Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс



Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Орындаған: Оспанова. А
П-225топ

Жоспар:
1. Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары
2. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің концептуалдық келістері
3. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудегі профилактикалық жұмыстар
4. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау

Девиантты мінез-құлықты балалар санының артуы қоғам алдына әлеуметтік педагогтар даярлау мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін қойды. Сондықтан бүгінгі қоғамда девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс істеудің профилактикалық (алдын алу) және реабилитациялық технологияларын кеңінен насихаттау және жетілдіру - басты міндет.

Әлеуметтік педагогикадағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы тиіс:
әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайының алдын алу;
баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;
баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу.

Профилактика - жеткіншектердің мінез-құлқында әртүрлі әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын себептер мен жағдайлардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-
медициналық және тәрбиелік-ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы.

Әлеуметтік ауытқу әртүрлі себептер мен жағдайларға байланысты болғандықтан, профилактикалық шараларды бірнеше топқа бөлуге болады:
бейтараптандырушылық;
теңестірушілік;
әлеуметтік ауытқушылыққа алып келетін жағдайлардың туындауын ескертушілік;
келеңсіз жағдайларды жоюшылық;
профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелерін бақылаушылық.

Реабилитация дегеніміз - баланы қоғамдағы белсенді өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке қайтаруды мақсат еткен шаралардың жүйесі деуге болады. Реабилитацияның бірнеше түрлері анықталған. Олар: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби және тұрмыстық.

Тұжырым:
девиантты мінез-құлықты балалардың қоғамда болуы әртүрлі әлеуметтік ықпалдардың және тәрбие институттарының қызметіндегі олқылықтардың нәтижесінде пайда болады;
девиантты мінез-құлықты балалардың дені өтпелі кезеңге сәйкес келетіндігі олардың азаматтық қалыптасуында әлеуметтік орта тарапынан болған мұқтаждықтарына көмектің дер кезінде көрсетілмеуінен туындайды;
кез- келген қайта тәрбиеленетін немесе қайта әлеуметтік ортаға қайтарылған бала реабилитациялық қамқорлықты қажетсінеді

Ғалымдардың еңбектеріне сүйенетін болсақ, девиантты мінез-құлық екі категорияға бөлінеді:
бұл психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопатологиялық болып келетін мінез-құлық;
қандай да бір қоғамдық және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық

Девиантты мінез-құлық әртүрлі болса да, олар өзара байланысты. Ішімдік, есірткі қолдану, жаулап алушылық және заңсыз мінез-құлықтар бір блокты құрайды, солай жасөспірімнің оның біреуіне тартымдылығы өсуі мүмкін. Заңсыз қылықтар қатты болмаса да, психикалық қалыптың бұзылуына әсер етеді. Кейде девиантты мінез-құлыққа әлеуметтік факторлар (мектептегі қиындықтар, жарақатты өмірлік жайттар, басқа девиантты ортаның ықпалы) сәйкес келеді. Жекедара факторларға - өзіндік бақылау мен өзін-өзі сыйлау деңгейі маңыздылардың бірі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Девиантты құлықтағы балалармен жұмыс жүргізу. Ә. Ғ. Махмутова Қостанай
Google/kz
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz