Тәрбие әдістері және құралдары



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-Математика факультеті
Математика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Орындаған:Иманмадиева Балжан
Тобы:Т-413
Тексерген:Тұрғанбаева. Б. Ш
Семей-2015ж.
Тәрбие әдістері

Жоспар:
Тәрбие әдістері анықтама
Тәрбие құралдары
Тәрбие әдістерінің түрлері
Пайдаланылған әдебиеттер

Тәрбие әдістері
Тәрбие әдістері - ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т. б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы - тәрбие әрекеттестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарысы (тым кедергісіз болғандықтан даму процесі тоқталадьі), орта дағдарысы (бала айналасы оң әсер туғызудан қалады), зат дағдарысы, сөз дағдарысы, т. б.


Тәрбие әдістерінің түрлері
Әдістер
Анықтама
Сендіру
тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н. К. Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасу ісімен тығыз байланыста қарастарады. Н. К. Крупская: «Балалармен құрғақ сөйлескеннен гөрі, олардың істеп отырған ісіне сенім арттыру керек», - дейді. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н. И. Болдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н. И. Болдырев «Сендіру - баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі», - деп көрсетед
Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі
Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. К. Д. Ушинский: « Тәрбиенің күші адамның жеке басының өнегесіне негізделген, сондықтан да жеке басты тек қана үлгі-өнегемен тәрбиелеуге болады», -дейді. Жағымды үлгі-өнеге арқылы балаларға ықпал етудің психологиялық-педагогикалық негізі оларды басқаның мінез-құлқына еліктеуіне, солардай болуды армандауына әсер ете білуде жатыр. Ол жөнінде ұлы педагог Я. А. Коменский: «Балалар білуден гөрі еліктеуді ерте игереді», -дейді. Оқушылар басқаның аса жоғары идеал іс-әрекетін байқап, бақылай отырып, ерлік, еңбексүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады.

Жаттықтыру әдісі.
Жек бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі - жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы үшін жаттықтыру, қайталап үйрету қажет. А. С. Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттілік дағды мен әдетті сіңіру аса қажет деп санады. Ол: «Мінез-құлық саналы болуы керек, бірақ одан тәрбие ісінде үнемі саналылыққа ғана сүйену керек деген ұғым тумайды. Нағыз этикалық мінез-құлық нормасы саналатын әдет дағдыға, іс-тәжірибеге сіңісіп, мүлде дағдылы әрекетке айналғанда ғана, шынайы мәдениетті адам тәрбиелеуге болады. Сондықтан да балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орнығуы үшін, оны үнемі жаттықтыру керек» - дейді.
Мадақтау және жазалау әдістері
Мадақтау әдісі дегеніміз- тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі Ал, бұған қарама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал. Бұл әдіс баланы өз іс-әрекетіне өзі талдау жасап, өзіне-өзінің баға беруіне бағыттайды. Демек, өзін теріс іс-әрекеттен тежей білуге үйретеді. Олай болса, мадақтау немесе жазалау әдісі оқушылардың адамгершілік сана-сезімінің оянуына, дамуына ықпал етеді . Оқушыны өзіне-өзі талап қоя білуін үйретеді.

Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі
Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз - баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы - мұғалімнің сұрауы және орынды нұсқау беруі. Бұл әдістің ерекшелігі- баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез-құлқын, өзін-өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының арақатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қойған кезде болатын жағдай.
Сана қалыптастыру əдістері
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну) . Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын - сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды.

Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz