Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

физика-математика факультеті.

Тақырыбы:Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі.

Алгоритм түсінігінің функция түсінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл

және оны орындаушылардың сипаттамалары

тексерген:Рысжанова А. С

орындаган:Толқын Д

Т-311 топ

Slide 2

Жоспары

I Кіріспе бөлім

1. Алгоритм ұғымы, қаситеттері

2. Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:

3. Алгоритм түрлері.

4. Алгоритмнің берілу тәсілдері

ІІ. Негізгі бөлім

1. Алгоритмдік тіл

2. Алгоритм түсінігінің функция түсінігімен байланысы.

III. Корытынды

Slide 3

1. Алгоритм ұғымы, қасиеттері

Алгоритм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т. б. ) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм - математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.

Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды, ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту . т. б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.

Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз - жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.

Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Әл-Хорезми бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.

Алгоритм ұғымы кез-келген программа құру кезінде негізгі орын алады, себебі программа - енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір программалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген. Орындалған командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі болып табылады. Орындаушы ретінде - адамдар және техникалық құрылғылар, яғни роботтар, компьютерлер және автоматтар болуы мүмкін.

Slide 4

Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:

1. Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) - ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған, аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек;

2. Алгоритмнің түсініктілігі - алгоритмді құру барысында оның орындаушыға түсінікті болатындығы ескерілуі керек;

3. Алгоритмнің анықтылығы - алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, орындай алатын болуы керек. Оның үстіне түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.

4. Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі - қарастырылып отырған ақпараттың кез-келген мәндерінде нақты бір ғана тапсырманы емес, соған типтес бүкіл тапсырманы шеше білуі. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі - коэффиценттің кез-келген мәнінде оның түбірін табуға мүмкіндік береді немесе жолда жүру ережесі барлығымызға бірдей.

5. Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс. Егер алгоритм бойынша құрылған сандық программа шексіз есептеулерге әкелсе, онда алгоритмнің талапқа сай жазылмағаны не есептің шешуі жоқ болғаны.

Slide 5

Алгоритмді орындаушылар

АДАМ

РОБОТ

КОМПЬЮТЕР

Орындаушы алгоритмді формальді түрде орындайды

Slide 6

Басы

Кіру R

S:=3, 14*R2

Соңы

S

Шығу S

Slide 7

Алгоритм блок-схемасының басы және соңы

басы

соңы

Блок-схемалардың негізгі белгіленулері

Slide 8

Алгоритм блок-схемасының басы және соңы

басы

соңы

Блок-схемалардың негізгі белгіленулері

Slide 9

кіру-шығу блоктары

Кіру блогы

Пернеліктен кіргізу блогы

кіру

Slide 10

БЛОК ПРИСВАИВАНИЯ

Х:=У+120

ОБРАБАТЫВАЕТ ДАННЫЕ И РАЗМЕЩАЕТ РЕЗУЛЬТАТЫ В ЯЧЕЙКИ ПАМЯТИ С УКАЗАННЫМ ИМЕНЕМ

Slide 11

Шығару блоктары

Баспаға шығару блогы

Шығару

Енгізу-шығару блоктары

Slide 12

шартты тексеру

блогы

Өлшемді

цикл блогы

Slide 13

қосалқы бағдарламаға бару

қосалқы бағдарламаға көшу,

мұндағы N - жол саны қосалқы бағдарламаның басталғанын білдіреді.

Slide 14

Алгоритмдік тіл

Алгоритмдік тіл (ағылш. algorіtmіc - алгоритмдік және language - тіл) - ЭЕМ-мен шығарылатын есептердің алгоритмін бірмәнді түрде жазуға арналған жасанды тіл. Ол белгілер (символдар) жиынтығынан (Алгоритмдік тіл алфавитінен), синтаксистік ережелер мен семантикалық анықтамалардан құралған. Алгоритмдік тілдің негізгі белгілері латын не орыс алфавиттері әріптері, қандай да бір таңбалар мен шартты белгілер болуы мүмкін. Сөздер, сөз тіркестері (фразалар, сөйлемдер) , кестелер мен кестелер жүйесі Алгоритмдік тілдің құрылымы болып табылады. Түсіндіру ережелері ЭЕМ-де аппараттармен жүзеге асырылатын Алгоритмдік тіл машиналық тіл деп аталады. Алгоритмдік тіл табиғи тілден бірмәнділігі мен айқындылығы жағынан ерекшеленеді. Есептеу машинасына Алгоритмдік тілін пайдаланғанда бағдарламалау мен машина жұмысын үйлестіретін арнайы бағдарламалаушы - процессор қолданылады. Ол бағдарламаны енгізу, машиналық, синтаксистік, семантикалық талдаулар, формальды қателерді анықтау, бағдарламаны орындау т. б. жұмыстарды атқарады. Алгоритмдік тілдің бірнеше түрі бар. Олардың кейбіреулері ғана (мыс., алгол, кобол, лисп, Пл/1, Фортран, Паскаль т. б. ) кең тараған.

Slide 15

Алгоритмнің берілу тәсілдері

Алгоритмнің келесі берілу тәсілдерін қарастырайық:

*табиғи тілдегі алгоритм - орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары - қазақ, орыс және ағылшын алфавиті;

*графикалық тілдегі алгоритм - орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары - әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі;

*алгоритмдік тіл - орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары - жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы;

*программалау тілі - орындаушысы компьютер, қажетті құрал-жабдықтары - арнаулы программалау тілінің командалары.

Slide 16

Берілу тәсілдері

Сөздік тәсіл

Блок-схема

Алгоритмдік тіл

немесе бағдарлама

Slide 17

Анықтама. Әлдебір алгоритм көмегімен есептелетін функцияны есептелетін функция дейді. Кез - келген берілген деректерді (үзілісті, дискретті) әлдебір санау жүйесінде натурал сандармен кодтауға болады, онда

Олардың барлық алмастыруы есептеу операцияларының тізбегіне келтіріледі, ал өңдеу нәтижесі солайынша бүтін сан болып қалады. Кез келген алгоритм берілген сандық функция үшін бірдей, оның мәнін есептейді, ал оның элементарлы қадамдары қарапайым арифметикалық және логикалық операциялар болады. Мұндай функциялар есептелетін функциялар деп аталады.

Slide 18

Іс жүзінде алгоритм - функцияны беру әдісі. Ал функция таблица, схема, формула түрінде берілуі мүмкін. Бірақ кейбір процестерде бастапқы енгізілген немесе берілген деректер мен алынған нәтижедегі деректер арасындағы байланысты ұйымдастыратын функцияны құру қиын, күрделі.

1 - бағыт Рекурсивті функциялар - есептелетін функциялар ұғымымен байланысты.

X және Y жиындары бар болсын. X жиынының кейбір элементтеріне Y жиынының элементтері сәйкес келсе, онда Y - те X - тен бөлшекті функция берілген дейді.


Ұқсас жұмыстар
Алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі
Алгоритм күрделілігі
Алгоритм туралы мәлімет
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік
Шешілмейтін алгоритмдер туралы тү сінік. Алгоритм кү рделілігі. Алгоритм тү сінігінің функция тү сінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл жә не оны орындаушылардың сипаттамалары
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі. Алгоритм түсінігінің функция түсінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл және оны орындаушылардың сипаттамалары
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм .күрделілігі. Алгоритм түсінігінің функция түсінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл және оны сипаттамалар
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритмның күрделіліг. Алгоритм түсінігінің функйия түсінігімен байланысы.Алгоритмдік тіл және оны орындаушылардың сипаттамалары
Алгоритмдер туралы түсінік
Алгоритом туралы түсінік. Қасиеттері. Есептеу процесі ұғымы. Алгоритм күрделілігі. Алгоритмнің уақытша күрделілігі. Алгоритмнің теориялық күрделілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz