Дарынды оқушылармен жұмыс: психолого-педагогикалық әдістемелер мен ұйымдастыру


Slide 1

Дарынды балалармен

тәрбие жұмысы

Slide 2

Ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» маңызы

барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.

жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек

Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс

Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.

Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр.

Slide 3

Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.

Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.

Данышпандық - дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.

Дарынды бала - белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

Slide 4

- Өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

Дарынды балалардың белгілері:

- көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

- білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Slide 5

Дарынды балалардың міндеттері:

- Мұғалімнің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі;

- Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі тану арқылы білім алуы

- Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы;

- Мұғалімнің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы;

- Оқушылардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі;

- Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;

- Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу.

Slide 6

Дайындық кезеңі

Сараптамалық

Ұйымдастырылған-әрекеттік;

Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.

Дарынды балалармен жұмыс стратегиясы

Slide 7

Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар:

жақсы тілектес және сезгіш болуға;

дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;

зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;

қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;

дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;

пысық және белсенді мінезді болып келуге;

әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек) ;

икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;

шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;

дені сау және өмірде тұрақты болуға;

дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.

Slide 8

Эксперименттік бағыт:

Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.

Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.

Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психолого-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында және қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Ғылыми-әдістемелік бағыт:

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдар жиынтығының жасалуы.

Ғылыми-зерттеушілік бағыт:

Дарынды балалар диагностикасының өткізілуі.

Дарынды балаларға білім беру және тәрбиелеу жағдайының диагностикасы.

Дарынды балалар туралы мәліметтер жиынының жасалуы.

Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі. Үйлестіруші бағыттар:

Slide 9

Дарынды балаларды тәрбиелеудегі мәселелер:

1. Оқушылармен осы бағытта жұмыс істейтін педагогтарды ғылыми-әдістемелік қолдаудың әлсіздігі.

2. Мұғалімдердің оқытуды жекелеп өткізуге дайын еместігі.

3. Қабілетті және дарынды балаларды психолого-педагогикалық жағынан сүйемелдеп отыру мәселе болып қала бермек.


Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыс жүйесін ұйымдастыру: әдістемелер мен қолдау шаралары
Тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс: психолого-педагогикалық тәсілдер мен алдын алу
Дарынды мектеп оқушыларын анықтау және дамыту: психолого-педагогиялық әдістемелер, диагностика және қолдау
Дарынды оқушылармен жұмыс: анықтау, бағалау және дамыту әдістемелері
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс: мұғалім ұсынатын тапсырмалар мен анықтау әдістері
Дарынды балалардың психолого-педагогикалық ерекшеліктері және білім беру үрдісіне қосудың жолдары
Бастауыш сыныптарда жобалау технологиясы арқылы оқушылармен жұмыс ұйымдастыру
Қиын оқушылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: қызметті жаңғырту тәжірибесі
Қиын оқушылармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық жұмыс және отбасының рөлі
Тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz