Ғылыми менеджмент мектептері


Slide 1

Орындаған: Қаздан Батыл

Тексерген: Жумашбекова С. К.

Тобы : Фи-311.

Ғылыми менеджмент мектептері

Slide 2

Жоспар

1 Кіріспе. Менеджменттің қалыптасуы.

2 Ғылыми менеджмент мектептері

2. 1 Классикалық үлгідегі мектеп

2. 2 Қарым- қатынас және мінез- құлық мектептері

2. 3 Басқару үлгідегі мектеп

2. 4 Процестік әдіс

2. 5. Жүйелі әдіс

2. 6 Ситуациялық әдіс

3 Қорытынды

Slide 3

Менеджмент ағылшын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Менеджмент- бұл кәсіп орынды ұйымдастыру туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде қызметтерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландыру туралы тиімді басқару.

Менеджмент тарихы бірнеше мың жылдықтардан құралған. Осынау ұзақ жылдық тарихы қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік экономикалық қатынастар жүйесіндегі үзіліссіз тәжірибелердің жинақталуына байланысты дамыған.

Менеджменттің бастауы болып ерте замандағы Шумерде жазудың пайда болуымен байланыстырады. Бұның негізгі революциялық жетістігі саудамен айналысатын жоғарғы қабаттағы «көсем кәсіпкерлерді» білімге алып келді. Алғаш басқарушылық революциясы діни коммерциялық атқа ие болды. Сөйтіп осының арқасында басқалары қалыптасты.

Slide 4

Екіншісі б. з. д 1760 жылдардағы әр түрлі әлеуметтік топтар тұрғындарының көптүрлі қоғамдық қатынастарын реттеуде мемлекетті басқарудың заңдар негізін ұстанған Хаммурапи ханның атымен байланыстырылды.

Үшіншісі мемлекеттік басқару әдістерін өндіріс және құрылысты басқаруды реттеуге байланыстыруға бағыттаған Навуходоносор ІІ есімімен байланысты. Төртіншісі ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы Европадағы өндірістің дамуымен және каптиализмнің тууымен байланыстырылған. Бұл кезеңде өндірістің пайдасы мен дамуына басым көңіл аудару басқару қызығушылығын арттырды.

Басқару мәселелерінде жеке білім аумағын енгізу көптеген өндірістерді бәсекелестікке алып келіп, ауқымды өнер кәсіптердің пайда болуына ықпал етті.

Бесіншісі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жиі бюрократиялық деп аталатын басқару революциясына жатқызылады. Басқару аумағының теориялық негізін бюрократиялық концепция қайта құру арқылы басқарудың ірі иерархиялық құрылымын қалыптастырып, еңбек бөлінісін іске асырып, өлшемдер мен стандарттар енгізіп, жауапкершілік пен қызметтік міндеттемелерін қалыптастырды.

Slide 5

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында басқарудың ғылыми негіздерін қалыптасыру мен жинақталған тәжірибелерді ғылыми талдау жұмыстары алғаш пайда болды. Бұл өндірісте өнім өндіру мен табстылыққа деген қажеттілік ірі корпорация түрдегі және акционерлік қоғамы түрдегі ірімасштабты ұйымдарды ауқымды көлемді нарыққа бағыттады.

Кәсіп орындардарда барлық салалардың бірізділігін, жетекшілер мен міндетеме атқарушылардың еңбектерін және өндірісті тиімді ұйымдастыру қажеттілігін туындатты. Бұл үшін ғылыми негізделген тәртіптер, қағидалар мен стандарттар қажет болды. Кәсіп орындарды басқару теориясы мен тәжірибесінің қалыптасуына ХХ ғасырда менеджментпен тығыз байланысты басқа да білім салалары математика, инженерлік ғылымдар, әлеуметтану, психология ғылымдарының жетістіктерге жетуі әсер етті. Бұл салалардың жетістіктері басқаруға әсер ететін жаңа қозғаушы факторларды айқындап, тәжірибе тексерісіндегі келеңсіздік туындататын ескі теориядан бас тартып, жаңашылдық басқаруға әкелді.

Slide 6

Ғылыми менеджмент мектептері (1885-1921) Ф. У. Тейлор, Л. Гилберт, Г. Гантта есімдерімен тығыз байланысты

Ф. У. Тейлор өзінің кәсіп орын процестерін басқару ғылыми тәжірибелерін 1880 жылы Американың Филадельфия қаласындағы «Мидвейл стилл» компаниясында бастады. Негізгі ғылыми менеджмент негіздері 1903 жылғы Ф. У. Тейлордың «Басқару кезеңдері» баяндамасында баяндалған. Тейлордың теориясында қайшылықтар туындағанмен, оның ілімі қазіргі заманғы менеджмент концепциясының теориялық - тарихи қайнар көзі болды.

Slide 7

Г. Ганттың айтуынша, ғылыми менеджментте төменгі өндіріс өнімділігі жұмысшылардың жаңа тәсілдерді қолданбай, ескі тәсілдерді қолдануында, деп мәлімдеген.

Г. Гантт жұмысшылардың алдына қойылатын мақсаттары мен және оларға бөлінетін жұмыстарын, оларға жасалатын жеңілдіктер мен сый- ақының жаңа жүйесін жасады. Ерегрде Тейлордың жүйесі бойынша барлық жұмысшылар бірдей жалақы алатын болса, ал, Г. Ганттың жүйесі бойынша әр жұмысшы өндірген еңбегіне байланысты сыйақы мен жалақы алу жүйесін енгізді. Осы арқылы өндірістегі адамдық фактор негізін қалады.

Slide 8

К. Аджирис көрсетуі бойынша, менеджер ұжымды қатал қадағалап, бақылауда ұстау жұмыс тиімділін арттырады және қызметкерлердің жиі ауысуына шек қояды. Керісінше, Р. Лайкерттің пікірінше, менеджердің ұжымға дегегн сенімділікпен қарауы, ұжымдық конфликті болдырмай, жұмысшылардың жоғарғы тиімді еңбек өнімділігін арттыруда жағымды психологиялық атмосфераны қалыптастырады, деді.

Қарым- қатынас және мінез- құлық мектептері ұжымдағы жекетұлғалық қарым- қатынастарды реттеу тәсілін ұстанды. Оның негізгі мақсаттары- адамдық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, өндірістің тиімділігін арттыру.

Басқа да ғылыми менеджмент мектептері сияқты қарым- қатынас және мінез- құлық мектебі ең тиімді тәсіл деп қарастырылды. Бірақ, бұл барлық жағдайда жоғары еңбек өнімділігіне жетелемейді. Математика және есептеуіш техниканың қарқында дамуы жаңа басқару үлгідегі мектептің қалыптасуына әкеп соқты. Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Осының негізінде басқару ғылымдары немесе сандық ықпал мектептері өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар К. Черчмен, Р. Акоф, Л. Берталанфи, Д. Марч, Г. Саймон, Р. Форестор .

Slide 9

Бұл мектеп жақтастарының пікірлерінше, бұл тәсілді қолдану тиімділігне 4 жағдайды ескеру:


Ұқсас жұмыстар
Менеджмент мектептері
Менеджменттің теориясы мен практикасы
Менеджмент ғылымы
Басқару амалдары және мектептер
Ғылымит менеджмент мектептері
Ғылыми менеджмент мектептері туралы
Менеджмент туралы
Менеджмент басқару туралы ғылым
Менеджмент психологиясы
ПСИХОЛОГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz