Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдардың педагогикалық мәні


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар

2015ж.

Орындаған:Закуова Балжан П - 415

Slide 2

«Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз» .

Орыс педагогы В. А. Сухомлинский

Slide 3

Бала тәрбиесінде қолданатын бірнеше тәрбие стильдері бар:

1. Авторитарлық

2. Демократиялық

3. Бетімен кетушілік

4. Қамқоршылық

5. Хаотикалық.

Slide 4

Өмірде ата-ананың ең қымбат нәрсесі - өздерінің балалары. Баласы жақсы жағынан көрінсе - мақтанады, жаман жағынан көрінсе - аяп, қимайды. Оның себебі, бала «бауыр еті», «іштен шыққан шұбар жылан» демекші, оны дүниеге алып келген соң, ата-ананың ел алдындағы, отбасы алдындағы парызы өз ұр­пағын өсіру, тәрбиелеу, лайықты білім беру, қоғамға қосу. Айтуға оңай, дегенмен, баланың әлеуметтену процесінен өту жолы біраз уақытқа созылады, соның ең күрделі кезеңі отбасында өтеді.

Slide 5

Бірде ойшыл Конфуцийге «Он ұрпақтан кейінгілердің не көретінін болжай аласыз ба?» деген сұраққа ұстаз: Ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға не қалып жатқанын дәл білсек, оныншы емес жүзінші ұрпаққа да не қалатынын болжап білу қиын емес», - деп жауап берген екен. Осы айтылған ойларды қазіргі отбасына келтірсек, заманға сай, қоғамның өзгеруіне байланысты отбасылардың алдында көптеген қиыншылықтар тұр.

Slide 6

Адам баласын тәрбиелеуде бірнеше құндылық параметрлерін анықтауға болады: гуманистік маңызы бар; нормативтік маңызы бар; ұлттық дәстүрлі маңызы бар. Қазіргі педагогикада осы құндылықтар өз көрінісін толығымен алып отыр. Біздің қоғамда педагогтар, отбасы, басқа да тәрбиемен айналысатын мекемелерде тәрбиенің гуманистік маңызы бар әрекеттерін және нормативтік құндылықтарды ұстаным етеді.

Slide 7

Балаларға жақсы тәрбие берудің түрлі жолдары бар. Ең бастысы - тәрбиенің негізі отбасынан, ананың сүтінен, әкенің қам­қорынан басталатынын ұмытпағанымыз жөн. Ата-аналардың отбасылық тәрбиеде жауапкершілігін арттыру үшін олардың педагогикалық мәдениетін көтеру қажет.

Slide 8

Ұлы Абай «Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел. Алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер, баяғыдай көрінер», - деп дүние бірқалыпты тұрмайтынын, бір ғасыр бір ғасырды ауыстыратынын, ұрпақ ұрпаққа жалғасатынын жырлаған. Қазақ халқының көне мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін ұрпақ тәрбиесіне пайдалану қазіргі ата-аналардың міндеті. Халықтық педагогика - біздің ұлттық болашағымызды, халықтық қасиетімізді баршаға танытатын асыл мұрамыз, ұлттық құндылығымыз. Біз ата-бабаларымыздың ұлттық тәжірибесін пайдалана отырып жас жеткіншектерге отанын, елін құрметтеуге, адал еңбекке, адамгершілікке, білім алуға, өмірге бейімделуге сияқты ізгі қасиеттерге тәрбие­леуіміз қажет. Ұрпақ тәрбиесі - ұлы мұра. Олай болса, отаншыл, елін, жерін сүйетін ұрпақты намысшыл етіп тәрбиелеу күн тәртібінен түспек емес.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Дулатбеков Н. (Жалпы редакциясын басқар­ған) Ювенология. - Астана, 2010. - 35-36б. 2. Семья и родительство -21 век. ( Сборник научных трудов) . - Курган, 2009. -20-22б. 3. Қалиев С., Иманбекова Б. Халық педагоги­касының ауыз әдебиетіндегі көрінісі және оны орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану. -Алматы, 2010. -20-22б. 4. Мырзагелді Кемел. Конфуций даналығы. Астана: «Аударма». 2002. - 51-52б. 5. Құрастырушы Әбдіқалықова Б. Білім беру меке­мелеріндегі суицидтің алдын алу жолдары. Алматы, 2011. -3б.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың рөлі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар мен отбасының рөлі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар: тәрбие сағатының үлгісі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар: бесік тәрбиесінің тарихи, мәдени және педагогикалық маңызы
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар мен мектептегі экологиялық тәрбие
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар: нақыл, қанатты және шешендік сөздердің тәрбиелік маңызы
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар мен қанатты сөздердің этнопедагогикалық талдауы
Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындар мен ойыншықтардың педагогикалық маңызы және таңдау қағидалары
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні және этнопедагогиялық аспектілері
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен өзара байланыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz