СТИВ ДЖОБС


Slide 1

СТИВ ДЖОБС

Slide 2

Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs, (Ақпанның 24, 1955 - Қазанның 5, 2011) - американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді.

Slide 3

Өмірбаяны

Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Биологиялық анасы ақ нәсілді американдық Джоан Кэрол Шибле және әкесі сириялық студент Абдулфатта Джандали. Баласын асырауға дауаламаған ата-анасы өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Мектеп кезінде Стив электроникаға қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің болашақ әріптесі әрі серіктесі болатын Стив Вознякпен танысқан. Екі дос бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші компанияны алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа мұндай құралдың табыс көзі болуы мүмкін деген ой келеді.

Стив Джобс пен Билл Гейтс бесінші D: All Things Digital (D5) конференциясында, 2007 жыл

1972 жылы мектеп бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты) орналасқан Рид колледжіне оқуға түседі, бірақ алғашқы семестрден өз еркімен оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң ол калиграфия мектебіне оқуға барып жүреді. Сол оқудың нәтижесінде кейін ол Мас ОS жүйесіне маштабталатын ғаріптерді орналастырады. 70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды жобалайтын Atari компаниясына жұмысқа тұрады.

Slide 4

Стив Джобс Macbook Air презентациясын жасауда

Slide 5

1976 жылы Стив Джобс өзінің мектептен бергі досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple компаниясының жаңа туындыларын негізінен С. Возняк дайындайтын, ал С. Джобс негізінен маркетолог қызметін атқаратын.

Стив Джобс пен Стив Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I болды. Оның бағасы 666 доллар 66 уент болды. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания ІРО арқылы алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды.

Стив Джобс Macbook Air презентациясын жасауда

1985 жылы директорлар кеңесімен арада болған қақтығыстан кейін Стив Джобс Apple компаниясындағы қызметінен босатылды. Сол кезде ол NeXT деп аталатын компанияның негізін қалады. Аталған компания негізінен білім беру саласы мен бизнес нарығында қызмет көрсететін. Дегенмен, 1997 жылы ол Apple компаниясына уақытша атқарушы директор ретінде қайтып келді және бұрынғы екі компаниясын қосты.

Slide 6

Қанатты сөздері

Өзім көтеріп әкете алмайтын компьютерге сенбеймін

12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек

Өз жұмысыңды жақсарту үшін ең бастысы оны жақсы көру. Егер сүймесеңіз, асықпаңыз. Сүйікті жұмысыңызды өз жүрегіңіз көрсетеді

Мен барлық технологиямды тек Сократпен кездесу үшін жұмсар едім

Slide 7

1986 жылы Стив Джобс The Graphics Group компаниясының иесі атанды, кейін оның аты Pixar деп өзгертелді. Осы киностудия үшін Apple Lucasfilm компаниясына 5 млн доллар төледі, ал оның нарықтағы құны 10 млн-ға бағаланған болатын. Мұндай жағдай Джордж Лукастың қаржылай қиындықтарына байланысты мүмкін болды.

2006 жылы Walt Disney Стив Джобстан Pixar акцияларын 7, 4 млрд долларға сатып алды. Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтті. Сонымен қатар Disney компаниясының акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке тұлға болды. Оның меншігіне компанияның 7 пайызы өткен еді.

Apple компаниясы Гинесс Рекордтар кітабына кірді. Стив Джобс жалақысы ең кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық (үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43, 5 млн доллар болатын Gulfstream реактивті ұшығын сыйға алды. Ұшыққа қатысты шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды.

Slide 8

Стив Джобс пен Билл Гейтс бесінші D: All Things Digital (D5) конференциясында, 2007 жыл

Slide 9

2003 жылы ішкі органдарды тексеру кезінде дәрігерлер Стив Джобстың өт жолдарынада онкологиялық ісіктің барын арықтады. Негізінен мұндай дертпен ауырған адамның өмір сүруі екіталай, дегенмен Стив Джобстың ісігі сирек кездесетін дерт түрі болғандықтан ота жасауға мүмкіндік берді.

2004 жылдың тамызында Стив Джобстың бауырын ауыстыру жөнінде операция өтті. Операция (ота) - Швейцарияда өтті. Стив Джобс жоқ кезде компанияны халақаралық сатылым бөлімінің басшысы Тим Кук басқарды[2] .

2004 жылдың қазан айында Стив Джобс операциядан кейін алғашқы рет халық алдына шығады. Калифорния штатындағы компанияның жаңа дүкенінің ашылу салтанатына қатысты.

2008 жылдың қыркүйегінде баспасөз беттерінде Стив Джобстың қатты салмақ жоғалтқаны туралы ақпарат талқылана бастады. Оның себебі дерттің қайта асқынуы деген болжамдар күйшейе түсті.


Ұқсас жұмыстар
Шетелдің атақты кәсіпкері
Компанияның ұраны
Apple Inc
Брендтердің өсуі және құлдырауы
Apple компаниясының SWOT анализы
ЖАҺАНДЫҚ БРЕНД - МЕНЕДЖМЕНТ СҰРАҚТАРЫ
Arduino контролері үшін әзірлеу ортасы және бағдарламалау тілдері
Операциялық жүйесі
Ертедегі есептеуіш техника
1.Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік. 2.Жалпы түрлері 3.Қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz