Батыс гүл трипсі


Slide 1

Тақырыбы: Батыс гүл трипсі

Тексерген: Сагындыков С. Н

Орындаған: Абилкасова А. Д

Топ:ЛД -211

Slide 2

Жоспар:

1. Батыстың гүл трипсі

2. Зияндылығы.

3. Трипстің ең қауіпті зияндылығы

4. Биологиясы.

5. Морфология.

6. Күресу шаралары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Батыстың гүл трипсі - өте көп таралған полифаг. 250ге жуық өсімдікті (мысалы; бегония, хрезонтемаларды, цикломен, георгиняларды, гвоздикада, африкандық маргариткада, архедеяларды, розаларды, африкандық фиялкаларды, герберлерде, пиязда, қызылшада, капустада, қиярда, қызанақта, сәбізде, жабайы шалқанда, жалбызда, баклажанда, сояда, мақтада, қауында, алып асқабақпен жасанды асқабақта, жер жаңғақта, перушкада, алмада, қара өрікте, шабдалыда, тегіс шабдалыда, абрикоста, бедеде, сұлыда, бидайда, жүзімде, құлпынай) зақымдайды.

Slide 4

Зияндылығы. Трипс өсімдік өнімдерін әр түрлі тәсілмен зақымдайды. Тікелей, өнімділігін кемітеді, сапасын төмендетеді (дернәсілдері мен имагосы өсімдіктің жасуша шырынымен қөректенеді) немесе вирустық ауруын тарату арқылы өсімдікті зақымдайды. Өсімдікте трипстің анықталуы пайдалы нарыққа шығуына тыйым салуына себеп болады.

Slide 5

Трипспен зақымдалу белгілері өзгермелі болады. Раушан гүлде, қызыл гүлді герберилерде, немесе қоңырқай түсті гүлдерде ақ жолақтар түрінде байқалады (ақ және сары гүлдерде) . Қатты залалдануы ұрықтың пішінінің өзгеруіне себеп болады. Қияр және бұршақың бұрыштардың ұрықтарының пішінінің қатты өзгеруі пісу кезеңінде байқалады. Жапырақтың зақымдауы өзгермелі, бірақ зақымданған жасушаға ауа кіргеңдіктен күмістенуі қосылады. Әркелкі өскендіктен және жара іздері қалғандықтан ұсқынсыздық пайда болады. Асханалық жүзім жемістерінің жұмсақ жеріне жұмыртқалаған кезде жеміс қабығы жарылып, саңырауқұлақтар пайда болады.

Slide 6

Трипстің ең қауіпті зияндылығы - ауруларды қабылдағыш дақылдарға қызанақ, салат сияқты түрлерге тосповирустарды таратуы. Қазіргі күнде батыс гүл трипсінің төрт түрлі вирусты тарататыны анықталған. Қызанақтарда бұл вирустар теңбілденуіне әкеледі, суыққа төзімділігінен айырады. Вирустар бірінші жастағы дернәсілдерге келеді және кейін дернәсілдер үлкен жастарға өткенде қоректену кезінде өсімдіктер зақымданады. Үлкен жастағы трипстер вирус жұқтырмайды, сондықтан аурудың тасмалдаушысы емес. Аурулардың белгілері жапырақтардың солуынан бастап өсімдіктің қурауына дейін жалғасады. Қызанақта жемісінің сыртқы пішінінің өзгеруі немесе жапырақтарының бүрісуімен байқалады. Вирустық инфекциялар кейбір ауылшаруашылық дақылдарының өнімін толық жойылуға әкелуі мүмкін.

Slide 7

Құлпынай, бұршақың бұрыш және қиярдың трипспен залалдануы дақылдардың тура жоғалтуларға ұшыратады. Басқа дақылдарда зақымдану одан да қауіпті.

Жарпырақтардың зақымдануы немесе вируспен залалдануы өсімдіктің әлсіренуіне және өнімділігін азайтуын тудырады. Кейде барлық дақылдарға теңбілді томаттың солуы вирусын (TSWV) трипс арқылы таратылумен залалданады.

Slide 8

Биологиясы. E. occidentalisынғайлы жағдайлардаүзілмей көбеюі мүмкін. Жылыжайда бір жылда 12-15 ұрпаққа дейін анықталған. Толық айналым жұмыртқадан жұмыртқа аралығы 15 күннен 44 күнге дейін келеді, сәйкесінше 30 ºС және 15 ºС болғанда. Әрбір аналығы 20-40 данаға дейін жұмыртқа салады. Ең жоғарғы өсімталдық 20 ºС болғанда 95, 5 жұмыртқа салуы белгіленген. 15 ºС болғанда жұмыртқа 10 күнде жетіледі, ал 20 ºС немесе 30 ºС болғанда 2-4 күнде жетіледі. Аналығы жұмыртқаны жапырақтың ұлпасында, сабағында, гүлдерінде және жемісінде салады, олар пестицидтерден сол жерлерде жақсы қорғалады. Кейде жұмыртқаны жапырақтың ашық жерлеріне де салуы мүмкін. 2-4 күн өткен соң (25-27º-қа жуық ауа райы температурасында) жұмыртқадан дернәсіл жарып шығады да эпидермисті тесіп, паренхиманың жасушаларынан сөлін сорып алып, қоректенуге кіріседі. Ауа райы 27ºС болғанда дернәсілдің І жастағысы 1-3 күн уақыт ішінде қоректенуді бастайды. Дернәсілдің ІІ жастағысы өте белсенді келеді, олар қоректену үшін көрінбейтін жасырын жерлерді жиі іздейді. Даму кезеңі аяқталған кезде ІІ жастағы дернәсіл топыраққа құлайды да пронимфаға, ал сонан соң нимфаға айналады. Олар өсімдіктің төменгі жағындағы қураған жапырақтардың беткі қабатында немесе тікелей өсімдіктің үстінде орналасады. 1-3 күн өткен соң нимфадан үлкен трипс пайда болады.

Slide 9

Климаттың жылы кезеңінде зиянкес жылыжайсыз да өмір сүруге бейім; табиғатта өсіп-өнеді де қайтадан жылыжайға оралады. Жаңадан пайда болған аналық алғашқы 24 сағат ішінде біршама қозғалыссыз болады. Олар зертханалық жағдайда 40 күнге жуық, тіптен 90 күн де өмір сүруі мүмкін.

Slide 10

Батыс гүл трипсінің дұрыс ұрықталмаған аналығынан, аталықтар пайда болатын жұмыртқалар салады. Ұрықталған жұмыртқалардан аналықтар шығады. Популяцияның азғана санында аталықтар басым болады. Ал популяцияның тығыздығы ұлғайғанда және шағылысуы жиілегенде аналық саны көбейе бастайды да, кейін ақырындап ол аталықтар үлесін көтереді. Негізінде дернәсілдері де және үлкен жәндіктері де агрегаттық мінез-құлқына бейімділігін көрсетіп топтануға кіріседі. Аналықтар аталықтардан көбірек өмір сүреді - 27-45 күн. Ұрықтануы - 300 жұмыртқаға дейін (негізінде азырақ) . Даму шегі +9, 4ºС-ден тұрады. Температураның ең тиімді жиынтығы 14-29ºС аралығында. Жұмыртқадан имагоға дейінгі дамуының ұзақтығы 26-29ºС аралығында - 10 күннен төмен. 25ºС болғанда популяцияның саны 4 күн ішінде көбейуі мүмкін.

Slide 11

Морфология. Имаго. Аналықтарының денесінің ұзындығы 1, 3-1, 9, аталықтарының ұзындығы - 0, 8-1, 1 мм. Денесінің үсті ұсақ мүсінделген, көлденеңінен біткен. Тек белгілі бір жерлерінде ғана, мысалы, арқасындағы қалқанында әлсіз торкөзді құрылымы бар. Басы көлденеңінен, биіктігі мен ұзындығының ара қатынасы 0, 6-0, 7, көздерінің төбесінен аспайды. Мұртшалары 8 бөліктен; 8-ші бөлігі 7-ші бөлігінен 1, 5-2 есе ұзынырақ. Алдыңғы төсі көлденеңінен. Биіктігі мен ұзындығының ара қатынасы 0, 7. Денесінің жан-жағында 10 ірі қылдары (макрохет) бар, ұзындығы 16-18 мк. Денесінің ортасынан бастап артқа қарай қанаты орналасқан. Арт жағында қоңырауға ұқсас екі сенсилы бар. Қанаттары түссіз, ешқандай белгілері жоқ, ұзынша келген, алдыңғы жағында кішкене майысқан, ұштары үшкірленген. Қанаттарының ұзындықтары аналығында 0, 6, ал аталығында -0, 7. Қанатының артқы жағында ұзынша бір талшығы болады. Аяқтары жүгіруге икемді, қалыңдалған жерлері және тісшелері жоқ. Іштерінде 10 бөлікшелер байқалады, аналығында соңғы бөлікшесі конусқа ұқсас, ал аталығында тегіс. Аналығының 8-10 бөлігінде төменге қисайған жұмыртқа салатын үшкір көрінеді, негізінде кішкене шығып тұрады. 8-ші бөлігінің шетінен орташа үлкейткенде айдарша жақсы көрінеді, ол үздіксіз ұзынша өткір тісшелер тергиттің бойынан өтеді. Аналықтардың түстері ашық сарыдан қара қоңырға дейін. Ауаның төмен және жоғары ылғалдылығында қоңыр аналықтар жиі кездеседі деген тұжырым бар.

Slide 12

Аталықтары негізінде боз-сары болады. Жұмыртқасы асбұршақ формалы, аналық жұмыртқа салған бойда ашық түсті, ұзындығы 0, 2 мм. Даму аяғына дейін қоңырқайланады, көлемі 1, 5 есеге ұлғаяды. Дернәсілдің 1 жастағысы - боз түсті, денесінің ұзындығы 0, 5-0, 65 мм; 2 жаста-алтын түстес сары, 1, 2-1, 3. Пронимфа ақ түсті, антенналары алға бағытталған, 1, 2 мм. Нимфа ақ түсті, антенналары арқасына қарай майысқан, 0, 9 ( аталық) -1, 3 мм (аналық) . Пронимфа мен нимфа - трипстердің даму сатысындағы қоректенбейтіндері.

Slide 13

Анықтау және (баға беру) идентификациялау әдістері. Трипстердің саны көп болған жағдайда өсімдіктің жапырақтары мен гүлдерін қарап көзбен оңай анықтауға болады. Сондықтан олар жарық жерлерде гүлдер мен жоғарғы жапырақтарда жиналып тұруды қалайтындығын есепке алу қажет. Трипстерді түйіндер мен гүл қауыздарынан алу қиын болады. Сол үшін өсімдіктерді үнемі үстелдің үстіне алдын-ала ақ қағаз төсеп, қағып-ұрып отыруға тура келеді. Өсімдікте қоректеніп, трипстер өсімдіктердің ұлпаларының бұзылуына, олар күмістенген штрихтану, некрозға, отырып қалуға, түссізденуге, нәжістермен ластануға әкеледі.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Батыстың гүл трипсі
Бидай трипсі
МАҚТАНЫҢ НЕГІЗГІ ЗИЯНКЕСТЕРІ
Сұлы дәнінің құрамы
КӨ КЕНІС ЖӘ НЕ БАҚ ША ДАҚ ЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ
Райхангүл
Түймедақ гүлі
Бүлдіргеннің биологиялық сипаттамасы
Эспарцет биологиялық, морфологиялық еркешеліктері,таралуы, шаруашылыққа маңыздылығы
Көпжылдық шөптер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz