Тимур Асқарұлы Құлыбаев




Презентация қосу
Тимур Асқарұлы Құлыбаев
Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10
қыркүйек 1966, Алматы) —
қазақстандық кәсіпкер, қоғам
қайраткері, KazEnergy
ассоциациясының төрағасы, Қазақстан
ұлттық экономикалық «Атамекен
Одағы» палатасы президиумының
төрағасы, Қазақстан Республикасы
Бокс федерациясының төрағасы,
«Газпром» РАҚ-ы директорлар
кеңесінің мүшесі.
Өмірбаяны

1966 жылы 10 қыркүйекте Қазақ КСР-і Алматы қаласында
туған. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі
(1983 жылы). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы
бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988 жылы).
«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың
ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру»
(мұнай өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында
кандидаттық диссертация қорғаған (1999 жылы).
1988–1990 жылдар аралығында ҚазКСР Мемелекеттік
жоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер
экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН –
ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.
1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-
техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық
орталығының директоры болып тағайындалды.
Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен
айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен «Алмэкс»
холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі» акциясының бақылау
пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері болатын.
Мемлекеттік органдарда,компаниялар мен қорларда қызмет атқарған
кезеңдерде жеке активтерді басқаруды банк IPO-сын іс жүзіне асыра
алған және оның банктік сектордағы озық ұстанымын сақтап қала
алған жас та болса тәжірибелі менеджерлер командасына (
Григорий Марченко, Александр Павлов , Әнуар Сәйденов,
Қайрат Сатылғанов ) тапсырды.
1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды
бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып
тағайындалды(министр орынбасары құқығында).
1997 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың наурыз айы аралығына
дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994–1997
жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет
меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған мемлекеттік
компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып
қызмет атқарды.
Сол кезеңде «Казахойл» президенті болған Нұрлан Балғымбаев бұл
жөнінде былай деп атап өтеді:
«Халықаралық қаржылық институттармен жұмыс істейтін, жаңа
жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыра алатын адамдар қажет болды.
Мен ойлана келе Құлыбаевты шақыруға шешім қабылдадым. Сол уақытта
Алматыда ешкім де мұнайшы болуға ынталылық танытпайтын. Мен
ұстанымымда тайқымастан нық тұрып, Тимурды үгіттей бастадым. Бұл,
әрине, бүгінгі күнде әдеттен тыс, оғаш естілуі мүмкін. Оның компанияға
келуімен жұмыс жаңа арнаға түсіп, тың идеялар туындап, алдағы уақытта
іске асырылуы тиіс міндеттер қойыла бастады. Біз бүгінде капиталдың
өзара байланыстылығын, әдетте, болуы тиіс құбылыс деп қараймыз, ал сол
кезеңде "несиелік рейтинг", "еурооблигация" деген сөздер қолданысқа енді
еніп келе жатқан, жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер болатын. Құлыбаев
"еуробондтарды" шығаруда ізашар болды. Оның бастамасымен өнеркәсіп
тиімділігін бағалаудың жаңа критерилері мен ресурстарды басқарудың
жаңа формалары пайда болды. Айтпақшы, "Трактебелден" газ
тасымалдаушы жүйелерді және электр энергетикалық өнеркәсіптерді
мемлекетке қайтарудың бастамашысы Құлыбаев болған. - Нұрлан
Балғымбаевпен, Ләззат Қиыновпен және Балтабек Қуандықовпен сұқбат.»
1999 жылдың наурызында «KazTransOil Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы»
ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания)
президенті болып тағайындалды.
2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың ақпанына дейін — «Мұнай-газ тасымалы»
Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз»
компанияларының негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылдың ақпан айынан
2005 жылдың қазан айы аралығында — «Қазақойл» және «Мұнай және газ
тасымалы» ұлттық компанияларының бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық
компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті.
«ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның энергетикалық
секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік негізгі компанияларды
біріктірген «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының
қазақстандық ассоциациясы ЗТБ-ны құруға бастамашы болды және оған басшылық
жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің қаржылық және энергетикалық
саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ие болды.
2005–2006 және 2007–2008 жылдары өзінің жеке бизнесін қоғамдық қызметімен
қатар алып жүрді.
2006 жылдың сәуір айы мен 2007 жылдың тамызы аралығында «Мемлекеттік
активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма
төрағасының орынбасары болып істеді. Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және
«ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды.
Отбасы
Әкесі Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы (1937 жылы туған),
техника ғылымдарының докторы,
Халықаралық инженерлік академияның академигі, қоғам
және мемлекет қайраткері, Қазақстан Бейбітшілік және
келісім кеңесінің төрағасы, Қазақ бас сәулет-құрылыс
академиясы қамқоршылар кеңесінің төрағасы.
Ағасы — Талғат Құлыбаев — генерал, ҚР ІІМ.
Зайыбы Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы — ҚР
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы (1967
жылы туған). Forbes журналына шыққан дүние жүзіндегі
миллиардерлер тізіміне Орталық Азиядан енген жалғыз
әйел (2011 жылдың наурыз айында оның жеке өзінің
дәулеті 1,3 миллиард долларға бағаланған).
Үш баласы бар: ұлы Алтай (1990 ж.т), қыздары Дениза
(2004 ж.т) мен Алишия (2010 ж.т ).
Қызықты деректер
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. Хоббиі — гольф, тау
шаңғысы, футбол.
Тимур Құлыбаев спортқа әуес, әсіресе, ол гольфтен
халықаралық турнирлерге қатысқан. Спортсмендер мен
тренерлерді қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін тұрақты
инвестициялар ала отырып, ірі қалалардағы спортзалдарды ғана
емес, сонымен бірге Қазақстанның өзге өңірлеріндегі
спортзалдарды да жабдықтай отырып, оның басшылығымен
Қазақстан бокс федерациясы белсенді дами бастады.
Мен бала кезден спортпен дос болдым. Спортқа деген
қызығушылығымды арттырған әке-шешем, әсіресе әкем. Ол кісі
кезінде бокстан спорт шебері, Қазақстан чемпионы болған.
Ағаммен бірге спортпен үнемі айналыстық. Спортпен
шүғылданғаным ерік-жігерімді қалыптастырды, өз-өзімді ұстай
білуге дағдыландырды. Мінез-құлқымды шынықтырып,
жеңебілушілікке ынтамды арттырған спорттың бизнестегі
жетістігіме де әжептәуір әсері бар сенімді түрде айта аламын.
Пайдаланылған
әдебиттер
1.Wikipedia.org
2.Referat.nur.kz
3.Bigox.com
Назарларыңызға рахме

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ең дәулетті тұлғалары
Тимур Асқ арұ лы Құ лыбаев
Қазақстан Республикасындағы ең дәулетті адамдардың бірі
тимур құлыбаев
Қазақстандағы ең бай бес адамның тізімі
Қазақстандағы ең бай адамдар және Болат Өтемұратов
Қазақстандағы кәсіпкерлер
Осінен айналысы шапшаң
Қазақстандағы ең дәулетті адамдар
Жер тобындағы планеталар
Пәндер