Қызба патогенезі және қызба сатылары




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым
министірлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Ветеринарлық медицина кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Қызба патогенезі және қызба сатылары.
Қызбаны жіктеу.
Организм үшін қызбаның маңызы.

Орындаған: Қозыханов М.Ә.
ВМ 305
Тексерген:Нурекенова М.К
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қызба патогенезі және қызба сатылары.
Қызбаны жіктеу.
Организм үшін қызбаның маңызы.
Қорытынды.
Қызба
Қызба (лихорадка – латынша febris) –
инфекциялық факторларға және өз тканьдегі
ыдыраған тканьдерге жануар организмінің
қорғану-бейімделу реакциясы. Мұндайда дене
температурасы бірден көтеріледі. Бұл әр түрлі
ауруда, әсіресе инфекциялық ауруларға
шалдыққанда өте жиі байқалатын белгі.
Қызба этиологиясы инфекциялық (экзогендік)
және инфекциялық емес (эндогендік) деп
бөлінеді.
Инфекциялық қызба
Мал организміне бактериялар мен вирустарды ң
енуіне байланысты пайда болады. Қызбаны ң
пайда болуының тікелей себебі – пирогендік
(ыстық жеткізуші) заттардан. Олар
бактерияларда болады немесе организмдегі
клеткалар мен тканьдердегі биологиялы қ,
механикалық, физикалық, химиялық және
сыртқы ортаның басқа да факторлары әсер
етіп, зақымдағанда бөлінеді. Эндогендік
пирогендер құрылымы жағынан полисахаридтер
немесе липополисахаридтер болып саналады, әрі
бактериалдық клеткалардың эндотоксиндеріне
(ішкі уларына) жатады.
Инфекциялық емес қызба
Мал өздігінен жарақаттанғанда, іш құрылысына
қан құйылғанда, жүрек бұлшық еті (миокард),
өкпе, басқа да органдар инфарктқа
шалдыққанда, некротикалық процестер, ісіну
пайда болғанда, операция жасағаннан кейін
тканьдердің асептикалық (микроб жұқпай)
зақымдануынан болады.Бактериалдық
клеткаларға қарағанда организм клеткалары мен
тканьдерінде дайын пирогенді факторлар болады.
Эндогенді пирогендер тиісті патологиялы қ
жағдай тиғанда ғана пайда болады.Инфекциялық
емес қызбаға белоктік, тұздық, фармакологиялық
заттар әсері, нейрогендік және гормоналдық
қызбалар жатады.
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Қызба патогенезінде ең алдымен жылу балансын –
жылу шығаруды және жылу бөлуді реттейтін орталы қ
нерв жүйесінің функциясы бұзылады. Қызба
гипоталамусты, жылуды реттейтін айма қ орналас қан
артқы үшінші сұр төмпешікті тікелей тітіркендіруден
пайда болады. Қызба патогенезіне ми қыртысыны ң да
елеулі ықпалы бар. Қызба патогенезіне ішкі секреция
бездері де қатысады.
Қызба сатылары.
Қызба
даму барысында үш сатыдан өтеді :
1) Температураның көтерілу сатысы
2)Температураны ң жо ғары
деңгейде сақталу сатысы
3) Температураны ң т өмендеу сатысы .
Бірінші әдетте қысқа уақытқа созылатын сатыда дене
теммпературасы тез немесе бірте-берте көтеріледі. Дене
температурасының көтерілетінсебебі: тері тамырларыны ң
тарылуы салдарынан жылу бөліну артып, ал жылу шы ғару
кемиді. Осыдан барып жылу бөліну мен жылу шы ғаруды ң
арасында қарама-қайшылық туып, бұлшық ет діріліне
ұласады – дене суықты сезініп қалтырайды, терісі бозарады.
Қалтырау температураның төмендеп, беткі тамырларды ң
тарылу нәтижесінде терінің нерв ұштарыны ң
тітіркенуінен пайда болады. Сөйтіп, ішкі орта
температурасы мен тері температурасында үлкен
айырмашылық пайда болып, діріл тудырады.
Екінші сатыда, жылу
бөліну мен жылу шығару қатынасы белгілі бір де ңгейде
сақталады. Мұндайда дені сау малдарға қарағанда жылу
бөліну мен жылу шығару аралығындағы баланс едәуір
жоғары деңгейде болады
Үшінші сатыда – температура төмендегенде
жылу шығару күшейіп, ол жылу бөлінуден асып
түседі де, қалыпты жағдайдан едәуір жоғары
болады. Жылу шығарудың күшеюі тердің көп
бөлінуінен және шеткі тамырлардың едәуір
ұлғаюынан да пайцда болады. Содан кейін жылу
бөлу мен жылу шығару, сондай-ақ дене
температурасы калыпты күйіне келеді.
Температураның түсуі не өте тез (кризис), не
баяу, бірте-бірте (лизис) өтеді. Температураны ң
кризистік төмендеуі, әсіресе жүрек-тамыр
жүйелері жетімсіз болған жағдайда, өте
қауіпті, кейде талықсу реакциясы (коллапс)
басталып, мал өліп кетуі мүмкін.
Қызбаны жіктеу.
Температураның көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның
мынадай түрлері болады:
Субфебрильді – дене температурасының 1°С көтерілуі;
баяу өтетін созылмалы бактериалдық инфекцияларда
байқалады;
Біркелкі – дене температурасы 1,5-2°С көтеріледі; жіті
өтетін инфекцияларда байқалады;
Жоғары – дене температурасы 2-2,5°С көтеріледі; жіті
өтетін инфекцияларда байқалады;
Шектен тыс, немесе гиперпирексиялы – дене
температурасы 2,5°С астам көтеріледі. Сепсисте
(жұқпалы микробтың денеге жайылуы), дереу
басталатын аллергиялық реакцияларда, ас қын ған
созылмалы инфекциялық ауруларда байқалуы мүмкін.
Температура қисығының (қисық сызығының) сипатына қарай
қызбаның мынадай негізгі типтері болады.
Тұрақты типтегі қызбада (febris continua) тәуліктік
температураның ауытқуы бір градустан аспайды. Крупозды
пневмонияда, қылауда және басқа да инфекциялы қ ауруларда
кездеседі.
Босаңсу (аурудың қайту) типіндегі қызбада (febris remitens)
ертеңгі және кешкі температураның айырмашылы ғы 1-2°С
шамасында болады. Бұған іш сүзегіні ң екінші жартысында
(адамда), сепсисте және катаральды пневмонияда бай қалатын
температура қисығы (қисық сызығы) жатады.
Ұстамалы типтегі қызбада (febris intermittens) қыс қа уа қытты қ
қызба талмасы (пароксизмдер) қызбасыз кезе ңдермен (апирексия)
біркелкі алмасып отырады. Жоғары температура бірнеше
сағаттай сақталып, содан кейін нормаға дейін т өмендеп,
қайтадан көтеріледі. Температуралық қисы қ сызы қта ғы м ұндай
тип безгекте, туберкулезде, бауыр ауруларында, сепсис
ауруларында байқалады. Ауыл шаруашылы қ малдарында қан
паразиті ауруларында кездеседі.
Жүдету (қажыту) типіндегі қызбада (febris hectica) т әулік
бойы дене температурасы 3-5°С аралығында өзгеріп т ұруы
мүмкін. Туберкулездің жіті формасында, сепсисте кездеседі.
Қайталама типтегі қызба (febris reccurens) ұстамалы
типке қарағанда, қалыпты температура аралы ғында дене
температурасының ұзаұ уақыт көтерілуімен
сипатталады. Бұл әсіресе қайталама сүзекке тән.
Бұрмалама қызбада (febris inversus) – таңертен
температура көтеріліп, кешке жақын бәсеңдейді.
Сепсистік процессте, туберкулезде байқалады.
Нормадан ауытқу типіндегі қызба (febris athypica) әркелкі
ауытқуымен сипатталады. Сепсисте бай қалады.
Қысқа мерзімдік қызба (febris ephemeria) эмоциялық
шошынуда, вакцина, сыворатка, рұқсат етілген аллерген
құйғанда байқалады. Мұндайда температура бірнеше
сағаттан 2 тәулікке дейін көтеріледі.
Қызба кезіндегі ішкі органдар мен жүйелер
функциясының өзгеруі. Қызбаның елеулі белгілеріні ң
бірі – дене температурасының көтерілуі. Сонымен
қоса, қызба ауруында бірқатар органдар мен
жүйелердің фукциясы өзгереді.Орталық нерв
жүйесі тұсында бұзылу байқалып, жылу реттеуі
ауытқиды. Дене қызуының шамадан тыс көтерілуі
орталық нерв жүйесін қоздыруы және кейіннен
тежеуі мүмкін. Вегетативтік нерв жүйесі
жағындағы симпатикалық бөлімінің функциясы
едәуір қозады.Қызба кезінде симпатикалық нерв
жүйесі қозғандықтан жүрек ырғағы жиілейді.
Жүрек қызметінің күшеюі және вазомоторлық
орталықтың қозуы әсерінен қан қысымы біршама
көтеріледі.
Қызба кезінде тыныс алуы жиілейді. Тыныс алудың
жиілеуі тамыр соғудың жиілуімен және дене
температурасының көтерілуімен қатар жүреді.
Тыныс алу тамыр жүйесі мен тер безі функциясымен
қоса жылуды физикалық реттеуге қатысады.
Сондықтан қызба кезінде тыныс алудың өзгеруі –
жылуды физикалық реттеуге бейімдеудің бір түрі
болып саналады. Қызба кезінде лейкоцитарлық формула
өзгереді. Қызбаның бірінші және екінші сатыларында
қандағы лейкоциттер, көбінесе нейтрофилдер мен
эозинофильдер азаяды. Лейкоциттер саны ірі қарада,
уақ малдарда, шошқада бастапқы санынан 60-70
процентке дейін, жылқыда – 35 процентке дейін кемуі
мүмкін.Лейкоциттердің бастапқы азаюымен іле-шала
лейкоциттер 3 тәуліктей көбейеді.
Жұп тұяқты жануарларда қызыл қан
түйіршіктерінде өзгеріс байқалмайды. Ал
жылқыда барлық қызба түрінде
эритроциттердің көбейгендігі байқалады. Сиырда,
шошқа, қойда қызба кезінде СОЭ көбейеді, ал
жылқыда кемиді. Ас қорыту аппаратының
функциясы өзгереді: ас қорыту безінің және өт
секрециясының секрет бөлуі кемиді, ауыз бен тіл
кілегей қабығы кеберсиді, қарын қақпақшасының
түйілуі байқалып, ішектің жиырылып-созылуы
бұзылады. Іші қатып, шіру процесі күшейеді, ішіне
газ жиналып кебеді. Ас қорытуы
төмендегендіктен және азықтың сіңуі
нашарлығандықтан малдың тәбеті болмайды,
қоректік заттарды сіңіруі кеміп, улану байқалады.
Қызба кезінде зат алмасудың бұзылуына әр
түрлі факторлар себепші болады:
Этиологиялық факторлардың, әсіресе инфекция
әсерінің ерекшеліктері;
Дене температурасының көтерілуі;
Белгілі бір дәрежеде қызба кезінде бай қалатын
ашығу, өйткені тәбетінің болмауынан және ас
қорытудың бұзылуынан ауру организм әдеттегіден
азықты аз жеп, шамалы сіңіреді.Мұндайда
көпшілік жағдайда негізгі алмасудың 5-10
проценттік артқандығы байқалады.Углевод
алмасуы артады, әрі өзгереді. Кейде гипер-гликемия
(қан құрамында қант мөлшерінің артуы) өршиді,
алиментарлық глюкозурия (қанттың несеппен
бөлінуі) пайда болады
Май алмасуы едәуір көбейеді, әсіресе инфекциялық
қызбада айқын байқалады. Углеводтың жетіспеуінен
және майдың тотығуынан кемуінен кетонемия және
кетонурия байқалады. Тотығу процесі 20-30 процентке
(80 проценті майлар мен углеводтар ар қылы), газ
алмасу 20-40 процентке артады.Қызба кезінде белок
алмасуы да бұзылады. Несеп пен азот б өлінуі
көбейеді.Жоғары температуралы қызба кезінде
белоктың қатысуы 30 процентке және одан астам
болуы мүмкін. Мұндайда несепте мочевина, аммиак
және креатинин көбейеді.Су-тұз алмасуы да өзгереді.
Зат алмасудың артуы және тотықпаған өнімнің
жиналуы нәтижесінде тканьдерде су іркіледі. Алайда
қызбаның үшінші сатысында жылу шығару күрт
артып, тер бөліну күшейеді де, бүйректен суды ң
бөлінуі көбейе түседі.
Организм үшін қызбаның маңызы.
Қызбаның ең көрнекті белгісі – дене температурасының
көтерілуі. Сондықтан да инфекциямен күресуде қызба
организмнің бейімделу және қорғаныш реакциясы болып
саналады, әрі емдік мәні бар.Қызба кезінде организмде
жоғары жылудың болуы патогенді микрофлораларға,
әсіресе вирустарға қырып-жоятындай әсер етеді. Қызба
иммунитеттің өзгеше емес факторы ретінде әрекет етеді.
Сонымен қоса, жоғары температура алмасу процесстерін
тездетеді, кейбір бейімделі реакциялары күшейеді:
симпатикалық нерв жүйесінің функциясы, фагоцитоз ж әне
иммундық денешік өндіру, гемопоэз (қан элементтеріні ң
жасалуы), бауырдың тосқауылдық және уытқа қарсы
функциясы. Қызба болған сиырдың, қойдың, жылқының
пропердиналық жүйесінің активтілігі, сондай-ақ
инфекцияға төзімділігі артады.
Микроорганизмдер жоғары температура ортасында
антибиотиктерге, басқа да емдік препараттарға
төзімділігінен айырылады, мұның өзі емдеу
тиімділігін жақсарта түседі. Сондықтанда қызба
реакциясын дереу басу инфекция барысын
күрделендіріп, аурудың қайталануына мүмкіндік
туғызады, тіпті ауру малға өлім қаупін тудыруы
мүмкін.Қызба қорғаныш реакциясы бола тұрса да,
организмнің тіршілік әрекетін біршама бұзады.
Оның үстіне температураның шамадан тыс
көтерілуі де, күрт төмендеуі де организмге зиянды
әсер етуі мүмкін.Алайда, қызба реакциясының
кейбір қолайсыз жақтары, жалпы биологиялық
және эволюциялық тұрғыдан қарастырғанда оның
бейімделу-қорғаныш сипатына күмән келтірмейді
Қорытынды
Қорытындылай келгенде қызба кезінде
организмде жоғары жылудың болуы патогенді
микрофлораларға, әсіресе вирустарға қырып-
жоятындай әсер етеді. Қызба иммунитеттің
өзгеше емес факторы ретінде әрекет етеді.
Сонымен қоса, жоғары температура алмасу
процесстерін тездетеді, кейбір бейімделі
реакциялары күшейеді: симпатикалық нерв
жүйесінің функциясы, фагоцитоз және
иммундық денешік өндіру, гемопоэз (қан
элементтерінің жасалуы), бауырдың
тосқауылдық және уытқа қарсы функциясы.
Пайдаланған әдебиет
Т. Сайдулдин «Ветеринариялық індеттану»
Алматы – 1999
Ветеринариялық журналдар 4,8, шығарылым.
2008 жыл.
Патология. Пальцев М.А., Пауков В.С. М,
Медицина, 2008, 1-том, 512-6., 2- том, 4806.
2.Маянский Д.Н Лекции по клинической
патологии. Көмекшіоқуқүралы, «Медицина»,
2007, 4636.
Интернет

Ұқсас жұмыстар
Қызба
Инфекциялық қызба
Қызба (лихорадка – латынша febris)
Жылу реттеу патологиясы
Қызба және оның сатылары
Қызбаның сатылары
Жылу алмасу және Қызба
Жылу алмасу.Қызба
Жылу алмасуды реттеу
ҚАБЫНУ ОШАҒЫНДА ЗАТ АЛМАСУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Пәндер