Тұлғаның өзін-өзі дамуы және оқу-тәрбие үдерісіндегі белсенді интерактивті әдістер


Slide 1

Дюсембаева. А Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам - ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам» деп өз дәрісінде атап өткен болатын. ұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі мен әдіснамалық аспектісі мынадай бағыттарда көрініс тапқан:тұлғаның өзін-өзі дамыту механизмінің негіздемесі мен түсіндірмесі (Ф. Перлс, К. Роджерс, Д. Узнадзе, К. Юнг) ; тұлғаның өзін-өзі дамытуын өркендететін негізгі факторларды тексеру, оның әлеуметтік табиғаты мен мазмұны (Л. Божобич, К. Левин, Ж. Пиаже, Э. Эриксон және т. б. ) . Тұлғаның философиялық негізі өзіндік даму субъектісі іспеттес және іс-әрекеттегі тұлға санасын қалыптастыру проблемасын қарастырумен байланысты. (Л. Выготский, А. Леонтьев, Л. Рубинштейн және т. б. ) . Сондықтанда оқу - тәрбие үрдісінде белсенді әдістерді қолдану жеке тұлға белсенділігін арттыруда, өзін - өзі дамытуда ролі зор.

Slide 2

Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттерттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері:

Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

Жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;

Білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс.

Slide 3 Slide 4

Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын практика жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі.

Slide 5 Slide 6

Бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық, және диологтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі.

«Жұптасқан дәріс» әдісі

Slide 7

«Жұптасқан дәріс» әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына даярлықты қарастырайық:

Бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында қарама-қайшылықтары бар тақырыпты таңдап алу;

Дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу материалын уақытқа бөлу және т. б. ) ;

Оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу.

Slide 8

Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар.

Студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;

Студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;

Оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.

Алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді.

Slide 9

Оқытудың интерактивті әдістері.

Интерактив - ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері - дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Slide 10 Slide 11

Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты - тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Slide 12

Бұл әдістің нәтижесінде оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым - қатынасқа түседі:

Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде) ;

Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)

Шағын топтармен (3-4 оқушымен) ;

Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында) ;

Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде) ;

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі танудың тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруындағы рөлі мен шарттары
Өзін-өзі танудың тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруындағы рөлі
Өзін-өзі тану: тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруындағы рөл мен механизмдері
Өзін-өзі тану - тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының негізі
Өзін-өзі тану және тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы: дамудың жас кезеңдері мен оқу-әдістемелік аспектілері
Өзін-өзі тану - тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының негізгі шарты
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты
Адамгершілік құндылықтардың мәні және тұлғаның өзін-өзі тәрбиеленуі
Өзін-өзі тану: тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының педагогикалық және психологиялық шарттары мен құрамдастары
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамуы: этика және тәрбиелік мониторинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz