Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік




Презентация қосу
СРО
Тақырыбы: Шешілмейтін алгоритмдер
туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі.
Алгоритм түсінігінің функция түсінігімен
байланысы. Алгоритмдік тіл және оны
орындаушылардың сипаттамалары
Орындаған: Тайжігітова Мадина
Топ: Т - 313
Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір
программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда
алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.
Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың
бірі. Алгоритм сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген,
адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны
шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің
атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған.
Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден
қолданыла бастағанымен, математикалық теорианың
объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге
байланысты
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады.
Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын
әректтерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз.
Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа жетуде немесе
берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай
әректтер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды
немесе іздеп отырған нәтижені алу мақсатында
деректермен атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін
анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм белгілі
бір реттіліепен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше
қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір қадамы бір
немесе бірнеше қар
апайым операцияларды қамтиды.
Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын
әректтерді дәл және қарапайым етіп жазуды
айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған
мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде
орындаушыға біртіндеп қандай әректтер жасау
керектігін дәл көрсететін нұсқауларды немесе іздеп
отырған нәтижені алу мақсатында деректермен
атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін
анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм
белгілі бір реттіліепен бірінен соң бірі орындалатын
бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір
қадамы бір немесе бірнеше қар
апайым операцияларды қамтиды.
Алгоритмнің күрделілігі – осы алгоритмді есептеу процесінде
қолданылған элементарлы қадамдар саны.

Анықтама. Алгоритмнің уақытша күрделілігі – оны орындауға
қажетті Т уақыты. Ол элементарлы әрекеттер саны мен оны орындауға
кеткен орташа уақыттың көбейтіндісіне тең:T=kt.
t- уақыт орындаушы – машинадан тәуелді болса, алгоритмнің
күрделілігі k-элементарлы әрекеттер тізбегінің санынан тәуелді.
Кез келген күрделі алгоритмдер үшін үш блок-
схема құруға болады:
1. композиция немесе қозғалыс, сызықты
алгоритм;
2. альтернатива немесе тармақталған
алгоритм;
3. итерация немесе цикл, қайталанатын
алгоритм.

Бірінші негізгі құрылым. Композиция немесе
қозғалыс алгоритмі әр кезеңі тізбектей, яғни
сызықты орындалатын есептеу процесін
бейнелейді және ондағы операторлар бір рет
қана орындалады.
Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді,
амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз
тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер
мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір
жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны
қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды.
Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар,
шамалар мен функция атаулары, арифметикалық
белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар
белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды.
Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын
қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал
ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп
атайды.
Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған
амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні
түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау
тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик,
Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын
тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен
пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес,
оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің
өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі
немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және
программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып
табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол
программалау тілін машина тіліне автоматты түрде
аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек,
оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге
бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.
Алгоритмдегі идентификатор – айнымалының
атауы. Иднтификатор лат. әріптерімен,
сандармен белгіленеді.
Программалық тіл – алгоритмді компьютерге
түсінікті мәтін түрінде жазуға араналған
жасанды тіл.
Мыс: Паскаль, Бейсик, СИ, Дельфи, Пролог...
 Интерпретатор – берілген прогамманың
әрбір жолын (командасын) жеке-жеке
аударып отырып орындайтын транслятор
түрі.
Компилятор – бірден барлық программа
мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір
модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол
модульді компьютер жадына қайта жазып
алып, оны кейін тек біздің алауымыз
бойынша орындайды.
Алгоритмдік тілдегі қызметші сөздер:

1. АЛГ – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның
атауының алдында жазылады.
2. БАСЫ және СОҢЫ – қызметші сөздері (begin,
end). Алгоритмнің басы мен соңында жазылады.
3. АРГ и НӘТ – аргументті және алгоритм
нәтижесін жазу үшін қолданылады.
4. ЕНГІЗУ және ШЫҒАРУ – берілгендерді енгізу
және шығару үшін қолданылады.
5. ЕГЕР, ОНДА, ӘЙТПЕСЕ, БІТТІ – қызметші
сөздері (if, then, else, end). Тармақталған командаларды
жазу үшін қолданылады (бітті – команданың соңы).
6. ӘЗІР, ДЕЙІН, ҚАЙТАЛАУ, ЦБ, ЦС – қызметші
сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do). Қайталау
командаларын жазу үшін қолданылады.

Ұқсас жұмыстар
Алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі
Алгоритм туралы мәлімет
Алгоритм күрделілігі
Шешілмейтін алгоритмдер туралы тү сінік. Алгоритм кү рделілігі. Алгоритм тү сінігінің функция тү сінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл жә не оны орындаушылардың сипаттамалары
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм .күрделілігі. Алгоритм түсінігінің функция түсінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл және оны сипаттамалар
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі. Алгоритм түсінігінің функция түсінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл және оны орындаушылардың сипаттамалары
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритмның күрделіліг. Алгоритм түсінігінің функйия түсінігімен байланысы.Алгоритмдік тіл және оны орындаушылардың сипаттамалары
Ежелгі Грециядағы алғашқы математикалық теориялар
Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы
Алгоритмдер туралы түсінік
Пәндер