Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі мен маңызы



Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі; өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны; отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы; отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы; отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы; отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу; отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы; отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Ә. Назарбаев

Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді. Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.

АТА - АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН, ӨТЕУ - СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы - Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі - Ана тілі деп аталады.

махаббат
Қамқорлық
Сүйіспеншілік
кішіпейілдік
Бірлік
мейірімділік

Туыстық - қанның жақындығы . Жақын және алыс туыстық түрлері бар . Отбасылық қарым - қатынастарды реттеуде жақын Туыстықтың маңызы жоғары . Заңда бекітілген жағдайларда туыстықтың құқықтық салдары болады . Туыстық қатынас - ата-ана мен бала арасындағы қатынасты білдіретін антропологиялық термин. Шығу тегі туыстық қатынастардың жиынтығының саны.

Назарларыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz