Компьютерлік вирустар және олардың түрлері


Slide 1

Компьютерлік вирустар. Антивирустық программалар

Орындаған:Көшербай А. М

Тобы: ОЗ-507

Slide 2

Компьютерлік вирус Компьютерлік вирус-бұл арнайы жазылған кішкене бағдарлама, ол басқа бағдарламалар мен файлдарға өзін қоса алады, яғни жұғады, сондай-ақ компьютерлерге түрлі зиян келтіреді. “Вирус” аты биологиядағы сияқты өзінен-өзі көбею қабілетіне сай алынған.

Slide 3

Келтіретін зиянына қарай вирустар 3 топқа бөлінеді.

Қауіпсіз

Әсері бос жедел жадының азаюы, графикалық, дыбыстық сыртқы белгілермен шектеледі

Қауіпті

Компьютер жұмысының нашарлауы немесе қатып қалуына алып келеді

Өте қауіпті

Бағдарламалардң істен шығуына, деректердің жойылуына, қатты дискінің форматталуына алып келеді

Slide 4

Компьютерге вирус жұққанының белгілері мынадай:

Кейбір бағдарламалар істемей қалады немесе қате істейді;

Кейбір орындалатын файлдардың көлемі өзгереді. Бірінші кезекте командалық файлдар;

Процессордың көлемі вирус көлеміне ұлғаяды;

Экранға бөтен таңба, жазулар, дыбыс, видео шығып кетеді;

Компьютердің жұмысы баяулайды және бос жедел жады азаяды;

Кейбір файлдар мен дискілер істен шығады;

Компьютер қатты дискіден жүктелмей қалады.

Slide 5

Вирустардың пайда болу тарихы

Алғашқы компьютер вирусының пайда болуы жөнінде пікірлер өте көп. Белгілісі мынау ғана: компьютерді алғаш ойлап тапқан Ч. Бэббидждің машинасында вирус жоқ еді, ал 1970-ші жылдардың орталарында Univax 1108және IBM 360/370 ЭЕМ-да вирус болды.

Вирустардың пайда болуының алғы шарты ретінде Джон фон Нейманның өздігінен көбеюші математикалық автоматтар туралы 1940-жылдардағы еңбектерін атауға болады.

1962 ж. Америкалық компаниялар Bell Telephone Laborayies инженерлері-В. А. Высотский, Г. Д. Макилрой, Роберт Моррис- “Дарвин” ойынын жасады. Оның ішінде олар алғаш рет вирустық бағдарлама принципін пайдаланды.

Slide 6

Алғашқы “көпшіліктік” компьютерлік вирустар эпидемиясы 1986 жылы өтті, ол кезде вирус Brain көпшіліктің дербес компьютерлерінің дискеттеріне жұқты.

Қазіргі кезде миллиондаған интернет қолданушылары “Windows блокировщиктерінің” эпидемиясына ұшырауда.

DrWeb компаниясының мәліметтері бойынша, шығын жүздеген миллион қаржыны құрайды. Әңгіме компьютерге жұғып, Windows-ты “құлыптап” тастайтын вирус жөнінде болып отыр. . “құлыпты” ашу қолдын алу үшін қысқа нөмірге SMS жіберу керек, сонда абоненттің есепшотынан 1500-3000 теңге алынады.

Slide 7

.

Компьютерлік вирустардың түрлері

Санаттары :

Компьтерлік вирустар

Желілік құрттар

Трояндық программалар

Зомби

Тыңшы программалар

Мобильді вирустар

Пайдалы вирустар

Зиянкес программалар

Хакерлік шабуылдар Тіршілік ортасына қарай:

файлдық вирустар

жүктелу вирустары

Макро-вирустар

Желілік вирустар

Slide 8

Мобильді вирустар

Мобильді вирустар-Бұл ұялы телефондарға жұғатын вирустар. Олар SMS және MMSхабарламалар мен Bluetooth каналдары арқылы таралады.

Бұл вирустардың да мақсаты ұялы телефон иесінің жеке құпия мәліметтерін ұрлау және пайдалану, бөтен телефондарға халықаралық және ақылы қоңыраулар соққызу немесе смс, ммс-тер жөнелттіру арқылы пайда түсіру.

Бұл вирустардың ең көп таралғандары: Cabir, Comwar, Brador, Viver және т. б.

Slide 9

Файлдық вирустар

Файлдық вирустар әр түрлі жолдармен командалық файлдарға кіріп алады, олар орындалатын “. exe”, “. com” кеңейтілімдегі файлдар және осы файлдар іске қосылған кезде бірге белсенді күйге көшеді. Өзі зақымданған файл орындала бастағаннан вирус та онымен бірге компьютердің жедел жадына орналасып, сол жерден өзінің зиянкестік әрекеттерін іске асырады. Мысалы, басқа да файлдарға жұға береді. Ол тек компьютер өшкенде немесе операциялық жүйе қайта жүктелгенде ғана өзінен-өзі жойылып кетеді.

Бірақ файлдық вирустар берілгендер файлын зақымдый алмайды.

Slide 10

Жүктемелі вирустар

Жүктемелі вирустар өзін өзі қатты дисктің жүктеу секторына (нөлдік секторға ) жазып қоя алады. Операциялық жүйені компьютердің қатты дискінен жедел жадына жүктегенде бұл вирустар сияқты әрекет ете бастайды. Командалық файлдарға жұғып, олармен бірге қосылып, зиянкестік әрекеттерін жүзеге асырады, одан әрі қарай жұғады.

Вирус қатты дискінің жүктеу секторын зақымдайды және сол жерден дискет, флеш-карта арқылы бір компьютерден басқа компьютерге жұғуы мүмкін.

Slide 11

Макро вирустар

Макро вирустар Word құжаттары мен Exel электрондық кестелерін зақымдайды. Макро-вирустар деген сол офистік программаларда қолданылатын макрокомандалар арқылы жазылатын программалар (макростар) . Зақымданған құжат өзі жаслған қолданбалы программада ашылған кезде макро-вирус компьютер жадына орналасып алады да, басқа да құжаттарға жұға береді. Жұғу қаупі тек қолданбалы программа жабылғанда тоқтайды.

Slide 12

Желілік вирустар

Компьютерлік желі арқылы таралады және файлдық сервер-мұрағаттардан файлдарды алған кезде жұғады. Желілік вирустардың электрондық пошта және интернет арқылы таралатын түрлері бар.

Желілік вирустардың түрлері көп болады.

Slide 13

Антивирус

(латын тілінен анти - қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) -- Антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғыш программалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды. Ол вирустардың таралуы мен көбеюін болдырмайға арналған программа. Оның жұмыс істеу (сканирование) принципы: Компьютерді(C; D) толық сканированиеден өткізіп, вирутарды табу.

Slide 14

Антивирустық программалар келесі топтарға бөлінеді:


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік вирустар жайлы
Вирустар және антивирустар
Компьютерлік вирустардың түрлері
Вирус түрлері
Компьютерлік вирустар.Антивирустық программалар
Антивирустық программалар туралы ақпарат
Компьютерлік және биологиялық вирустар
Компьютерлік вирустар - антивирустық программалар туралы ақпарат
Компьютерлік вирустар және оған қарсы бағдарламалар
Вирустардан қорғайтын программа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz