Педагогикалық процестің заңдылықтары



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті Пән: Педагогика
2015ж.
Орындаған:Закуова Балжан П - 415 Тексерген: Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы

Қарастырылатын сұрақтар:
«Заңдылық», «принцип» деген ұғымдардың мазмұнын анықтаңыз.
Неге мұғалім педагогикалық процесті ұйымдастырудың задылықтары мен принциптерін білуі керек?
Нақтылы жағдаяттар негізінде педагогикалық процестің заңдылықтарының рөлін көрсетіңіз.
Ұстаздар мен оқушылардың іс-әрекетін педагогикалық процестің қай бөліктері көрсетеді?
Әлеуметтік тәжірибенің мазмұны неден тұрады?
Адамзаттың әлеуметтік нормативтік мәдениеті қалай меңгеріледі?
Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктеріне сипаттама беріңіз.

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Оқыту үрдісінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді.
Принцип - латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту үрдісінің принциптері деп атайды. Оқыту үрдісінің бірнеше принциптерін атауға болады: - оқыту үрдісінің мақсаттылық; - оқытудың ғылымилық принципі; - түсініктілік принципі; - жүйелілік және бірізділік принципі; саналылық пен белсенділік принципі; - көрнекілік принципі; - педагогикалық үрдістің бағыттылық принципі.

Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді. Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі - құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі.

Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның processus - қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай іс-әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзаттық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтан да процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.

педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін заңдылықтар анықталады. Сондықтан да педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады: оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады; педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі; педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет; оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырылған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі; педагогикалық процестің қызметі онық жасалуы мен ұйымдастырылуы оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты; педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір бірінен бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар; педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімге бағытталған;

Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс-әрекетті айқындау (затсыздандыру) . Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс-әрекет тәсілдері арқылы жасалғанын анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру) . Іс-әрекет педагогикалық міндеттерді шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың қоғамдық өмірлерін ұйымдастыру мен (экономикалық, құқықтық, саяси этикалық және т. б. ) байланысты және ол әдетте мұра болмайтын жүріс-тұрыстарының әртүрлі формаларында материаланады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz