
https://baq.kz/kk/blog/article/5598

Ұқсас жұмыстар
Электронды өкімет. е. gov. kz сайтының қызметі жайлы ақпарат
Электронды үкімет. Е.gov.kz сайтының қызметі
Электронды өкімет. e.gov.kz сайтының қызме
Электронды өкімет және e.gov.kz сайтының қызметі
Электронды өкімет. e. gov. kz сайтының қызметі туралы ақпарат
Электронды өкімет
Egov.kz сайтының қызметі
Электронды үкімет. Egov.kz сайтының қызметі
Электрондық үкімет порталы мен оның ұсынатын қызметтері
Дәрігердің қабылдауына жазылу қызметінің нұсқамасы
Пәндер