Оқыту әдісі туралы ақпарат


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ№2

Тақырыбы: Оқыту әдісі

Орындаған: Т-441 топстуденті

Мұхаметжанова Б. С.

Slide 2

Оқыту әдісі

Дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі

Оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатындағы тәсіл-амалдары

Оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызмет тәсілдері

Мұғалімнің іс-тәжірибиесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты болады

Танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді

Slide 3

Оқыту әдістерін дұрыс таңдап алып қолдану белгілі шарттарға байланысты болады:

Оқытудың мақсат - міндеттері

Пән және берілетін білім мазмұнының ерекшеліктері

Балалардың жас және дара психологиялық ерекшеліктері

Slide 4

1. Әдістер қазіргі мектептегі оқытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс. Білімнің жаңа мазмұнын оқушыларға ұғындыруда оқыту әдістерінің атқаратын рөлі ерекше.

2. Әдістер оқытудың тәрбиелік ықпалын арттыруға көмектеседі. Балалардың жалпы дамуына, ақыл-ой қабілеттерін және дүниетанымның қалыптасуына оқыту әдістерінің жасайтын ықпалы зор.

4. Мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылым әдістерінің элементтерімен таныстыруға міндетті.

3. Оқыту әдістері оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және дербес білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

5. Мұғалімнің әдістерді қолдану шеберлігін озат педагогтардың, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесінен үйреніп отыруы пайдалы.

Оқыту әдістеріне қойылатын талаптар

Slide 5

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.

Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Slide 6

Оқыту әдістері

Сөздік әдістер

Көрнекілік әдістер

Іс-тәжірибелік әдістер

Әңгіме, түсіндіру, кітаппен жұмыс, мұғалімнің ауызша баяндауы, әнгімелесу

Бақылау, көрнекі құралдарды көрсету, кинофильмдер

Жаттығулар және лабораториялық, практикалық жұмыстар, дидактикалық және ұлттық ойындар

Slide 7

Сөздік әдіс

Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі, ол - мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда, сабақты түсіндіруде кеңінен қолданылады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет.

В. А. Сухомлинский «Сөз, ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш сыныптың мұғалімі - ең алдымен тіл маманы»-дейді.

Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға байланысты әрекет жасайды. Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады: түрлі көрнекі және техникалық құралдарды көрсету арқылы, сондай-ақ көркем сөзді пайдалану арқылы.

«Мұғалім балалармен жұмыс істеуде: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек»-деген Ы. Алтынсарин.

Slide 8

Әңгіме әдісіне қойылатын талаптар

әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі

әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы

ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі

әңгіменің әсерлілігі

тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі

мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы

Slide 9

Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар

сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау

себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру

салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;

жүйелілік

Slide 10

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары

ес пен тілді дамытуы

оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;

оқушылардың білімінің белгілі болуы

жақсы диагностикалық құрал

үлкен тәрбиелік күші бар

Slide 11

Көрнекілік әдістері


Ұқсас жұмыстар
Жобалап оқыту технологиясының шығу тарихы
Шұғыла жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Білім берудің құзіреттілік үлгісі
Оқыту процесінің функциялары
Нәтижені талдау Ақпаратты талдау
Жобаның зерттеу міндеттерін кезең - кезеңмен орындау
Оқу дағдылары
Машинамен тексеру
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі
Оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz