Портфолионы ұйымдастыру: мақсаттары, түрлері, құрылымы және бағалау жүйесі

портфолио
Жоспар:
Портфолио туралы түсінік;
Портфолиоға дайындық шаралары;
Портфолионың мақсаты;
Портфолио түрлері;
Портфолионың бөлімдері және мазмұны;
Портфолионың күнделігі және оны жүргізу механизмі;
Портфолионың “салмағы”, оны есептеу жолдары;
Портфолионың жетістіктерін бағалау жүйесі;
Портфолионың жетістіктері және кемшіліктері;
Қорытынды
Портфолио жүргізу технологиясы
1980-83 жылдары АҚШ- та іске асты.
Одан кейін Голландия, Европа, ТМД
елдеріне келді.
2003-2004 жж бастап Қазақстандық мектептер эксперимент ретінде бастады.
Ресейде лицейлік және гимназиялық сыныптардың 2-сыныбынан бастап қолдануда.
Портфолио міндеті:
Тіркеу
Жинақтау
Бағалау
Қорытындылау
Портфолио дегеніміз оқушы немесе мұғалімнің оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл.
Ресей ғалымы - Коджаспирова Галина Михайловна.
“Педагогический словарь”. Россия.
Қаңтар айындағы педагогикалық кеңесте төмендегі мәселелелер талқыланып, бекітіледі:
Алдағы оқу жылында портфолионы жүргізетін оқушы, сынып, мұғалімдер саны нақтыланып, бекітіледі
Мектеп әкімшілігі мүшелері арасындағы жұмыс бөлінісі бекітіледі (Директор - бас бақылаушы)
Әрбір сынып оқушыларымен, ата-аналарымен жүргізілетін оқыту семинар жиналыстарының графигі бекітіледі және сатып алынатын заттар туралы тапсырма беріледі (портфель, жалпы дәптер)
Портфолио және жалпы дәптер бірге жүргізіледі
Алдағы оқу жылының педкеңесінде :
- барлық сынып жетекшілері, әкімшілік мүшелері қаңтар айындағы алған тапсырмалары бойынша есеп береді;
- жыл қорытындысымен жинақтаған рейтингтік қорытындыға сәйкес марапаттау тізімі талқыланады, бекітіледі, көбейтіледі, таратылады;
- оқушы және мұғалімдер саны қайта нақтыланып, бекітіледі;
(Бастауыш сынып мұғалімдері 2, 3, 4 сын. бастап эксперимент түрінде жүргізе алады. Мұғалім міндетті түрде курстан өтеді, оқушы портфолиосын өзі жүргізеді)
Портфолионың мақсаты
- білім алушының білім алу немесе еңбек ету жылдары ішіндегі өзіндік өсуін және қоғамдық өмірдегі жан-жақтылығын айқындайтын шығармашылық
бейнесін көрсету.
Портфолионың түрлері
1. Кәсіптік портфолио (дәрігер, агроном…)
2. Лауазымдық портфолио (лауазым иесі)
3. Шығармашылық портфолио(ақын, жазушы)
4. Тақырыптық портфолио (магистрант, ізденуші мұғалім, оқушы ізденісі-ғылыми еңбек)
5. Қызметтік портфолио
6. Студент және оқушы портфолиосы
Портфолио бөлімдері
І бөлім - құжаттар, көрсеткіштер бөлімі (100 файл) ;
ІІ бөлім - жұмыстар, жобалар (400 файл) ;
ІІІ бөлім - ұсыныстар, пікірлер бөлімі (100 файл)
Диплом
Сертификат
Куәлік
Қорытынды:
оқушылардың білім, білік, дағдыларының ауқымын көрсете отырып, бағалау процесін жеделдету;
оқу мақсаттарын қолдау;
белгілі бір уақыт аралығында оқушының өзгерісі мен өсуін тіркеу;
оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың қатынасын нығайту;
оқу процестерінің сабақтастығын қамтамасыз ету;
өздігінен оқуды қолдау;
оқу мүмкіндіктерін кеңейту;
оқыту процесін зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту;
анықталған нәтижелерге орай дамуды айқындау;
алынған нәтижелерге нұсқау жасау мен бағалауға арналған ортақ тәсілді құрастыру;
оқушылар өз оқуларын еркін бағалай алатын тәсілмен қамтамасыз ету;
оқушылардың дамуын біркелкі қолдау мүмкіндіктері.