Әлеуметтік желілер


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер.

Орындаған: Керменбай Н.

Семей 2015

Slide 2

Компьютерік желі (ағыл. Сomputer network) - барлық құрылғылардың бір - бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі - Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Slide 3 Slide 4

Территориялық таралуы бойынша:

1. PAN (Personal Area Network

2. LAN (Local Area Network)

3. MAN (Metropolitan Area Network)

4. CAN (Campus Area Network)

5. WAN (Wide Area Network)

Slide 5

PAN (Personal Area Network) - персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.

Slide 6 Slide 7

LAN (Local Area Network) - жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді - радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.

Slide 8 Slide 9

CAN (Campus Area Network - кампустық желі) - жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.

Slide 10

MAN (Metropolitan Area Network) - бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.

Slide 11

WAN (Wide Area Network) - глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы - пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.

«Корпоративті желі» термині әдебиетте сонымен қатар бірнеше желілерді біріктіруді анықтау үшін қолданылуы мүмкін, ал ішкі желінің әрқайсысы түрлі техникалық, бағдарламалық және ақпараттық принциптерге негізделіп құрылған болуы мүмкін.

Slide 12 Slide 13

Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) - технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық) . Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.

Slide 14 Slide 15

Электронды поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуға болады. Осы жылы Массачусетк - технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.

Электронды поштаның жалпы дамуы көпқолданушылық жүйелердегі қолданушылардың локальді ара-қатынысының дамуы арқылы жүрді. Қолданушылар mail бағдарламасын қолдану арқылы бір мейнфрейм (үлкен компьютер) шегінде бір-біріне хабарлама жібере алады.

Slide 16

Электрондық поштаның ең үлкен қызмет провайдерлері (қызмет жеткізушілері) :

Yahoo!

MSN

Gmail

Slide 17

Yahoo! (айтылуы - яху!) - дүние жүзіне әйгілі ғалам тор бойынша іздеу жүйесі (5, 88 %) [1] және Yahoo Directory интернет-порталымен бірігіп, интернет әлеміне әйгілі Yahoo Mail электронды пошта қызметін қамтамасыз ететін американ компаниясы. Компания ұраны - Do you Yahoo?.

1994 жылы қаңтар айында Стэнфорд университетінің аспиранттары Дэвид Файло мен Джерри Янг «Yahoo!» компаниясының негізін қалап, 1995 жылы 2 наурызда үлкен корпорацияға айналдырды. Калифорния штатындағы (АҚШ) Саннивейл қаласында компанияның бас кеңсесі орналасқан.

Alexa Internet статистикасы бойынша интернет әлемінде қатысушылар саны бойынша төртінші орынды иеленеді.

Slide 18

XX ғасырдың 90 жылдары MSN, Lycos, Excite және Yahoo! сияқты ең ірі іздеу жүйелері қарқынды түрде дамып, әйгілі бола бастады. Қатысушылар осы порталдарда көп уақытын өткізу үшін көптеген қызықты, жаңа қызметтер енгізіледі.

Slide 19

Gmail (Google Mail-ден қысқартылған, джи-мэ́л немесе гмэйл деп оқылады) - америкалық Google компаниясынан электрондық пошта тегін қызметі. Уеб-интерфейс және POP3, SMTP, IMAP протоколдары арқылы пошталық жәшікпен қолдануға мүмкіндік береді. 2012 жылдың 6 маусымындағы жағдайына сәйкес, әлем бойынша 425 миллион белсенді қолданушысымен Gmail ең кең тараған уеб-негізделген электронды пошта қызметі.

2004 жылдың көктемінде Google қалаушылары Сергей Брин және Лари Пейдж Google-дан электронды пошта жасау туралы шешім қабылдайды. Жоба дайындалуы құпия болып, 2004 жылдың 1 сәуірінде іске қосылды. Сол кездегі басқа электронды пошталарға қарағанда, Gmail көбірек пошталық жәшікке көбірек кеңістік берді (Hotmail және Yahoo! 2-4 МБайт қарағанда 1 Гбайт-қа дейін ) .

Жүйені тарқату үшін, компания мыңдаған кездейсоқ адамдарға оны қолдануға берді. Басында, пошталық жәшікті ашу үшін, пошталық жәшігі бар адамдардан шақыру алу керек болды, немесе АҚШ тұрғындары үшін, SMS текстті хат жіберу қажет болды. Қазіргі уақытта тіркелу бүкіл елдердің тұрғындарына ашық. Бета-нұсқа дәрежесі 2009 жылдың 8 шілдесінде алынды.

Slide 20 Slide 21

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

Slide 22 Slide 23

Facebook ([ˈfeɪsˌbʊk], қаз. Фейсбук) - әлемдегі ең ірі әрі ең танымал әлеуметтік желі. 2004 жылы Марк Цукерберг өзінің серіктестері Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және Крис Хьюзбен біріге отырып Facebook-тың негізін қалаған[1] . Марк Цукерберг 23 жасында өзінің сайтының арқасында әлемдегі ең жас миллиардер болды[2] .

Сайттың алғашқы аты TheFacebook деп аталды және ол тек Гарвард университетiнiң студенттерiне ғана қол жетімді болды, кейінірек Бостон университетінің студенттеріне де жол ашылды, ал содан соң . edu доменіндегі электрондық мекенжайы бар АҚШ-тың кез келген оқу орнындағы студенттер де тіркеле алатын болды[3] . 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларына қол жетімді болды[3] . 2013 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша Facebook-ты пайдаланушылар саны 1, 11 миллиардты құрайды, олардың көбісі мобильді құрылғыдардың көмегімен кіреді. Facebook-тың 2009 жылғы қаржы айналымы 700 млн АҚШ доллларын құрады

Slide 24 Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Интернет қызметтері
Компьютерлік желілер. Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер және Әлеуметтік желілер
Компьютерлік және әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желілер туралы ақпарат
*Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер
ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz