Адамның діни сеніміне құрмет



Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
Жаратылыстану-математика факультеті
Математика мамандығының Т-413 тобының студенті Молдабаева Азиза Аскерқызы
СӨЖ №3

Жоспар
1. Дін ұғымы
2. Адамның діни сенімі
3. Ұждан - Ислам ғылымының басты танымдық категориясы
4. Қорытынды

«Дін дегеніміз - насихат» деген Пайғамбарымыздың хадисі бар. Идеология дегеніміз де - насихат. Көркем әдебиетті кеңінен насихаттау ғаламтордағы тежеусіз ақпараттар ағынына қарсы қимылдың алыс та болса жақын жолы болып табылады. Қоғамдық өмірде құқықтық нормалар мен 12әлеуметтік-моральдық (діни) нормалардың қайшы келуі жиі кездесіп жатады. Әлеуметтік-моральдық нормаларды сақтау көбіне көп ар-ожданға жүктеледі. Мұндайда қоғамды тепе-теңдікке келтіруде сөз өнері арқылы жүретін ұлттық тәрбие басты роль атқарады. Дін мәселесін тіл мәселесінен бөлек қарастырмау керек. Тілді тірілтсек, дәстүрлі рухани құндылықтарды тірілтеміз. Дәстүрлі құндылықтар ұлттық болмысты, ұлттық мінезді тірілтеді. Қазақ өз мінезіне оралса, ешқашан шетін діни көзқарастарға бой алдырмайды. Себебі қазақ - мәмілегер (толерантты) халық, оның болмысында шетін көзқарасқа бейімділік жоқ. Дін мен дәстүр бірлігі - ұлт болашағының кепілі. Діни мүдде мен ұлттық мүдденің тоғысқан тұсы да осы. Дінаралық келісім мен мәдениеттер үндестігі аясында қол жеткізген ең басты жетістігіміз - жиырма екі жылдық ішкі тұрақтылық ең алдымен мемлекет құраушы қазақ ұлтының рухани тінінің беріктігіне байланысты қалыптасқаны белгілі. Елдік мүддені ту еткен халық ретінде ең алдымен діни-ұлттық бірегейлікке негізделген осы рухани тінді әлсіретіп алмауға күш салуымыз қаж

Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.

Діннің анықтамасы: mеlеgо - қасиеттілік, құдайылық - Абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі.
Дін - күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды

Дінге:
1) діни ілім;
2) діни сезімдер;
3) діни салттар;
4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.
Діннің даму сатылары:
1) табиғи дін - бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді;
2) зандық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етіледі;
3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.

Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, Құдайга деген сенімен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсінікгердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол Құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас - дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.

1) әлеуметтік функциясы - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.
2) адамгершіліктік функциясы - дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.
3) компенсаторлық - адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезендерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.
Діннің функциялары:

Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегі де болмысы бөлек терең шығарма. Шәкәрім осы туындысын: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді . . . Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан - дегеніміз ынсап, әділет, мейірім», - дейді. Бұл - Ислам мәдениетін терең білген данышпанның сөзі.
Ұждан - Ислам ғылымының басты танымдық категориясы. Шәкәрім мәңгі мен бақиды қатар алып ой толғайды. Осы еңбегінің түйінді сөзінде ойшыл ақын: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол - мұсылман жолы . . . », - деген мәнді сөз айтқан. Бұл Шәкәрімнің ғылымдағы терең танымынан туған нақты тұжырым. Ислам мәдениетінің осылай мәңгілігін, жер бетіндегі адамзат атаулыны бауырластыратынын ол анық та ашық айтқан Шәкәрімнің сенімі мен танымын біз қашан Шәкәрім өзінің «Үш анық» шығармасында адам жанының ажалсыздығы, дүниенің түп себебі туралы мәселелерді көтеріп, оған жауап іздеді.

«Үш анықтың» түйін сөзінде адам атаулыны бір бауырдай етіп, екі өмірде де
жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол ислам жолы деуі, Шәкәрімнің дін - Ислам ғұламасы екенін көрсетеді.
Сонымен Шәкәрім «адамзатты бауырластыққа бастайтын жол- мұсылмандық» [3] деп ең алдымен ислам дінінің негізінде дүниетанымды қалыптастыруды, оны адамгершілік тәрбиесінің басты элементі, иман- тірегі ретінде қабылдауды мұрат ете отырып, «Мұсылмандық шартын» жазды.
Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» атты еңбегі 1911 жылы Орынбор қаласының баспасынан алғаш жарық көрді. «Мұсылмандық шарттарын» жазу үшін Шәкәрім ұзақ жылдар бойы араб, парсы тілдердегі әдебиеттерді зерттеген, ислам ілімі сол кезде дүние сырын шын мағынада аша алатын еңбек болатын. Шәкәрімнің «Мұсылмандық шартын» жазудағы мақсаты халқының болашағын ойлағандықтан, халқына діни дұрыс жол, дұрыс бағыт көрсетуге ұмтылысы деп түсінгеніміз жөн. Бұл шығарманың сол кезде де, қазір де маңызы ерекше. Оны XX ғасыр басында қазақ тілінде жарық көрген алғашқы діни оқу құралының бірі деу керек. Ол тұстағы діни кітаптардың басым бөлігі араб, парсы, түрік және татар тілдерінде болатын. Ол тілдерде жарық көрген кітаптарды арнаулы оқу орындарында білім алған мамандар болмаса, жалпы жұртшылық еркін пайдалана алмады. Ал араб, парсы тілдерін жетік меңгерген білім иелері аз еді. Сол аздың бірі, тіпті бірегейі Шәкәрім қажы болатын.

Сондықтан туған халқының алдында зор беделге ие Шәкәрім қажының «Мұсылмандық шарты» ерекше болды. Ол пайдалануға жеңіл, терең біліммен жазылған тамаша туынды. Шәкәрім оны мәніне қарай төмендегідей бес бөлімге бөліп, жүйелеген: 1. Иманның мағынасы және иман сенімі (Исламның мәні) ; 2. Ахлақ (Ислам психологиясы) ; 3. Іс-харекет үкімдері (Сегіз амал) ; 4. Ислам негіздері (ғибадат) ; 5. Қоғамдық қатынастағы шарғи талаптар (Фиқһ ілімінің негіздері) .

Сондай-ақ, бұл бөлімде «Ажал», «Қабір азабы», «Адамның өзін-өзі тануы» тақырыптар және әһлус сүннаға қатысты бірқатар мәселелер қысқа да болса нұсқа қамтылған. Мұнда барша адамзатқа рахым етіп жіберілген хазіреті Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбарымыздың: «Ең жақсы мұсылман - ахлақы (мінез-құлқы) жақсы мұсылман», деген хадисінде айтылған мұсылманның мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, биязылық, сабырлылық, байсалдылық сияқты ішкі мағынауи сұлулықтың да көрініп тұруға тиісті екені айтылған. Шәкәрім еңбегінде осындай маңызды мәселелер көрініс тапқан. Ол кездегі оқыту жүйесінде ахлақ ілімі Ислам негіздерін үйретуден бұрын жүргізілетін. Өйткені тәрбиелік тұрғыдан жетілген мінез-құлық иесі ғана Исламды алып жүру мен таратуда ізгілік жетекшісі бола алатын. Шәкәрім осыны терең түсініп, соның талабынан шыға алған тұлға.
Шәкәрімнің осы еңбегіде басты сөз: әлемді жаратушы Алланы және оның пайғамбары Мұхамед с. а. с. баяндай келе адамға қатысты иманның мағнасын ашады: Иман деген Алла тағаланың барлығына, бірлігіне, онан басқа Алла жоқтығына, Құран сөзінің бәрі шындығына анық ықыласпен нанбақ» [4] . Ол поэзияның үстемдік құдыретін пайдалана отырып иманды кең қолдануға мүмкіншілік беретін мән мағнасын ашады. Шәкәрімнің құдай алдында тақуалығына жұрт көп күмән жасаған еш уақытта ауытқымаған. Шәкәрімнің иманды екеніне сол сол кездегі молдалар да қатты күмән жасап, оны «кәпір» деген. Кез келген даналық қарама-қайшылықтан тұра келе орталықты жағдайды ұстап тұру керек, әйтпесе ол бір жақты фанатизмге айналып кетеді. Шәкәрімнің діни көзқарастары діни әмбебаптылықтан тұрған, ол өз ойында әлемнің бәр діндердің ерекшеліктерін баяндай келе «діндердің түп мақсаты» дейді, сол мақсаты құдайға жету болатын.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz