Жүрек және қан айналымы патологиясы


Slide 1

Жүрек және қан айналымы патологиясы

Орындаған: Әбілова А. Қ.

Тексерген: Нүркенова М. К.

Slide 2

Жоспар

1 Жүрек және жүректің құрылысы

2Жүректің құрылысы

3 Жүрек және қан тамырлары патологиясы

4 Қан айналым жүйесі

5 Қан айналым шеңберлері

Slide 3

Жүрек

Жүрек (соr) - ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде қанды венадан тартып алып, артерия қан тамырына айдайды. Жүрек кеуде қуысының соол жағындағы алдыңғы, төменгі көкірек аралықта орналасқан. Жүректің пішіні конусқа ұқсайды. Конустың ұшы төменге солға-алға, табаны жоғары-артқа оңға қараған. Жүрек (соr) - ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде қанды венадан тартып алып, артерия қан тамырына айдайды. Жүрек кеуде қуысының соол жағындағы алдыңғы, төменгі көкірек аралықта орналасқан. Жүректің пішіні конусқа ұқсайды. Конустың ұшы төменге солға-алға, табаны жоғары-артқа оңға қараған.

Slide 4

Жүректің қызметі

Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу) . Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады. Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты. Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті. Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т. б. ) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады. Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0, 8-1, 0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0, 8-0, 9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2, 0-4, 2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар.

Slide 5

Жүрек жұмысының кезеңдері

Жүрекшелердің жиырылуы

Қарыншалардың жиырылуы

Үзіліс жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы.

Slide 6

Жүрек аурулары

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония

Slide 7

Жүрек ақауларының түрлері

1 Қолқа қақпақтарының жетімсіздігі

2 Қолқа тесігінің тарылуы

3 Екі жарналы қақпақтың жетімсіздігі

4 Сол жақтағы артивентрикулярлы саңылаудың тарылуы

5 Өкпе артериясындағы айшықты қақпашалардың жетімсіздігі

6 Өкпе артерия құйылысының тарылуы

7 Үш жарналы қақпақ ақауы

Slide 8 Slide 9

Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантмырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады.

Slide 10

Қанайналым жүйесі

Қанайналым жүйесі - денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады

Slide 11

Капилляр

организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырлары

Веналар

қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырлар

Артериялар

қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар

Қан тамырлары

Slide 12

Қанайналымның қызметі

Тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді)

Терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады)

Қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді)

Гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау)

Slide 13

Қанайналым шеңберлері

Slide 14

Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

Үлкен қанайналым шеңбері

Slide 15

Кіші қанайналым шеңбері

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады. Кіші қанайналым шеңбері -> жүректің оң жақ қарыншасынан басталып -> өкпеге қан тартады -> жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады. Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді.


Ұқсас жұмыстар
Перифериялық қан айналым
Жүктілік патологиясы
Жануарлар патологиясы пәні, мазмұны мен міндеті және даму тарихы
Липидтер алмасуының патологиясы
Жүректің қызметі
Жүйке жүйе патологиясы
Жылу реттеу патологиясы
Өткізгіш жүйенің жасушалары және жүрек аурулары
ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Бүйрек патологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz